Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі
ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»; Квалификациясы: «Жалпы практика мейірбикесі»
Мамандығы: 0304000 «Стоматология »; Квалификациясы: «Дантист»;
Мамандығы: 0307000 «Ортопедиялық стоматология»; Квалификациясы: «Тіс технигі»
Мамандығы: 0308000 «Медициналық оптика»; Квалификациясы: «Медицина оптигі»
Мамандығы: 2942002 «Монтаж, техникалық қызмет көрсету және медициналық техникаларды жөндеу»; Квалификациясы: «Техник-электроник»
Теориялық сабақ: 72 сағат
Барлығы: 72 сағат
Курс:1
Семестр: 1, 2
Бақылау формасы: диф/ сынақ, 2 семестр
Құрастырушының аты-жөні | Қызметі | Қолы |
Талғат Н.Б | физика пәнінің мұғалімі |
Алматы 2016 ж.
Оқу бағдарлама «Физика» пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 0304000 - «Стоматология»,030200 - «Мейірбике ісі», 0307000 «Ортопедиялық стоматология», 0308000 «Медициналық оптика», 2942002 «Монтаж, техникалық қызмет көрсету және медициналық техникаларды жөндеу» мамандықтарына арнайы жасалып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылдың 5-ші тамызында № 604 бұйрығында бекітілген.
Оқу бағдарламасы жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік- экономикалық пәндер бөлімі отырысында қарастырылып бекітілді.
Протокол № ___ «____» ________ 2016 ж.
Бөлім менгерушісі _________________ Асжанова М.А
Оқу бағдарламасы жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік- экономикалық пәндер бөлімін қадағалайтын циклдық әдістемелік комиссия отырысында қарастырылып бекітілді.
Протокол № ___ «____» ________ 2016 ж.
Циклдық әдістемелік комиссияның төрайымы ______________ Асжанова М.А.
Оқу бағдарламасы әдістемелік кеңес отырысында қарастырылып бекітілді.
Протокол № ___ «____» ________ 2016 ж.
Әдістемелік кеңес төрайымы _______________ Жантелиева Л.О
Бағдарлама
Кіріспе
Физика табиғат туралы, денелер мен құбылыстардың ең қарапайым және сонымен қатар ең жалпы қасиеттері туралы ғылым. Ол табиғаттың сансыз көп құбылыстарында орын тебетін әлемнің ең жақын заңдылықтарын анықтайды. Физика білім алушының мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейте және көбейте отырып, оның дүниетанымын қалыптастырады және дүниетанымдық құндылықтар шкаласында бағдар бере алады.
Физика ғылымы ие болып отырған ғылыми, техникалық және гуманитарлық потенциалдар физиканың техникалық және кәсіптік білім берудегі алатын рөлін мәнді ете түседі.
Физика табиғат туралы, денелер мен құбылыстардың ең қарапайым және сонымен қатар ең жалпы қасиеттері туралы ғылым. Ол табиғаттың сансыз көп құбылыстарында орын тебетін әлемнің ең жақын заңдылықтарын анықтайды. Физика білім алушының мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейте және көбейте отырып, оның дүниетанымын қалыптастырады және дүниетанымдық құндылықтар шкаласында бағдар бере алады.
Пән мақсаты
· физика ғылымының негіздері болып табылатын негізгі ұғымдарымен, заңдарымен және теорияларымен таныстыру;
· білім алушылардың санасына қоршаған әлемнің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру;
· кәсіби және арнайы біліктіліктерін дамыту үшін теориялық база құру;
· физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу;
· білім алушының логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2.3 Оқыту міндеттері:
· эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар және олардың қосымшалары жайлы білімді қалыптастыру;
· физика ғылымының негізгі әдістері – теориялық және эксперименттік әдістерін таныстыру;
· материя құрылысының біртұтастығын, табиғаттың іргелі заңдарының әмбебаптығы мен олардың қолданылу шекарасын көрсету;
· білім алушылардың ғылыми дүниетанымын дамыту;
· білім алушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқу пәнінің жоспарланған нәтижесі
Студент білуі керек:
- физикалық заңдылықтарды;
- Күн жүйесінің құрылымын;
- МКТ-ның негіздерін;
- идеал газ теңдеуін;
- газ, сұйық, қатты заттардың қаиеттерін ;
- электрлік өрісті;
- металдардағы, электролиттердегі, газдардағы, вакуумдегі және жартылай өткізгіштегі электр тогын;
- магнит өрісін;
- электромагниттік индукцияны;
- жарықтың кванттық қасиеттерін;
- Эйнштейннің салыстырмалы теориясын;
- Бор постулаттарын;
- атом ядросының құрылысын;
- ядролық күштерді;
- радиоактивті сәулеленуді;
- энергетиканы;
- теромядролық синтезді;
- біздің Галактиканы;
Қолдана білулері керек:
- ішкі энергияны есептеуді;
- жылу двигателінің ПӘК-ін;
- тұрақты токтың заңдарын қолдануды;
- айнымалы токты есептеуді;
- электромагниттік тербелістер мен толқындарды кескіндеуді;
2.5 Пәннің пререквизиттері:
Химия, астрономия, жаратылыстану
2.6 Пәннің постреквизиттері:
Физиологиялық оптика, электротехника, оптикалық құралдарды жөндеу технологиясы