Осы тақырыптың негізгі терминдері
Құқықтық саласы; құқықтық қатынастар; құқық нормасы; құқықтық акт; құқықтың қайнар көзі; Конституция; Конституциялық заң; әрекет етуші заң-құқық; Конституциялық заңдылық; Конституциялық тәртіп; Конституциялық мәртебе; Конституциялық процедура; Конституциялық шектеу; Конституциялық қағидалар.
Азамат; тұлға; адам құқығы; жеке бас құқығы мен еркіндігі; саяси еркіндіктер мен құқықтар; әлеуметтік-әкономикалық құқықтармен еркіндіктер; адам және азаматтың міндеттері; адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі кепілдігі.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат
Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық негіздері пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
· Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
· Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
· Қажетті қортындылардың жасалуы
· Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
· Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Реферат тақырыптары:
1. Конституциялық құқық-құқық саласы ретінде
2. Конституциялық құқықтық нормалар, түрлері мен ерекшеліктері
3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері
4. Шетел мемлекеттерінің конституцияларының ерекшіліктері
5. ҚР конституциялық құрылыстың даму кезеңдері
6. Қоғамдық саяси институттардың конституциялық құқықтық мәртебесi
7. ҚР адам мен азаматтарының құқықтары мен бостандықтары
8. Азаматтықты алу мен тоқтатудың негiздерi
9. Парламент депутатының статусы
10. ҚР Парламентiнде заңдарды талқылау және қабылдау тәртiбi
11. ҚР үкiметiнiң құрылымын қалыптастыру
12. ҚР Конституциялық Кеңесiні құру тәртібі, құрамы
13. ҚР сот қызметiнiң қағидалары
14. ҚР жергiлiктi өкiлдi және атқару органдары
15. ҚР сайлау талаптары мен сайлау тәртiбi
СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
· Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
· Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
· Рәсімдеу сапасы
· Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы:
ҚР пайдалана отырып, есеп шығарасыз. Сондықтан міндетті түрде Кодекс алып отырыңыз. Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Үй тапсырмасы:
Төмендегі әдебиеттерді пайдалана отырып үйде құрастырыңыз.
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 1998.
2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқулық. Алматы, 1998 ж.
3. Г.С. Сапаргалиев «Основы государства и права». Учебное пособие. Жеті жарғы. Алматы, 1999г.
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
1.ҚР заң саласы ретінде Конституциялық құқықұғымы көріністері қандай?
2.Конституциялық құқық пәні нелерден тұрады?
3.Конституциялық құқықтық қатынастарға түсінік беріңіз.
4.ҚР Конституциясының негізгі қайнар көздерін атап көрсетіңіз.
5.Мемлекетіміздің негізгі Заңы ретінде ҚР Конституциясының қандай ерекшеліктері бар?
1.Адам құқықтары жүйесі дегеніміз не?
2.Адам және азаматтың қандай негізгі конституциялық құқықтарын білесіз?
3.Адам және азаматтың конституциялық құқықтарының құрылымы дегеніміз не?
4.Адамның жеке құқықтарының бөлінбестігін қалай түсінесіз?
5.Құқық пен міндеттердің бірлігі принципі нені білдіреді?
6.Адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі механизмі нені білдіреді?