Алименттік қатынастар
Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;
• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);
• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
Алименттік қатынастар -заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалакысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалакысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға — уиітен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін— тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.
Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 1/4 бөлігінің орнына 1/6 бөлігін өндіріп алуды белгілейді.
Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді.