Зіндік жұмыстың «шағын жобанын) құрылымы мен мазмұны
Жұмыстың ғылыми-зерттеу және әдістемелік базасы студенттің нақты социологиялық зерттеулердің нәтижесі, нормативтік, есепік және жоспарлы құжаттары, сондай-ақ оқу және өндірістік тәжірибе болуы тиіс.
Өзіндік жұмыс (шағын жоба) келесідей тараулардан тұруы керек:
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әр тарау зерттеудің негізгі мазмұнын үздіксіз және логикалық тұрғыдан ашатын параграфтарға бөлінеді.
Өзіндік жұмыстың Кіріспесінде(2-3 бет) келесідей аспектілер көрініс табуы қажет:
- Тақырыпты таңдауды, оның өзектілігін, ғылыми және практикалық маңызын негіздеу;
- Жұмыстың негізгі мақсатын, міндетін анықтау;
- Зерттеудің теориялық негізін, базалық әдістерін және әдістемесін анықтау.
Кіріспені барлық жұмысты аяқтағаннан кейін жазу керек, себебі мұндай жағдайда жұмыстың мәнін қысқартылған формада көрсетуге болады.
Негізгі бөлім ді екі тараумен қарастырған жөн. Олардың әрқайсына тоқталып кетейік.
І тараутеориялық бағытқа ие. Мұнда әдебиетте зерттелетін мәселенің мәні мен мазмұны қалай түсінілетіні, жекелеген авторлар қандай маңызды процесс белгілерін немесе құбылыстарын бөліп көрсететіндігі, ғалымдар мен практиктердің көзқарасы бойынша қандай жағдайда сол немесе өзге процесс, сол немесе өзге құбылыс тиімді қиылысады, оның қызмет етуінің нормативтік-құқықтық негіздері туралы қысқаша әдебиетке шолу берілуі керек. Жекелеген параграфтар ретінде тақырыптың теориялық негіздері қарастырылады. Тараудың үлгілік көлемі 8-10 бет.
ІІ тараунақты объекті мысалында (кәсіпорын, сала, қызмет түрі) зерттелетін проблеманың нақты жағдайының сипаттамасынан тұруы тиіс. Зерттеу бөлігі жасалған зерттеулер жазбасынан, алынған мәліметтерді талдаудан тұрады. Өзіндік жұмыстың мазмұнына оның текстік бөлігімен қатар графикалық және көрнекі материалдар кіруі тиіс. Зерттелетін кәсіпорынның құрылымы, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалуы тиіс. Зерттелетін нақты мәліметтер кемінде 3 жылды қамтуы тиіс. Талдау тарауының материалдары теориялық тараудың логикалық жалғасы болуы және нақты кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың ғылыми негіздері жетістіктері қандай шамада екенін көрсетуі керек. Ұйымдық-экономикалық талдаудың нәтижесінде жасалған қорытынды өндіріс резервтерін неғұрлым кеңірек ашып көрсетуге бағытталуы тиіс. Тараудың материалдары 10-15 беттен тұрады.
Студент өзінің жұмысында зерттелетін объекті шегінен шығып, тұтастай саланы қамтуы керек. Қызметті ұйымдастыруды жақсарту мен оның тиімділігін көтеру резевтерін халық шаруашылығының барлық салаларын қамтитын салааралық байланыстарды жетілдіру мен келісілген дамуынан іздеу қажет.
Өзіндік жұмыстың аяқталу бөлімінде өндіріске ұсынылған ұсынысты енгізуден келетін экономикалық тиімділікті көрсететін есептеулерді келтірген дұрыс.Тақырыптың және зерттеу объектілердің әртүрлі сипатымен қатар қорытынды тарау талдау тарауынан жазбаның мазмұны мен формасының жоғары дербестігімен ерекшеленеді. Маңыздылығы бойынша үшінші тарау шешуші болып табылады, оның үлесіне өзіндік жұмыстың негізгі бөлігі келеді және 15-17 беттен тұрады.
Қорытындыдаәрекет етіп тұрған жағдайдың қорытындысы түрінде зерттеудің қорытындысы қысқаша беріледі. Қорытындыда студент жалпы жұмыс бойынша жалпы қорытынды жасайды, олардың теориялық және практикалық маңыздылығын, практикалық қызметте алынған нәтижелерді пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.
Қорытындыда жұмыстың мазмұны көрсетіліп, қысқа, анық және нақты қалыптасқан болуы тиіс. Олар кіріспеде қойылған міндеттердің қалай шешілгені, қандай резервтер анықталғандығы, оларды неғұрлым толық пайдалану үшін қандай нақты ұсыныстар жасалғандығын көрсетуі тиіс.
Мәтін жазбасы кемінде 20-дан кем емес көздерден тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі студенттің қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ғылыми-теориялық жұмыстармен (монография, ғылыми мақалалар, жариялымдар т.б.) қаншалықты кеңінен танысқандығын дәлелдейді. Тізімге жұмыста үзінділері берілген әдебиеттер ғана емес, сонымен қатар бұл мәселе бойынша студенттің оқыған және қарастырған барлық әдебиеттер кірістіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің рәсімделуі қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес алфабиттік тәртіппен немесе сілтеме жасалған ретпен жасалады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу.Әдебиетті талдау үшін экономист-классиктердің еңбектерін, сәйкес проблеманы зерттеу әдістемесіне арналған жұмыстарды, зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерді оқу қажет. Әдебиетті жүйеленген оқу нәтижесінде ғылым мен тәжірибенің мәліметтері негізінде оң тәжірибесі көрінетін сілтеме жасалады, шаруашылық жүргізудің тәжірибесіндегі жетіспеушіліктер мен қате теориялар мәні көрсетіледі, қойылған міндеттер бойынша қорытындылар жасалады.
Егерде, қосымшабар болса, онда текстік материалдар, жұмыстың жазба бөлігінің графикалық және көрнекі материалдар бөлігі берілуі мүмкін. Қосымша әдетте жекелеген беттерде рәсімделеді, нөмірленеді және олардың әрқайсысының өзінің тақырыптары бар.
Мазмұны бет саны көрсетілген жұмыс жоспарына сәйкес келеді.