Бірыңғай қазынашылық шот. Мемлекеттік мекемелер шоттары

Бюджеттерді атқаруға қажетті шоттар жоспарларын жасау тәртібі мен нақты жасауын Қаржы министрлігі іске асырады. Шоттар жоспарлары республикалық және жергілікті бюджеттер үшін, сондай-ақ процедуралық шоттарға бірыңғай болады.

Бюджеті атқару үшін келесі шоттар жоспарлары пайдаланады:

• бюджеті атқару бойынша аудармалық операциялардың есебі мен жүргізу үшін бірынғай шоттар жоспары;

• мемлекеттік мекемелерде бухталтерлік есеп жүргізу үшін шоттар жоспары;

• мемлекеттік мекемелермен ақылы қызмет көрсету нәтижесінде тұскен түсімдер мен оларды жұмсау бойыншаоперациялардың есебі үшін шоттар жоспары;

• мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз, бюджеттен несиелендіру бойынша бухгалтерлік есеп үшін шоттар жоспары.

Республикалық және жергілікті бюджеттер ақша қаражаттары бойынша аудармалық операциялар, ақылы қызмет аткару мен демеушілік және қайырымдылык көмектен, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік құралдарынан түскен түсімдер Бірыңғай қазынашылық шот арқылы іске асырылады. Бюджеті атқару процесінде басқа да банктік шоттар ашылуы мүмкін, мысалы екінші деңгейдегі банктерде мемлекеттік сырткы заемдар арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға.

Қаржы министрлігі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Ұлттық банкте Ұлттық валютада бірыңғай қазынашылық шот пен валюталық шоттар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен басқа банктік емес шоттар ашады.

ІТроцедуралык шоттарға бюджеттік түсімдер мен сол түсімдер аркылы құралдарды жұмсаумен байланысты ауыстырмалық операцияларды бейнелеу үшін келесі банктік емес шоттар жүргізіледі:

• республикалық бюджет түсімдері мен одан құралдар жұмсауға байланысты операцияларды бейнелейтін республикалық бюджет қолма-қол (наличности) бақылаулық шоты;

• тиісті жергілікті бюджеттер түсімдері мен олардан құралдар жұмсауға байланысты операцияларды бейнелейтін тиісті жергілікті бюджеттер қолма-қол (наличности) бақылаулык шоттары;

• бюджеттік және рұқсат етілген басқа құралдар арқылы іске асырылатын шығыстар есебі үшін қажетті мемлекеттік мекемелердің шоттары.

Шетел валютасы арқылы бюджеттік операциялардын есебін іске асыру үшін бюджет атқару жөніндегі орталык уәкілетті орган Ұлттык банкте валюталар түрлері бойынша шоттар ашады. Осы валюталық шоттардан түсімдер мен шығындар операциялары Ұлттык банк белгілеген валюта айырбастау курсына сәйкес іске асырылады және ол курс теңгенің ресми курсы болады. Мемлекеттік мекемелерде келесі шоттар болуы мүмкін:

• бюджет құралдары арқылы іске асырылатын операциялар есебі үшін ашылатын бюджеттік шот;

• тауар, жұмыс, қызметі іске асырудан алынған және мемлекеттік мекеменің өкілдігінде қалатын ақшаны есебі мен жұмсау үшін ашылатын шоттар;

• демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынатын ақшаның түсуі мен жүмсауы есебі үшін ашылатын шоттар (Ұлттық және шетел валютасында);

• мемлекеттік мекеменің уақытша өкілетілігіне түсетін және аныкталған шарттарға сәйкес қайтарып беретін немесе бюджет кірісіне алынатын ақшаларды есепке алу үшін ашылатын депозиттік шот;

• бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің тауарлар, жұмыстар, қызметтер алуға арналған шығындарды өтеу және займдардың халықаралық келісімшарт ережелеріне сәйкес жобаны әкімгерлік жүргізу үшін ашылатын бюджеттік
инвестициялық жобалардың арнайы шоттары;

• бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мерзімінде Үкіметтік сыртқы займдар арқылы берілген несиелер бойынша негізгі қарызды өтеуге қайтарылатын ақшаларды есепке алу мен пайдалану үшін ашылатын бюджеттік
инвестициялық жобаның жаңғырмалы шоты;

• шетел валютасымен операциялар жүргізу үшін ашылатын шетел валютасының шоты;

• ресііубликалық бюджет арқылы үсталатын мемлекеттік мекемелердің айрықша шығындарын жүргізуге арналған құралдарды есепке алу мен жүмсау үшін ашылатын мақсатты қаржыландыру шоты.

Барлық шоттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен ¥лттық банкте ашылады, бірақ Парламентпен бекітілген халықаралық келісімшарттарды іске асыру үшін шоттар Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің рұқсатымен екінші Деңгеңдегі банктерде ашылуы мүмкін.

Наши рекомендации