Емтихан сұрақтары. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттің ерекше айналымы
2. Бюджеттің қызмет етуінің экономикалық жэне ұйымдастырушылық формалары
3. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
4. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері
5. Экономиканы басқару ретіндегі мемлексттік бюджеттің рөлі мен мәні
6. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі біоджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқа да каржылық құралдар арасындағы ролі
7. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау құралы ретіндегі ролі мен мәні
8. Қаржылық ресурстарды бөлудің сандық және сапалық сипаттары
a. Бюджеттік жүйенің түсінігі және экономикалық мазмұны. Бюджет түрлері мен деңгейі
9. Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
10. Бюджеттік құрылым. Бюджеттік қатынастар мен бюджетаралық байланыстар
11. Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні және құрамы. Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
12. Бюджет түсімдерін жіктеу
13. Бюджет шығыстарын жіктеу.
14. Бюджеттік бағдарламаларды жэне олардың әкімшіліктерін анықтау.
15. Бюджеттік бағдарламалардың түрлері.
16. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың рөлі және мақсаттары
17. Бюджетті жоспарлау принциптері. Жоспарлауда қолданатын норма мен нормативтердің ролі және мәні
18. Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері
19. Мемлекеттің орта мерзімді фискалдық саясаты
20. Бюджет түсімдері және олардың көздері
21. Бюджеттің салықтық жэне салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мәні
22. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
23. Салық түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы
24. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар тусімдерін болжау
25. Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық тусімдерін болжау
26. Ерте берілген несиелерді өтеу мен мемлекеттік кепілі бар және үкіметтің кепілінде төленген талаптардан түсетін түсімдерді болжау
27. Бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны мен жүйесі. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері
28. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге жұмсалатын бюджет шығыстарын қалыптастыру
29. Қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, соттар мен прокуратураға арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
30. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы. Білім беру мекемелерінің типтері мен түрлері
31. Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
32. Кадрларды кәсіби дайындау және жоғары білім беруді қаржыландырудың жаңа қадамы
33. Білім беру мекемелерін байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
34. Мемлекет кызметкерлері емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Білім беру мекемелеріндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеу ерекшеліктері
35. Денсаулық сақтауға арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру коздері. Медициналық мекемелердің қызметін жоспарлау және каржыландыру
36. Халықтыц денсаулығын сақтауға арналған шығындар, ауруханалар мен емханаларды қаржыландыру. Мамандырылған медициналық жәрдем корсету бойынша шығындарды қаржыландыру ерекшеліктері
37. Мемлекеттік қызметкерлер емес мемлекеттік мекемелер жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесі. Денсаулық сақтау мекемелер қызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
38. Зейнетақы төлеу аумағындағы бюджеттің рөлі мен мемлекеттің саясаты. Зейнетақымен қамтамасыз етудегі бюджет шығыстарын қалыптастыру
39. Қазақстаи Республикасыныц азаматтарын элеуметтік қорғау. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақылар. Мемлекеттік арнайы жэрдемақылар. Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар
40. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
41. Әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерінің шығындары және олардың кызметкерлерінің еңбекақы төлеу ерекшеліктері
42. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Глоссарий
Мемлекеттік бюджет курсын оқитын студент экономикалық және басқарушылық терминдерін сауатты меңгеруі қажет. Төменде берілген глоссарий қажетті барлық терминдер мен анықтамаларды құрайды. Берілген анықтамалар мен терминдерді оқу, басқару қызметінің теориясын тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.
1) Бюджет — ол мемлекеттің міндетгері мен функцияларын іске асыруын қаржылык қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры
2) Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады
3) Ынтымақтық принцип- бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді.
4)Толығу припципі- бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен карастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды.
5) Шынайшылық принципдеген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардын әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдык саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі.
6) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
7) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
8) Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халык арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастардеп атайды
9) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы; теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
10)Варранттар – туынды бағалы қағаз, олар белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде эмитенттің акцияларды сатып алуға жеңілдікті құқығын білдіреді.
11) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); вексель бойынша төлемдер;
12) своптар – ұқсас бағалы қағаздарды сатып алу-сату процесі, оның ең басты мақсаты осы екі операцияны бір уақытта жүргізіп салық толеуді азайту, ол сатып алу-сатудағы пайыздық айырмаға бағытталған.
13) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар;
14) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;
15) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
16) дивидендтер- акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiнтабыстар;
17) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
18) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;
19) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
20) форвард– нақтылы тауарға жасалатын мәміле, туынды бағалы қағаз түрі.
21) фьючерс – биржада жасалатын сатып алу-сату жөніндегі мерзімдік мәміле.
22) депозиттік қолхаттар – банкте сақтаулы тұрған құндылықтардың бар екенін растайтын, салымшының депозитке не өзге құндылыққа деген құқығын растайтын құжат.
23) андеррайтер– бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаз шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы.
24).орталық депозитарий – бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарымен мәмілелер тіркеуді, депоненттердің (олардың клиеттерінің) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалдау мен сақтауды, тиісті лицензиялы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы.
25) кастодиан – бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиеттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиеттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады.
26)мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттің ішкі борыштарының болуының мысалы, эмитенті мемлекет болып табылатын борышқорлық бағалы қағаз. Мемлекеттік бағалы қағаздар арасында көп тарағаны қазынашылық вексельдер, міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигциялары.
27) бағалы қағазар нарығы – шарушылық жүргізуші субъект, мемлекет айналысқа шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бір бөлігі.
28) дивидендтер – акциялар бойнша төленуге тиісті табыс.
29 инвестициялық бағалы қағаз – капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаз. Оған акциялар, облигациялар, фьючерстік келісімшарттар жатады.
30 инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа да рыноктарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрететін бағалы қағаздар.
31 иеленушілік бағалы қағаздар – тиісті активтерге меншік құқығын беретін бағалы қағаздар. Оған акциялар, варанттар, коносаменттер жатады.
32 ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферсы.
33 ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен саудасаттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.
34) агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация;
35) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
36) оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу;
37) брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
38) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртiбiн, қызмет көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртiбiн реттейтiн құжаттар;
39) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
40) жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт кезiндегi құқықтарын растайтын құжат;
41) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған iс-әрекетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
42) эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмi - уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы;
43) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
44) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
45) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;
46) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
47) дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгiлеудi ұсыну және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
48) құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар;
49) тiркелген тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстау есебi жүйесiнде жеке шоты бар тұлға;
50) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;
51) инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту;
52) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы қаржы құралдарының көптеген түрлерiнiң жиынтығы;
53) қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
54) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
55) бiлiктiлiк куәлiгi - уәкiлеттi орган берген және жеке адамның аттестаттаудан өткенiн және осындай құжаттың санатына (аттестаттау санатына) сәйкес оған бағалы қағаздар рыногында қызмет көрсетуге құқық берiлгенiн куәландыратын құжат;
56) левередж- эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы;
57) листинг - қор биржасының сауда жүйесiнде эмиссиялық бағалы қағаздарды айналысқа жiберу рәсiмi;
58) лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
59) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;
60) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының бағалы қағаздар рыногындағы бағалардың өсуiне (төмендеуiне) байланысты пайда табу және артықшылықтар алу мақсатымен бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн шатастыруға бағытталған iс-әрекеттерi (бағалы қағаздардың бағасын белгiлеудi ұсыну, қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу, дәйектемесіз aқпapaт тapaту және өзге де іс-әрекеттер);
61) ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық код;
62) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттiк емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар;
63) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында мәмiле объектiсiне және оның қатысушыларына белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы;
64) облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
65) пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және өтiнiш игерушi мен лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi.