Iii курстыҚ жобаны рӘсімдеу реті

1. Түсіндірмелік жазба баспа тәсілімен компьютерді және принтерді қолданумен, А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне, Times New Roman 14 қарпімен бір жарымдық жоларалық интервалмен жазылуы керек.

2. Сол жағынан алғанда рамкадан мәтінге дейінгі ара қашықтық 5 мм, ал оң жағынан алғанда 3 мм. Үстінгі және астынғы жағынан рамкадан мәтінге дейінгі ара қашықтық 10 мм. Мәтіндегі азат жол 1,25 мм –ден кейін жазылады.

3. Басып терілген мәтін мен суреттер, кестелер шартты өлшемдерге сәйкес анық жазылып, ЭЕМ-мен басып шығару сапалы және нақты оқылу талаптарына сәйкес келу керек.

4. Курстық жобаға негізделген түсіндірмелік жазба қажет болған жағдайда бөлімдерге және бөлімшелерге бөлінеді. Барлық бөлімдердің атауы азат жолдан бастап жазылып, нүктесіз аяқталады. Араб сандарымен көрсетілген реттік нөмірлері болу қажет. Бөлімшелер әрбір бөлімге сәйкес нөмірленуі керек.

Бөлім мен бөлімшенің айырмашылығы нүктемен көрсетіледі. Бөлім ішілік тақырыптардың соңында нүкте қойылмайды.

1.1 тақырыпшалардың нөмірленуі

1.2

Тармақтар мен тармақшалар біртіндеп көрсетілуі мүмкін. Әрбір айқындаманың алдында сызықша қою керек немесе қажет болған жағдайда біртіндеп көрсетілген құжат мәтінінде нұсқау, кіші әріптен кейін жақша қою керек, мысалда келтірілгендей әрбір саннан кейін жақша көрсетілуі керек және азат жолдан басталуы керек.

а) _____

б) _____

1) _____

2) _____

в) _____

Бөлімнің тақырыбын 26 қарпімен жазу керек. Бөлімнің тақырыбын тасымалдап бөліп жазуға болмайды. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, олардың арасына нүкте қойылады. Бөлімнің тақырыбы мен мәтіннің ара қашықтығы 1 интервал болу керек. Бөлімнің тақырыбы мен бөлімшенің тақырыбының ара қашықтығы 2 интервал болу керек. Мәтіннің әрбір тақырыбы жаңа таза беттен басталып жазылу керек. Құжаттың және қосымшалардың парақ беттері біркелкі болу керек.

5. Теңдіктердің нөмірі бөлімге сәйкес және парақтың дәл ортасында болу керек.

Мысалы:

Nпотр = Nрд ∙ (1 + αгос), жұп пойыз (4.27)

мұндағы Nрд – телімдегі пойыз қозғалысының шамалары;

αгос – мемлекеттік қор (αгос = 0,15).

Nпотр = 25 ∙ (1 + 0,15) = 31,25 ≈ 31 жұп пойыз

6. Түсіндірмелік жазбаның беттерінің нөмірін араб әріптерімен көрсету керек. Нөмірлеуді парақтың төменгі оң жақ бұрышына нүктесіз қою керек.

7. Сыртқы бет ортақ нөмірлеумен бірге есептеледі. Сыртқы бетте нөмір көрсетілмейді.

8. Суреттің атауы жол ортасында көрсетіледі

Суреттің атауларын қосымшаларды қоспағанда, араб әріптерімен көрсету керек. Егер сурет біреу болса, ол «Сурет 1» деп көрсетіледі Суреттің атауы бөлім нөмеріне сәйкес нөмерленуі керек.

Мысалы:

Сурет 1 Қанық керегеннің сызбасы

Сурет 1.1 Күрделі аралықтың керегені

9. Әрбір бөлімді жаңа таза беттен бастау керек. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер мәтіннен екі жолға түсіп тұруы керек.

10. Мәтінге кіретін парақтар мен қосымшалардың нөмірленуі біркелкі болу керек.

11. Суреттік сипаттамаларды (сызбалар, карталар, керегендер, диаграммалар, фотосуреттер) мәтіннен кейін орналастыру керек немесе келесі бетке орналастыру керек. Суреттік сипаттамалар компьютермен орындалуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Сонымен қатар суреттік сипаттамаға сілтеме жасалуы тиіс.

12. Суреттік сипаттамаға сілтеме көрсеткен кезде "2-суретке сәйкес" деп біркелкі нөмірлеумен және "1.2-суретке сәйкес" деп бөлімге негіздеп нөмірлеу керек.

2-суретте бір уақытта келмеу сызбасы және айыру бекетінде орналасатын пойыз көрсетілген.

Iii курстыҚ жобаны рӘсімдеу реті - student2.ru

Сурет 1 - Айырылыспа бекеттегі пойыздардың орналасуы мен қиылысу интервалының сұлбасы

13. Кестелер ең жақсы көрнекілік үшін және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы үшін керек. Кестенің атауы оның мәтінін айқындап, нақты әрі қысқа да нұсқа болу керек. Кестенің атауы кесте үстіне азат жолдан басталатын «Кесте 1.» деген сөзден кейін жазылу керек.

14. Егер кесте мәтінде бірінші рет аталған болса мәтіннен кейін немесе келесі беттен жазу керек.

15. Барлық кестедеге сілтеме жасалуы керек керек. Сілтеме жасағанда (1-кесте) деп нөмірін көрсетіп жазу керек.

16. Бір бетке сыймаған кестені келесі бетке жалғастырып жазуға болады. Егер де кестені басқа бетке ауыстырса, онда келесі бетте бірінші жартысында бір рет сол жақтан «Кесте» деген сөз және оның нөмірі, ал келесі жартысында «1-кестенің жалғасы» деген сөз жазылады. Кестені басқа бетке ауыстырғанда кестенің атауын тек қана бірінші жартысына жазады. Кестені келесі бетке ауыстырған кезде кестенің соңына кестені шектейтін сызықты көрсетпейді.

Мысалы:

Кесте 4.2 Жұп бағыттағы «А-Б» телімінің жинақтық кестесі

Аралық Тпер Nнал Nпас εпас Nприг εприг Nсб εсб Nгр Nрд Nпотр Nрез=Nгр-Nпотр
А – б                        
б - в                        
в – г                        

4.2 - кестенің жалғасы

г – д                        
д – е                        
е – ж                        
ж – з                        
з - Б                        

17. Қосымша кестелерден басқа кестелерді араб әріптерімен нөмірлеу керек.

18. Кестеде мәтінге қарағанда кішірек қаріп қолдануға рұқсат етіледі.

19. Пайдаланылған деректерде көрсетілген сілтемелерді төртбұрыш жақшада көрсету керек. [1]. Осы көрсетілген сілтемелерді рет-ретімен араб әріптерімен нүктесіз азат жолдан бастап жазу керек.

20. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі курстық жобаны орындау кезінде қолданылған реттілігі бойынша жазылады. Мәтінде пайдаланылған әдебиеттердің сілтемесі төртбұрыш жақшамен көрсетіледі [1].

Наши рекомендации