ШаруашылыҚтыҢ табиҒи климаттыҚ жаҒдайы

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін шаруашылық қожалықтары ауыл шаруашылық мақсаттарына жер пайдалануда барлық жердің үштен бір бөлігін алды. Жалпы шаруалар демократиялық жолмен экономикалық бостандыққа ие болды. Жүзмыңдаған адамдар миллион гектар жерлерде жеке мақсатта шаруашылықтарын жүргізді. Бұл еліміздің экономикасындағы және әлеуметтік өміріндегі, саясаттағы маңызды құбылыс болды.

Соңғы жылдары шаруашылық қожалықтарының саны едәуір өсті. Шаруашылық қожалықтарының құрылуы белгілі бір заң шығарушы органдар негізіне сүйенеді. Әр жылдары әр түрлі заңдар шықты: «Шаруашылық қожалықтары туралы», «Жер реформасы туралы», «Жер кодексі», т.б.

Тәжірибе жөніндегі шаруашылық қожалықтардың құрылуы және олардың орналасуы, қалыптасуы стихиялық сипатта болды. Бұл жерде азаматтардың бостандығына қысым жасалмау керек және әрбір шаруа қожайын ол жерін қалай игерем десе де өз еркінде болды. Бірақ шаруашылық қожалықтарының құрылуы мынаны көрсетті:

-шаруашылық қожалықтары ойластырылмай және кездейсоқ жерлерде орналастырылған. Кей кездері бөліп берілген жерлерде айдаған, жыртылған жерлер немесе қора қопсылар және басқа да шаруашылыққа қажетті су көздері, инженерлік торабтар болмады, жолдарға жақындауға мүмкіндік болмады;

-кейбір шаруалар малдарына қора қопсы жасамай, оларды ауылда ұстауға тырысады, бұл дегеніміз санитарлық нормалардың бұзылуына әкеп соқтарады;

-шаруалар өздерінің шаруашылық қора қопсыларын ұйымдастыруға дайын емес, ішкі шаруашылықтарын ұйымдастыра алмайды, егін егу жүйесін енгізе алмайды және жерді құнарландыру, жақсарту жоспарларын да жасай алмайды;

-шаруалар менеджмент пен маркетинг негіздерін игермеген, ауыл шаруашылықтың мамандандыру міндеттерін рационалды түрде шеше алмайды;

-мемлекеттік деңгейде ірі көлемді зерттеулер жүргізілмеген (жер құнарлығына, су шаруашылығанда, геоботаникалық және т.б., бұларсыз инженерлік жобалар жасау мүмкін емес).

-шаруашылық қожалықтарында өнімді үлестіру, тасымалдау және оны қайта өңдеу, сақтау жүйелері құрылмаған;

-жаңа жер иеленушілерді орналастыруға байланысты міндеттер алға қойылды, жаңа жағдайларға байланысты әлеуметтік инфраструктуралардың дамуы жөніндегі міндеттер алға мүлде қойылмаған;

-шаруалар бұл кезеңдегі кооперативтердің басымдылығын жете меңгеріп түсінбеді;

-шаруалардың кейбір бөліктері өздері қабылдаған шешімдердің тиімділігін де біліктілікпен сараптай алмады, олар экономикалық коъюктураға бейімделе алмады.

Жоғарыда аталған факторлар шаруашылық қожалықтарына мемлекет тарапынан ғылыми-техникалық көмек көрсетілуін талап етті, сонымен қатар өндірістік және жеке немесе мемлекеттік мекемелер тарапынан да ғылыми көмектер көрсетілді. Төмендегі жағдайларды іске асыру ұсынылды:

1. Шаруашылық қожалықтарын дамыту және оларды орналастыру схемаларын жасақтау. Мұндай жобалардың басты мақсаты – шаруашылық қожалықтарын бірітіндеп орналастыруды доғарып, аймақтық, инженерлік және әлеуметтік негіздерін құру, болашақта кооперативтер құру көзделіп отыр;

2. Қызмет атқарып жатқан шаруашылық қожалықтарында бірнеше жобалар қарастырылып олар зерттелуі қажет. Мұндай шаруашылық қожалықтарының жобалау объектісі ретінде мыналарды атап өтуге болады: жерге орналастырудағы ішкі шаруашылық жобасы, жер сапасын жақсарту жобасы, гидротехникалық имараттар құрылысының жобасы, ұйымдастыру-шаруашылық жоспарлары.

Менеджмент және маркетингтің алғашқы жоспарларын жасақтау қажеттілігі туындады. Мұндай жұмыстардың жүргізілуі барысында шаруашылық қожалықтары ғылыми негізде қазіргі заман талабына сай жұмыстар атқара бастады.

Шаруашылық қожалықтарындағы кешенді жобаларды орындау үшін міндетті түрде дайындық жұмыстарын жүргізу керек.

Камералдық дайындық процесінде мыналар зерттеледі:

-шаруашылық қожалықтарына жер бөлу және совхоздарды жекелендіру;

-бөлінген жер массивтеріне шаруашылық қожалықтарды орналастыру;

-жерді пайдалануға және иеленуді күәландыратын құжаттар;

-шаруаылық қожалықтарын құруға ұсынылған материалдарды ұсыну;

-шаруашылық қожалықтарында шаруашылық орталықтарын орналастыру;

-отбасының демографиялық сипаттамасы, жұмысшылар саны;

-қолда бар зерттеу материалдары (топырақты, геоботаникалық, су шаруашылығы, агохимиялық, т.б.);

-жер-кадастрлік мәліметтер;

-шаруашылық қожалықтар аймағында инженерлік коммуникациялар орналастыру;

-шаруашылық қожалықтары орналасқан аймақтардың агроклиматтық жағдайлары;

-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелері (3 жылдық);

-әдетте картографиялық жоспар дайындалады 1:25000, мүмкіндігінше 1:5000 масштабта.

Түпкілікті зерттеулер болмаған жағдайда бар нәрселердің көшірмесі алынады. Оларды далалық зерттеулермен толықтырады.

Анықтамалық-нормативтік материалдар таңдап алынады.

ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Наши рекомендации