Бүгінгі таңда не көріп жүрміз?
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы. Электроскоп.
Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр
Зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр
Ткізетіндер және өткізбейтіндер.
Сабақ тақырыбы: Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы Электроскоп.Электр өткізетіндер және өткізбейтіндер.
Сабақтың мақсаты: 1. Денелердің электрленуі, электр заряды туралы ұғым енгізу,Электроскоп пен электрометрдің құрылысымен,жұмыс істеу принципімен таныстыру.
2. Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.
3. Электр өрісі ұғымын түсіндіру, оның техникалық және практикалық
маңызымен таныстыру.
Сабаққа қажетті құралдар: эбонит,шыны, пластмасса таяқшалар,жүн,тері,жібек мата, электроскоп, экран гифропроектор
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: а) ауызша баяндау.
ә) демонстрация.
Бақылау және тәжірибе физикалық білімдер көзі» Г.Галилей
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
І.Ой қозғау стртегиясы: Жылу мәшинелері тарауына қысқаша шолу.
ІІ.Еске түсіру стратегиясы:1.Іштен жану қозғалтқыштары деп қандай қозғалтқышты айтамыз?
2.Іштен жану қозғалтқыштары қайда қолданылады?
3.Іштен жану қозғалтқыштарының түрі, айырмашылықтары
№1Жылу қозғалтқыштары қыздырғытан 100Дж жылу мөлшерін алады да, 75дж жылуды тоңазтқышқа береді.Машинаның пайдалы әсер коэффиценті қандай?
№2. 1,89 * 106 Дж жұмысты орындау үшін тракторға 4,2 * 106 Дж /кг меншікті жану жылуы бар 1,5 кг отын қажет болса,трактор двигателінің ПӘК-ін табыңдар.
№3.Қуаты 36 кВт іштен жану двигателі 1 сағатта 14 кг керосин жұмсаған.Двигательдің ПӘК-ін табыңдар.
ІІІ.Ойды дамыту стратегиясы:
Бүгінгі таңда не көріп жүрміз?
ІІІ.Байланыс стратегиясы:
1.Жылу машиналарын қолдануда экологиялық мәселелерді қалай шешуге болады?
Бүгінде «Жасыл экономика» тіркесі өмірімізге денлеп ене бастады.Бұл ретте баламалы энергия көздерін пайдаланудың ұтымды жолдары кеңінен қарастылуда
Жел күшін пайдаланып, энергия өндіру ісі күн тәртібіне батыл қойыла бастады
Өнертапқыш қидың газымен үй жылытуда Байғанин ауданындағы «Мерей и К» Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы жел мен күн энергиясын пайдаланып отыр.
Елімізге «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесі бұйырған сәттен бері оған әзірлік те басталған болатын. 2017 жылдың маусымы мен қыркүйек айлары аралығында 100 елден келетін 5 миллионға жуық қатысушы Астанада болашақ энергиясын талқыға салатыны аян. Шілде айында көрменің логотипі анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ЭКСПО – 2017» Ұлттық жоба болғандықтан, жаңа логотипті қазақстандықтар өздері таңдағаны жөн деген шешім қабылданыпты.
Баршаға мәлім, 9 мен 22 шілде күндері аралығында «Астана ЭКСПО – 2017» ҰҚ» АҚ-ның сайтында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа логотипі үшін халықтық дауыс беруі өтті.
«Төрт ай бойы 18 елдің 27 дизайнерлері «ЭКСПО – 2017» көрмесінің жаңа бейнелемесін жасаған болатын, барлығы 56 логотип дайындалды. Оның ішінде ең үздік деген жетеуі іріктеліп, халықтың назарына ұсынылды. Әрбір ұсынылған логотип бірнеше талапқа сай келеді: 4-5 жылға өзекті болу, көрменің тақырыбын білдіру, халықаралық талаптарға бағытталу.
Ал дауыс беру қорытындысы бойынша «Жасыл энергия» және «Жел энергиясы» атты екі озық үлгі анықталды.
Мемлекеттік комиссияның шешімімен «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңа фирмалық белгісі ретінде «Жел энергиясы» логотипі бекітілді.
ІҮ Мағананы тану стратегиясыЖаңа сабақ.
І.Осы заманда “электр” және “электр тогы” сөздерi әрбiр адамға таныс. Электр тогы транспортта, тұрмыста, зауыт, фабрикаларда, ауыл шаруашылығында және т.б. қолданылады. Бiрақ оның табиғатын түсiну үшiн көптеген электрлiк құбылыстармен танысу керек.
Егер пластмасса тарақты немесе қылқаламды киімге үйкесеңдер оның қағаз қиындысын тартатынын көруге болады
Құрғақ шүберекпен сүртілген айна, шыны мен пластинка тозаңы және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.Синтетикалық киімді шешкенде, шытырлаған дыбыс естиліп ,ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсындар. Міне бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған.Біздің заманымызға дейінгі 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиетін байқаған Сол кезде гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі янтарь ( грекше электрон) өндірген.Янтардь теріге немесе жүнге үйкегенде, ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты , асықтың сабағын ,талшығын өзіне тартқан.Гректер осы шайырды «элктрон» , ал оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деп атаған.Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп айтады. «Электрон» сөзінен электр деген сөз шықты. Электлену барысында пайда болтын күштерді электр күштері деп атайды.Денелердің электрлену құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады.
Электр зарядының өзара әрекеттесу сипатын анықтайық.
Заряталған шыны және эбонит таяқшалары әр түрлі материалдан жасалғандықтан, олар түрліше электрленеді. Олардан әр аттас электр зарядтар пайда болады. Сонымен аттас заряталған денелер бір-бірінен тебіледі де, әр аттас заряталғандар тартылады.
денелердің электрленуі мен зарядтардың екі тегі болады.
Экраннан көрсету
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық қүбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады.
q=q1+q2+…+qп=тұрақты
. Салмақты,ұзындықты,жылуды өлшейтін құралдар сияқты электр зарядын да өлшейтін құралдар бар.
салмақ | ұзындық | жылу | Электр заряды |
таразы | Метр,сызғыш, | термометр | Электроскоп, электрометр |
Электроскоп: а)денелердің қаншалықты электрленгенін көрсетеді.
ә) электр зарядының аз не көп екенін көрсетеді.
Электроскоптың жетілдірілген түрі – электрометр деп аталады.
Электр зарядтарын өткізу қабілетілігіне қарай заттар шартты түрде элкетрөткзгіштер және электр өткізбейтіндер болып бөлінеді.