Жұмыссыздық: мазмұны, себептері мен формалары.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:

1. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.

2. Фрикциондық жұмыссыздық –адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтамыз.

3. Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы, бұл кейбір ауыл шарашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.

4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.

5. Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.

Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез-келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2.5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

46. Мемлекеттің жұмыс бастылық саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.Әлемдік тәжірибеде жұмыс бастылықтың деңгейіне әсер етудің 3 негізгі бағыты қарастырылады: 1) жұмыссыздарды жұмысқа тұрғызу және кадрларды даярлау мен қайта даярлауда қолдау көрсетеді; 2) икемді еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын құқықтық қамсыздандыруды құруды ынталандыру; 3) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау.ҚР-да осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Жұмыссыздық мәселесін шешуде ерекше орынды еңбек биржалары алады. Еңбек биржасы – бұл тұрақты негізде қызмет жасайтын мекеме. Мұндай еңбекті жалдау кезінде, жұмыскер мен кәсіпкер арасындағы делдалдық іс-әрекет жүзеге асады.ҚР-да 1991 жылдан бастап жұмыс атқарады. Еңбек биржасының мақсаты – жұмыссыздарға көмек көрсету. Негізгі қызметі – еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды зерттей білу, жұмыссыздар санын есепке алу, бос жұмыс орнын тіркеу, жұмысты ауыстыратын және жұмысқа тұрғысы келетін адамдарға ақпарат беру, жұмыс іздеген мамандарды оқытуды ұйымдастыру және жаңа дайындықтан өткізу, жастар арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру, кезінде делдалдық іс атқару ж/е жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу.ҚР-да тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған. Жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға, қамқорлықтар жасауға көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың квотасы белгіленген.

ҚР президентінің Жұмыс бастылықтың жаңа стратегиясы туралы 28.01.2011. ж. жолдауы

Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыз­дық­ты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылым­дар­ды жақсарттық.Бұл бағдарламалар қазақстан­дық­тар­дың кең қолдауы мен разылығына ие болды.Бүгінде жаңа экономика білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар – біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс істеуі үшін салып жатырмыз.Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері­мен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамы­ры­на дейін халықты еңбекпен қамту жө­нінен қағидатты түрде жаңа бағ­дарлама әзірлеуді тапсырамын.Үкімет бизнес-қауымдастықпен бір­лесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.Әрбір қазақстандықтың елді ауқым­ды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.Кезінде мен дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақ­стандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.Ол табысты жүзеге асырылды.Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрия­лан­дыру шынымен де бүкілхалық­тық сипат алып, әрбір қазақстан­дық­тың ісі болатындай етіп құру қажет.Өз өмірлерін ауылмен байланыс­тарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.

Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жыл­ға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуы­ның болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.Даму әлеуеті жоғары елді мекен­дерде селолық инфрақұрылымдар да­мы­тылып, суаратын суларға, ми­кро­не­сиелеу бағдарламалары мен табиғи грант­тарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.Қазірдің өзінде микронесиелік ұй­ымдар қызметінің құқықтық негізі бар.Бүгінде рыноктағы олардың саны бір мың екі жүздей және олар халыққа сомасы 16 миллиард теңге болатын 110 мың несиелер берді.Дегенмен, олар негізінен айтарлық­тай жоғары мөлшерлемемен тұтыну­шылық мақсаттарға жұмсалуда.Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, ең­бекпен қамту жағына басымдық беру керек.Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жобасы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.Үстіміздегі жылы қосымша 3 миллиард теңге қарастырылсын.2012-2015 жылдары бұл қаржылан­ды­ру жыл сайын 10-15 миллиард тең­геге көбейтілсін.Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100 пайызы тек өз ісін ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.Жоғарыда айтылған мал шаруа­шы­лығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру ондаған мың ауыл тұр­ғын­да­рына жұмыс тауып береді.Сондықтан атқарушы биліктің бар­лық деңгейлері мен «Нұр Отан» пар­тиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.Үкіметке алдағы жылдан моти­ва­ция­лы ақшалай төлемдерге көшуді тап­сырамын.Басты мәселе – масылдықты еңсеру.

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін болады.

Кедейшілік проблемаларын мемлекеттік жәрдемақы есебінен жұмсарту емес, шешу керек.

Мемлекет тек объективті тұр­ғы­дан еңбекке қабілетсіздер мен аз қам­тамасыз етілгендерге ғана көмек­тесетін болады.

Наши рекомендации