Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияландыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады. Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:
- өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;
- тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;
- шаруашылық субъектілерді құрғанда, қайта құрғанда және жойғанда монополияға қарсы талаптарды бақылауды қадағалау;
- шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;
- монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;
- еркін, реттелген. Алдын ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;
- шет ел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;
- экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;
- еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.
Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер туралы мәліметтерді 1 – суреттен көруге болады.
1 – сурет. Билік органдары мен шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер.
Фирма, кәсіпорындардың жұмысы мәліметтерді құпиялауға заңды правосы бар, оны жариялау олардың ісіне үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.
Кәсіпорын, кәсіпкерлер өздерінің істері туралы мәліметтерді құпияда сақтауға құқылы, оны жариялау нарықтағы орнына зиян келтіруі мүмкін.
Кәсіпкерлік құпия – бұл өндірістік құпия, ғылыми-зерттеу жұмысының қортындысы, жоба—конструкторлық технологиялық зерттеулер және өндірісте пайда болатын жеке қосалқы міндеттер шешімі. Бұл сонымен бір арнайы техникалық шешімдер, нақты экономикалық процесті басқару әдістеріне жататын жұмыстар.
Кәсіпорындар туралы заңдар бойынша мемлекеттік органдарға мәлімет бермеуге құқықтары бар, егер коммерциялық құпия болатын болса. Сонымен бірге кәсіпорын мемлекеттік органдарға, мемлекеттік статистикалық мәліметтер, салық төлеу туралы, жылдық есептерді беруге тиісті.
Өкіметтің қаулысы бойынша коммерциялық құпияға жатпайтын мәліметтер тізімі беріледі. Олар: кәсіпорынды тіркеу құжаттары, тіркеу анықтамасы, патенттер, лицензиялар, бекітілген форма бойынша берілетін есептер, ол салықтың дұрыс есептеліп төленуін бақылау үшін және бюджетке түсетін түсімдер туралы мәліметтер, қызметкерлер саны мен құрамы, олардың жалақы қоры, еңбек жағдайы, бос жұмыс орны туралы және қоршаған ортаны сыныптау, т.б. мәліметтер жатады.