Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Әкенің үлгі-өнегесі мен ананың ақ мейірімі бала үшін айрықша қасиет.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Ата-әжені құрметтеу – басты парыз.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Әрбір отбасында әкеге және шешеге байланысты туыстық ұғымдар бар.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Отбасы сыйластығын халық жоғары бағалаған.

Грамматика: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Сұраулары мен қызметі ортақ болып, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысатын кемінде екі сөзден тұратын мүше. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз да, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады, олардың арасына үтір қойылады. Ескерту: Бірыңғай мүшелердің арасында мен, және, пен, бен, да, әрі, не, немесе жалғаулықтары бір-ақ рет келсе, онда араларына үтір қойылмайды.

Тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөздерді көшіріп жазыңыздар, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер.

Грамматика: Қос сөздер Қос сөздер сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер. Қайталама қос сөздер: көре-көре, көзбе-көз, биік-биік Қосарлама қос сөздер: үлкен-кіші, бала-шаға, салт-сана

Тапсырма. Мәтіннен қос сөздерді тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Тапсырма. Қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қойыңыздар.

1. Ата ананы құрметтеу – әрбір перзенттің парызы.

2. Әкенің үлгі өнегесі бұлжытпай орындайтын заң іспетті.

3. Бір үйде қанша болсаң, бір біріңе меймансың.

4. Атаны сыйлау – ата бабаны, елді сыйлау.

Тапсырма. Сөйлемдерді сәйкестендіріңіздер.

1.Отбасының екі тірегі –   1. әрбір жанұяның міндеті.
2. Аға ініге, қарындасқа үлгі-өнеге көрсетіп, 2. әлпештеген әке мен аялаған ана.
3. Ал «Інісі бардың тынысы бар» деп, халық інінің ағаға көмек көрсетіп, 3. оларға қамқоршы болуға міндетті.
4. Ұлттық дәстүр бойынша қыз баланы әлпештеп өсіру – 4. оған сүйеніш болатынын уағыздайды.  

Тапсырма. «Менің отбасым– менің мақтанышым» тақырыбында әңгімелеңіздер.

Екінші сабақ (жалғасы)

Тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдалана отырып «Жігіттің үш жұрты» деген тақырыпта сұхбат құрыңыздар.

Жігіттің үш жұрты
Өз жұрты әке жағынан туыстық қатынасы бар ағайындар Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке, іні, қарындас-сіңлі, немере, шөбере т.б.
Нағашы жұрты анасы жағынан туыстық қатысы бар ағайындар Нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, нағашы жеңге т.б.
Қайын жұрты келіншегі жағынан туыстық қатысы бар ағайындар Қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын іні, қайын бике, қайын сіңлі, бажа, балдыз т.б.
Қазақта “Өз жұртың күншіл, нағашы жұртың сыншыл, қайын жұртың міншіл” деген мақал бар.

Тапсырма. Туыстық атауларды білесіздер ме? Туыстық атауларды оқып, жаттап алыңыздар.

Туыстық атаулар

Үрім-бұтақ– бір атадан тараған бала-шаға, ұрпақ.

Ата-баба– ата-тек, тұқым-тұқиян.

Ұлы ата немесе баба– үлкен ата, арғы ата.

Ата– әкесінің әкесі.

Әже – әкесінің шешесі, үлкен шеше.

Әке– балалы болған ер адам.

Ана – балалы болған әйел адам.

Көке– әкесі, кей жерде ағасын да көке дейді.

Апа – анасы, шешесі, өзімен бірге туған жасы үлкен әйел затын да кейде осылай атайды.

Тәте– бірге туған жасы үлкен қыз; әпке немесе кей жерлерде әке, аға.

Туысқан бауыр– бір атадан өрбіген ұрпақтар, туыстас, бауырлас адамдар.

Аға– бірге туған жасы үлкен ер адам.

Әпке – бірге туған жасы үлкен әйел адам.

Іні– бірге туған жасы кіші ер адам.

Қарындас– бірге туған жасы кіші әйел адам.

Сіңлі– бірге туған жасы кіші әйел адам (бүл тек әйелдерге қатысты).

Бала – ата-ананың перзенті, ұрпақ.

Немере– ата-ананың ұлынан туған баласы, атадан санағанда үшінші ұрпақ.

Шөбере – төртінші ұрпақ, немереден туған бала.

Шөпшек – бесінші ұрпақ, шөбереден туған бала.

Немене– алтыншы ұрпақ, шөпшектен туған бала.

Туажат– жетінші ұрпақ, неменеден туған бала.

Жүрежат – сегізінші ұрпақ, туажаттан туған бала.

Жұрағат– тоғызыншы ұрпақ, жүрежаттан туған бала.

Жат жұрағат– оныншы ұрпақ, жұрағаттан туған бала.

Жекжат– жат жұрағаттан туған бала немесе туыс-ағайын, аталас, рулас.

Туыс, тума– бір атадан тараған онша жақын емес, аталас, ағайын-жұрт.

Бел бала– өзінен туған бала, төл ұрпақ.

Бөле, қарын бөле– бірге туған апалы-сіңлілердің балаларының бір-біріне туыстық қатысы.

Жиен– тұрмысқа шыққан қыздан туған ұл мен қыз.

Жиеншар– жиеннен туған бала.

Жеңге– ағаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

Жезде – туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

Немере іні– ағасының немесе інісінің баласының баласы.

Немере қарындас– ағасының немесе інісінің баласының қызы.

Келін – ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туған-туысқандар үшін інісінің әйелі.

Наши рекомендации