Азақстан Республикасының Ұлттық қорының құрылу көздері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары: 1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу; 3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

· 1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;

· 2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;

· 3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері 3,3 триллион теңгені (аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес есептеу тәсілімен) - 27,9 миллиард АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 63:37% болды. 2014 жылдың аяғына бұл сома 1,9 миллиард доллар құрап, Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 90:10% болған еді.

2008 жылы Ұлттық қорға 1,7 триллион теңге түсті, соның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түскен тура салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда)- 1,7 триллион теңге, оның 717,8 миллиард теңгесі (6 миллиард АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау / қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторының кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді қоспағанда)- 16,6 миллиард теңге,ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 1,6 миллиард теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар - 66,2 миллиард теңге.

Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2008 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461,4 миллион теңгенің 461,4 миллион теңгесі аударылды. Ол жоспардың 99,9%- ын құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5,1 миллиард теңгенің 3,5 миллиард теңгесі аударылды, бұл 69,1%-ды құрайды.

Ұлттық қорға 2009 жылы жоспардағы 1 394,9 миллиард теңгенің орнына 1 378,1 миллиард теңге қаржы түсті. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке дағдарыска қарсы іс-кимыл шараларын қаржыландыру үшін жыл ішінде 1 107,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Атап айтқанда, 843,1 миллиард теңге кепілдендірілген трансфертжәне 261,5 миллиард теңге мақсаты трансферт. Қорыта айтқанда, 2009 жылы Ұлттық қордың өсімі 270,6 миллиард теңгеге жетіп, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша жалпы мөлшері 4 542,8 миллиард теңгеге жетті.

Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылга арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607,5 миллион теңге аударылды.

Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2008 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 66,2 миллион теңгені құрады.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2008 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.

Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады.
Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық қүралдарға инвестицияланады.
2012 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды.
Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырады: ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау анағұрлым салмақталған фискалдық саясатты жүргізуге мүмкіндік жасады. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.
Ұлттық қор проблемасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN AMRO Bank, State Street Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Қордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бүл 2014 жылдың осы көрсеткішінен 8%-ға төмен.
Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 2008 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарларда қабылданған.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мүнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.

Сараптаушылардың кезқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіредІ.

Тұжырымдама

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

· Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;

· Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;

· тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;

· ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.

Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін кайтарусыз түсімдер осы Қордан кепілденілген трансферт болып табылады.
Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ұлттық қор дегеніміз не?

2. Ұлттық қорының мәні қандай?

3. Ұлттық қорының құрылу көздері нелер болып табылады?

4. Ұлттық қордың қаражаттары қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2014

2. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы:Юрист, 2014

3. Қазақстан Республикасының заңдары.

4. Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулылары.

5. Указ Президента Республики Казахстан «Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета» от 05.08.2014г. №917.

6. Министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулық материалдары.

7. Бюджетная система Российской Федерации: Учебник/ М.В.Романовский и др.; Под ред. М.В.Романовского, О.В. Рублевской - 2-ое изд., исп. и перераб. – М.: Юрайт, 2012. -615с.

Наши рекомендации