Бап: Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы

1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.
2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.

Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан еспубликасының Кодексінде былай деп көрсетілген:

6-бап. Неке-отбасы (ерлi-зайыптылық-отбасы) қатынастарында құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру:

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, азаматтар неке-отбасы (ерлi-зайыптылық-отбасы) қатынастарынан туындайтын өздерiне тиесiлi құқықтарды, оның iшiнде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады.

Неке-отбасы (ерлi-зайыптылық-отбасы) құқықтарының жүзеге асырылуы мен мiндеттердiң орындалуы отбасының басқа мүшелерi мен өзге де құқық субъектiлерiнiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн бұзбауға тиiс.

7-бап. Неке-отбасы (ерлi-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау:

Неке-отбасы (ерлi-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды азаматтық сот iсiн жүргiзу қағидалары бойынша сот жүзеге асырады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, неке-отбасы (ерлi-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғауды мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

Бұзылған құқықты қорғау үшiн билiк немесе басқару органына жүгiну құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге кедергi жасамайды.

Ерлі – зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік АХАТ органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі – зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18 – ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады.

Ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен мінднттерінің теңдік қағидаларына негізделеді.

Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.

Мемлекет аналар мен балалары қолдайды, отбасын қорғауға алады.

Ерлі – зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуы некенің тоқтатылуы деп түсініледі. Неке заңда айқындалған оқиғалардың туындауы салдарынан не ерлі – зайыптылардың бірінің немесе екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.

Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.


Наши рекомендации