Тапсырма. Төменде берілген сұхбатты оқып, әңгімелесіңіздер.

Сұхбат сұрақтары:

1. Уақытты қадірлей алып жүрсіз бе?

2. Уақытты тиімді пайдалануда өз тәсілдеріңіз бар ма?

3. Өміріңізде «уақытым бекер өтті» деген өкінішті сәттер болды ма?

Тапсырма. Төменде берілген сұхбатты оқып, әңгімелесіңіздер. - student2.ru Роза РЫМБАЕВА, әнші, Қазақстанның Халық әртісі: Уақытымды тиімді пайдаланбағанда, Роза Рымбаева болмас едім.

1. Әрине. Өйткені менің әр күнім, әрбір сағатым, әр минутым белгілі бір жоспарға құрылған. Қаншама кездесулерім, гастрольдік сапарларым бар. Сондықтан ешқашан уақытымның бос өткен кезі болған емес. Ал жолға шыққанда газет-журналдар оқып, тынығамын.

2. Мен таңғы сағат 7:00-ден кешке дейін не істейтінімді қағазға түртіп, жазып жүремін. Және сол бойынша жұмыстарымды іске асырамын. Уақытты тиімді пайдаланбаса, белгілі бір жоспармен жүрмесе, өнер адамына өте қиын. Өйткені уақыт өте жылдам. Еш нәрсеге үлгере алмауың мүмкін.

3. Ешқашан «уақытым бекер өтті» деп өкінген емеспін және олай ойлауға уақытым да жоқ. Бала күнімнен еңбек етуге тырысып, әрбір күнімді жоспарлауға дағдыландым. Кейін сол қасиетім әдетіме айналып кетті. Егер мен осылай қатаң тәртіппен жүрмегенде, өз-өзіме сынмен қарамағанда, елге танымал әнші Роза Рымбаева болмас едім.

Тапсырма. Төменде берілген сұхбатты оқып, әңгімелесіңіздер. - student2.ru Сәкен МАЙҒАЗИЕВ, «МузАрт» ансамблінің әншісі: Кейде жалқаулық жар бермейді

1. Өнер адамы болғандықтан, уақытымыздың басым бөлігі жолда өтеді. Сондай уақыттарда кітап, газет оқуға тырысамын. Кейде уақыт бола тұрып, тиімді пайдаланбай, жалқаулыққа жол беріп қоямын. Ғаламтор желілерінен шетел әншілерінің ізденісін, соны жаңалықтарын көрейінші деп отырып, уақытымды түкке пайдасы жоқ, болмайтын бір нәрселермен өткізіп алып жатамын. Сондай кездерде «әттеген-ай, уақытым босқа кетті-ау!» деп өкінемін. Өтірік емес, кейде телефоныма хабарласатын жанкүйерлеріммен, таныстарыммен әңгімелесіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қаламын. Бірақ оған бола уақытымды алды деп ашуланған емеспін, керісінше, олардың мені іздегеніне қуанамын.

2. Қаншалықты тырысқаныммен, уақытты жүйелі пайдалануға дағдылана алмай-ақ қойдым. Оның үстіне аяқ астынан жұмыстар шығып, шақыртулар, кездесулер болып қалады. Сондықтан уақыт үнемдеуде, дұрыс пайдалануда арнайы тәсілдерім жоқ.

3. Студент кезімде «шіркін, Ресей жұлдыздары секілді керемет әнші болсам ғой» деп бос арманға, қиялға берілетінмін. Бірақ кейін «МузАрт» тобының мүшесі болғанымда, сол армандарымның босқа кетпегеніне көзім жетті. «МузАрттай» ансамбльдің әншісі болғаныма Аллаға шүкіршілік айтамын.

anyzadam.kz/info/379/

Уақытты қадірлей білесіз бе?» тақырыбында интервью алу үшін сұрақтар дайындаңыз. Белгілі қоғам қайраткерлерінен итервью алыңыз.

Блиц-сауалдың нәтижесі бойынша жастардың 40 пайызы – бос уақытын ғаламтор алдында, 20 пайызы – мәдени-сауықтыру, 30 пайызы – спортпен айналысып, 10 пайызы – түнгі клубтар мен ойын алаңдарында өткізгенді құп көреді. Сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Әңгімелеп беріңіз.

СЕГІЗІНШІ АПТА

Наши рекомендации