Төлем талап –тапсырмасымен есеп айырысу

Төлем талап – тапсырмасы– қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы бенефициардың жөнелтушіге берген талабы.

Төлем талап –тапсырмасын бенефициар бланкке жазып бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада ұсынады , егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада.

Бенефициар банк төлем талап –тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассалаушы банк міндеттемесін алады.

Инкассалаушы банк міндеттемесі төлем талап – тапсырмасын инкассаға алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады. Бұл кезде инкассалаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

- төлем талап – тапсырмасын төлемге немесе акцептке кезекті ұсыну;

- бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем талап –тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;

- төлем талап – тапсырмасының орындалғандығын туралы бенефициарға хабарлау.

Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассалаушы банк төлем талап – тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей қызметтің орындалуын анықтайды. Инкассаға инициатордан инкассалаушы банктің операциялық төлем талап –тапсырмасын қабылдау инкассалаушы банктің операциялық күні ағымында жүргізіледі және оны инкассаға қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына күні және түсу уақыты қойылады. Ал жөнелтуші –банк аталған құжатта төлем талап – тапсырмасын алған күні мен алу уақытын белгілейді.

Бенефициар банк барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын тексеріп, төлем талап тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы банк белгісімен бенефициарға қайтарылады. Жөнелтуші-банк төлем талап-тапсырмасын алып, оларды тіркейді, барлық данасына алу күнін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды.

Бұл кезде ол жөнелтуші банкке түскен күннен бастап үш күн ішінде банкке төлем талап-тапсырмасын ұсынуға міндетті. Төлем талап-тапсырмасы тек жөнелтуші шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады.

Төлем-талап тапсырмасын толықтай немесе жартылай төлеуден бас тарту кезінде, төлеуші өз банкін осы үш күн ішінде хабардар етеді және төлем талап-тапсырмасын тиеу құжаттарымен және төлемнен бас тарту туралы хабарлармен бірге бенефициарға қайтарады.

Төлем келісім білдірілген жағдайда аталған төлем талап-тапсырмасы акцептеледі. Жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасынан басқалары соңғының аталған талаптарға сәйкес төлем жүргізуге келісімін білдіреді.

Егер ақша жөнелтушінің банктегі шоты Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес тұтқындалған болса, оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылған болса, төлем талап-тапсырмасына акцептеу болмайды.

Әдетте ақша жөнелтуші банк ақша жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасынан басқарылатын, жөнелтушінің акцепті негізінде акцептейді. Акцепт талап етілмейтін төлем талап-тапсырмасын төлеу кезінде банк ақша жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақша аударуға құқылы. Ақша жөнелтушінің акцепсіз төленетін төлем тапсырмасымен акцептелген құжаттар бойынша баланстан тыс есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті төлем және аударым үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті. Бұл кезде Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылмаған болса, жөнелтуші-банк өзара келісімге сәйкес ақша жөнелтушінің айып немесе өсім ақау төлеуге міндетті. жөнелтушіде ақша сомасы жеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем тапсырмасын (бюджетке төлемдер, сот шешімі, кеден басқармасы бойынша қойылған төлемдер және төлем талап-тапсырмасы (акцепсіз орындалатын) ақша жөнелтушінің банктік шотына оларды орындауға жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.

Мұндай құжаттарды қабылдау кезінде жөнелтуші-банк келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аталған төлем талап-тапсырмасын картотекаға енгізу туралы банк бенефициарына хабарлама береді.

Ақша жөнелтушімен алушы банк арасындағы келісімде алушы банктің әртүрлі құжаттарды қабылдау және сақтау міндеттері қарастырылады. Алушы банктің мұндай төлем құжаттарын қабылдау және сақтау келісімі жағдайында аталған банкке тиісті міндеттемелер қойылады.

Төлем талап-тапсырмасы толық немесе жартылай төлеуге келісім білдірілген жағдайда, жөнелтуші оның барлық данасын банктің шотты жүргізуге өкілетті қолы және мөр таңбасымен рәсімдейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:

- бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз болады және операция аяқталған соң банктің құжаттарына орналастырылады;

- екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;

- үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс үшін төлем жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттарымен қоса жөнелтушіге қайтарылады.

«Төленуге тиісті сома» бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен және сөзбен жазылуы тиіс.

Қаражаттарды даусыз тәртіппен есептен шығару өндіріп алушылар төлем талап-тапсырмасының бланкісінде ұсынылған өкімнің негізінде жүргізіледі.

Соманы есептен шығаруға мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

1. Төленген айыпұл сомасына Дт 7210 Кт 1040.

2. Атқарушы қағаздар бойынша аударылған сомалар Дт 3540 Кт 1040.

3. Бюджетке аударылған сомалар Дт 3130 Кт 1040.

Наши рекомендации