Салық түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есей әдісінің сипаттамасы

Корпорациялық табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен аныкталады. Бірінші нұсқа бойынша есептік кезеңде тапсырылған салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланады. Бұл мәліметтер арқылы ең алдымен болжамдау мерзіміне салық салынатын табыс анықталады. Сонымен бірге шегерімдер көлемінін өзгерістері де есептеледі, яғни есепті мерзім бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдағы жылғы инфляция деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіне коррекцияланады. Сондай-ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен оларды ауыстыру мерзімі есептелуге тиісті.

Бірінші вариант бойынша корпорациялық табыс салығының сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Тб = Де * Іа/100% * 16/100% * Сор, мұнда

Тб - корпорациялық табыс салығынын болжамы;

Де - есепті жылғы салық салынған табыс көлемі;

Іа - ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі;

16 - жоспарлаушы жылға тұтынушылық бағалар индексі;

Сор. - есепті жылғы салықтың орташа мөлшерлемесі.

Екінші вариант бойынша әрбір аймақтағы ірі салык тө-леушілер бойы корпорациялық табыс салығынын есептелген және төленген сомасы мен салық декларациялар бойынша жылдық артық-ауыс нәтижесі және алым-салық қалдықтары сома-лар өзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланады. Мұндай есептеу-де күтілетін түсімдерден түрақты сипатта емес және өндірістік іс-әрекетпен байланысы жоқ біржолғы телемдер алынады да салыктың күтілетін сомасы жоспарлап отырған түтынушылық бағалардың индексіне корреляцияланады. Болжамдап отырған түсімдер сомасы бұл арада келесі формула арқылы аныкталады:

Тб = Со * 16/100% * Ік/100% * Сор., мүнда Тб - корпорациялық табыс салығының болжамдық сомасы; Со — ағымдағы жылғы салықтың күтілетін сомасы; 16 - жоспарлап отырған тұтынушылык бағалар индексі; Ік - жоспарлап отырған өндіріс көлемінің индексі. Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарынан түсетін салықтарды болжамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл бойы түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырғаіі мерзім-дегі экономика дамуының макроэкономикалық параметрлерінщ өзгерістері бойынша жоспарланады.

Шикізат секторы үйымдары бойы заңды тұлғалардаи түсетін корпорациялық табыс салығының болжамы сол ұйымдар тізіміне кірітін әрбір салық төлеушілер бойынша бөлек есептеу арқылы анықталады. Олардың есептеу формулалары келесілер:

1. Тө - (Оіө * Біө) + (Оэ * Бэ) + (Отмд * Бтмд) * Кт, мұнда Тө — өнім сатудан табыс, мын теңге; Оіө - ішкі нарыктағы өнім көлемі, мың тонна; Оэ - экспортқа сататын өнім көлемі, мың тонна; Отмд - ТМД елдеріне сататын өнім көлемі, мың тонна; Біө - ішкі нарықтағы өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна; Бэ - экспортка сататын өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна; Бтмд -ТМД елдеріне сататын өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна;

Кт - АҚШ долларына қатынасты теңгенін курсы.

2. Ст = (Тнс + Тбс) - Ш,

мұнда Ст - салық салынатын табыс;

 
 
 

Тнс - негізгі сатудан түскен табыс;

Тбс - басқа да сатудан түскен табыс;

Ш - шегерімдер.

 

3. КТС - Ст * 30%/100%,

мұнда
КТС - корпорациялық табыс салығы;
Ст - салық салынатын табыс;

30% - корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі.

Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарына тапсырылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланады. Ең алдымен есептелген салық салынатын табыс сомасы мен жеке табыс салығының мөлшері пайдалана отырып, аймақтар бойынша өткен жыл мен есепті жылда қалыптасқан салық алуының орташа пайызын келесі формула арқылы анықтау қажет:

Оа - Сж / То * 100%, мұнда

Оа - салық алудың орташа пайызы;

Сж- есепті жылдағы төлем көзінен салынатын жеке табыс сомасы;

То - есепті жылдағы салық салынатын табыстың есептелген

сомасы.

Содан кейін, осы пайыз бен табыс сомасының негізінде ағымдағы жылдағы түсетін салықтардың сомасы анықталады. Демек, төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:

Сж - Тк * I /100% * Оа /100%, мүнда

Сж - төлем көзінен салынатын табыс салығының болжамы;

Тк - ағымдағы жылда салық салынатын табыстың күтілетін сомасы;

I - жоспарлап отырған жылдағы түтынушылық бағалардың иңдексі;

Оа - салық алудың орташа пайызы.

Осы әдіспен есептеуде күтіліп отырған түсімдер сомасынан түрақты сипатта емес біржолғы төлемдерді алып тастау қажет.

• бюджеттік жосларлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде салык түсімдерінің контингенттерін болжамдап, оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға жеткізеді;

• бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін жоспарлауды іске асырады.

Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге атзілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және тұсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген респуб-ликалың бюджет жөніндегі Заңнын баптарына сәйкес болуы тиіс.

Наши рекомендации