Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

ОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Бекітілді»

Гуманитарлық бағыт бойынша

академиялық кеңесінде қаралған

№ « ______ » ________________ 201___ж.

Факультет деканы ____________ С.Т.Тайман

СИЛЛАБУС

(жұмыс оқу бағдарламасы)

Модуль20:«Қазіргі журналистика жанрлары»
ZhZA 3304 Журналистік зерттеу әдіснамасы
Мамандығы 5В050400-журналистика  
Курс, семестр (күзгі немесе көктемгі) ІІІ курс, 6 семестр (күндізгі)  
Оқыту тілі Қазақ  
Кредит саны  
Пән статусы (міндетті, таңдау) Таңдау  
Лектор зертханалық сабақты беретін оқытушы Практикалық сабақты беретін оқытушы Әбдіразақова Аягөз Қожамырзақызы, баспа ісінің магистрі., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87018610875), e-mail: [email protected], каб. 306. 1-оқу ғимараты.   Алмауытова Әсия Базарбайқызы, филология ғылымдарының кандидаты., қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, байланыс телефондары (жұмыс орны 27-85-72, ұялы телефоны 87056710517), e-mail:[email protected]
Сабақ өтетін дәрісхана, зертхана №1 оқу ғимараты, 306, 115 дәрісханалар
   

Силлабусты дайындаған: А.Қ.Әбдіразақова, А.Б.Алмауытова

Силлабус Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № ___ «__»___________ 201___ жыл.

Кафедра меңгерушісі: Ғ.Ә.Тұяқбаев

бойынша академиялық кеңесі ұсынған

Силлабус Филология, тарих және құқық факультетінің гуманитарлық мамандықтар бағыты бойынша Академиялық кеңесі мәжілісінде қаралып, бекітілді.

Хаттама № ____ «__»___________ 201___ жыл.

Комитет төрағасы: ________________________________

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты -журналистің ақпарат алуы мен оны таратуындағы мақсат-міндеттері, ізденістері мен бағыты, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы рөлін анықтау.

Курстың міндеті:

- студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын, оның қоғамда алатын орны мен рөлін, жалпы әлемдік журналистика тарихын негізге ала отырып, қазақ журналистикасының даму үрдісінен мәлімет беру;

- журналистік зерттеу жүргізудің тақырыбын дұрыс таңдауға үйрету;

- журналистік зерттеудің басты бағыттарымен, жанрлар жүйесімен таныстыру, тілдік-стильдік ерекшеліктерінен хабардар ету;

- ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі публицистер шығармашылығын негізге ала отырып, мерзімді басылымның оперативті хабар тарату мүмкіндігін көрсету;

- журналистің этикалық кодексін жақсы білуіне және сақтауға үйрету;

- журналистің өзге адамдардың жеке өміріне рұқсатсыз кіре алмайтындығын, тек факті мен деректің шынайылығын тексеру барысында әртүрлі жұмыстар атқара алатындығын үйрету;

- журналиске әріптестерінің кәсіби құқықтарын сақтауды және адалдық бәсекелестікті мойындауды үйрету.

Пәннің қысқаша мазмұны.

Журналист Қазақстан Республикасының кәсіби этикасын сақтап жұмыс жасайды. Бұл Қазақстан Республикасындағы БАҚ жұмысында басты шарт болып табылады. Өзінің кәсіби жұмысын атқара отырып, журналист жалпы қоғамдық құндылықтарды, демократиялық ұстанымдарды, еркін сөз, Ата Заң мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтайды. Өтірік айып тағудан қашу үшін журналистің тек қана сенімді ақпарат тарататындығы, мемлекеттік басқару органдарының, саяси партиялар мен қозғалыстардың, ұйымдардың бизнес тарапынан болған қысымға қарамай жұмыс жасауды, өзінің хабарларында деректерді, болжам мен версияларды айқын, анық көрсете алуды, оның лайықсыз амал-тәсілмен ақпарат ала алмайтындығы жан жақты оқытылады.

