Азақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясаты
Ақша- несие саясаты- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттін ақша несие саясатын (АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-тың жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаныі кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінің бір өкіл кіреді. АНС-ның мақсаты инвляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкінің қолданып отырған ақша несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. • Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):- несиенің бағасын (Р- сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу; - коммерциялық банктердің балансына қатысты лимиттер белгілеу. • Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналған):- ашық нарықтағы операциялар; - міндетті резервтік талаптар; - несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді: • ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; • ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме; • РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; • «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; • «овердрафт» займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі; • банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Арыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты. 1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру; 2) несиені қайтару; 3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу; 4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу. Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық қызметін жан жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. Кәсіпорынның қаржы экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: «Кәсіпорын балансы» (№1форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» ( №2форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3форма); сондай-ақ ҚР Статистикалық есеп формасы «Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф-мерзімді- тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі»(№5-3-мерзімді-тоқсандық-жылдық формалары). Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады: - өтімділік коэффициенті; - қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер; - компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер; - пайдалылық коэффициенттер.
Аржы менеджменті
Ақша қаражаттарын басқарудың әдістері.
Ақша қаражаттары бұл тауарлар мен қызметтерді алуға әрдайым пайдаланылатын активтердің жиынтығы. Олар кәсіпорын үшін жоспарлау, есеп және бақылау, сыртқы ортамен байланыс құралы ретінде көрінеді және шаруашылық әрекетінің маңызды элементі болып табылады. Ақшалай активтерді басқару үрдісінде қаржылық менеджменттің маңызды мәселесі болып уақытша бос ақша қаражаттарын және олардың инвестициялық қалдықтарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету табылады. Кәсіпорынның ақша ағымын басқару үрдісі келесі нақты ұстанымдарға негізделген:
1) Ақпараттық нақтылық ұстанымы. Ақша ағымын басқару үшін қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз ету керек.
2) Теңгерімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Басқарудың біртұтас мақсаттары мен тапсырмаларына бағынатындықтан, кәсіпорынның ақша ағымдарының түріне, көлеміне, уақытша мерзімге және басқа да сипаттамаларына қарай теңгерімділігін қамтамасыз ету.
3) Тиімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстанымды жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қаржылық инвестицияларын жұмсау арқылы оларды тиімді пайдалану қажет.
4) Өтімділікті қамтамасыз ету ұстанымы. Бұл ұстаным қарастырылып отырған мерзімнің әрбір уақытша интервалы арасындағы жағымды және жағымсыз ақша ағымының сәйкес синхронизациясын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Ақша ағымын басқарудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның дамуы барысында ақша қаражатының түсімі мен шығынын теңгерілуін және олардың уақыт аралығында синхронизациялануын жүзеге асыра отырып қаржылық тепе-теңдікті сақтау. Ақша ағымын тиімді басқаруда келесі негізгі ережелер жоғары роль атқарады:
ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның стратегиялық дамуы барысында қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;
ақша ағымын оңтайлы құру: төлемдерді жүзеге асырудағы кез-келген қателік еңбек өнімділігі мен дайын өнімді өткізу деңгейінде кәсіпорын қорын құруға жағымсыз әсерін тигізеді;
ақша ағымын басқару кәсіпорынның капитал айналымын жылдамдатудың негізгі қаржылық тұтқасы болып табылады;
ақша ағымын тиімді басқару кәсіпорынның төлем қаблетсіздігі тәуекелін төмендетеді.
Ақша қаражаттарын басқаруда келесі жұмыс атқарылады:
• ақша қаражатының айналым уақытын есептеу;
• ақша ағынын талдау және болжау;
• ақша қаражаттарының оңтайлы дәрежесін анықтау;
• қаржылық бюджетті құру.
Ақша қаражаты айналымнан шығарылған кезең-қаржылық кезең деп аталады. Ақша қаражатының қозғалысын талдау екі тәсілдің біреуімен жүзеге асырылады: тура әдіс, жанама әдіс. Ақша қаражаттарын басқару фирама мен оған қызмет көрсететін банкпен бірге іске асырылады. Басқару әдістері қарастырылады: 1) Ақша ағымдарын синхронизациялау. 2) Жолдағы ақша қаражаттарын қолдану. 3) Ақша түсімдерін жылдамдату. 4) Банк есептемелерінің мерзімді кеңестік оңтайландыру. 5) Төлемдерді бақылау.