Пререквизиттер:1. Қазақ журналистикасының тарихы

2. Журналистикаға кіріспе

3. Телерадиожурналистика

4. Қазақ журналистикасының функциялары мен жанрлық

пішіндері

Постреквизиттер:1. Мамандану

2. Публицистің шығармашылық шеберханасы

3. Журналистік шеберлік сыныбы

І. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

апта Тақырыптың аталуы Сағат саны
1 модуль
Дәріс1. Кіріспе. Курсқа кіріспе. Журналистік зерттеу жүргізу курсының мақсаты мен міндеті
Дәріс2Журналистік зерттеудің пайда болу тарихы
Практикалық сабақ 1Журналистика жəне қоғам
БОӨЖ1.Түрмедегі тағдырлар
Дәріс3.Журналистік зерттеу жүргізу жұмыстарының ерекшеліктері
Дәріс4.Журналистік зерттеу жүргізудің жанрлары
Практикалық сабақ2Журналист құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері
БОӨЖ2. «Көгілдірлер» проблемасы: өмірдің өзінен
Дәріс5Журналистік зерттеу жүргізудің шетелдік тарихы
Дәріс6Журналиcт және заң
Практикалық сабақ 3Өз елінің жəне əлемдік журналистиканың кешегі жəне бүгінгі тəжірибелері
БОӨЖ3.Қайыршылық – қоғам дерті
Дәріс7.Журналистік зерттеу жүргізудің әдіс-тәсілдері
Дәріс8.Журналистік зерттеу жұмысындағы құқықтық негіздер  
Практикалық сабақ 4.Еуропалық журналистерді дайындау Қоғамдастығының Тарту декларациясы
БОӨЖ4Атадан қалған кәсіп пе?
Дәріс9.Журналистік зерттеу жүргізетін журналистерге кеңестер
Дәріс10.БАҚ пен журналиcтiң жауапкершiлiк этикаcы
Практикалық сабақ 5.Журналистік білім немесе кəсіби дайындықтан өткеннен кейінгі студенттер құзіреті
БОӨЖ5.Тәні сұлудың – жаны сұлу
Дәріс11.Журналистік зерттеу жүргізу барысында пайдаланылатын ақпарат алу көздері
Дәріс12.Журналистік зерттеу жүргізу барысындағы арнайы ақпаратты пайдалану тәсілдері
Практикалық сабақ 6.Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің ерекшеліктері
БОӨЖ6.Қаңғыбастар (бомж) қайда барып күн көреді?
Дәріс13.Қарулы қақтығысты жариялаудағы БАҚ-тың жауапкершiлiгi
Дәріс14.Журналистік зерттеу материалдарын жариялауға дайындау
Практикалық сабақ7. Cөз боcтандығы және ақпарат алу құқығы
БОӨЖ7. «Түнгі көбелектер» қарекеті
  І Аралық бақылау  
  2 модуль  
Дәріс15.Криминалдық репортердің жұмыс ерекшелігі
Дәріс16.Журналистік зерттеу жүргізудің тележурналистикадағы орны
Практикалық сабақ8.Жаңалықтарды жинау жəне ақпарат іздеудің журналистік əдістерін пайдалана отырып жылдам ақпарат жинау құзіреті
БОӨЖ8. Түнгі клубтар: пайдасы мен зияны
Дәріс17. Журналистік зерттеу жүргізудің этикалық аспектілері
Дәріс18.Журналистік зерттеу жүргізу барысындағы жеке бастың заңдық қауіпсіздік мәселелері
Практикалық сабақ 9.Маңызды ақпаратты таңдай білу құзіреті
БОӨЖ9. Өсек-аяң – өмірге қауіп
Дәріс19.Қазақ журналистикасындағы журналистік зерттеу жүргізудің ерекшелігі
Дәріс20.Орыс тілді басылымдардағы журналистік зерттеу
Практикалық сабақ 10.Ақпаратты кəсіби құрылымдау құзіреті
БОӨЖ10. Жалдамалы пәтерлер: күнгейі мен көлеңкесі
  Midterm Студент саны * 0,25сағат
Дәріс21.Журналистердің әлемдік халықаралық ұйымдары
Дәріс22.Инвестергейтер-журналист зерттеушінің қоғамдағы рөлі
Практикалық сабақ 11.Журналистік зерттеуге тән стильдік ерекшелітер
БОӨЖ11. Жетімін жылатпаған қазақ едік...
Дәріс23.Әлеуметтік желілердегі журналистік зерттеу
Дәріс24.Кәсіби лексикондағы журналистік зерттеу
Практикалық сабақ 12.Кəсіби жұмысты бағалау жəне оған жауапкершілік құзіреті
БОӨЖ12. Есіңді алар есірткі...
Дәріс25.ТВ-Публицистика – журналистік зерттеу
Дәріс26.Радиодағы журналистік зерттеу маңыздылығы
Практикалық сабақ 13.Қызметкерлердің жұмыстағы командада немесе редациялық ұжымдағы əріптестік құзіреті
БОӨЖ13. Универде оқып жүр талай қазақ баласы...
Дәріс27.Агенттіктер жұмысындағы журналистік зерттеу мүмкіндіктері
Дәріс28.Журналистік зерттеудегі шұғыл орын алған оқиғалар туралы ақпарат беру тәсілдері
Практикалық сабақ 14.Құқық қорғау мекемелерінен ақпарат алу жолдары мен заңдары
БОӨЖ14.Суицидтің әлегі
  ІІ Аралық бақылау  
Дәріс29.Халықаралық қатынас жағдайындағы журналистік зерттеу
Дәріс30.Журналистік зерттеу бойынша есептер
Практикалық сабақ 15.Журналистік зерттеудің негізгі əдістері
БОӨЖ15. «Фасфуд» - асқазаныңызға жасалған қылмыс
  емтихан Студент саны * 0,25сағат
  БАРЛЫҒЫ: 109 Лекция:30 Практика:15\15 БАОӨЖ:15\15 Midterm:9 Емтихан:10
       

Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі

Жалпы сағаты Академиялық сағат саны
Дәріс Практикалық/ семинар Зертханалық БАОӨЖ БАӨЖ
15\15 - 15\15

Наши рекомендации