Тақырып. Жерге орналастыру, жер мониторингі мен жер кадастры.
Жоспар:
1.Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны және тәртібі.
2.Жер мониторингін жүргізу тәртібі мен мақсаты.
3.Жер кадастры.
Негізгі ұғымдар: кадастр, мониторинг, жер кадастры, жер мониторингі, жерге орналастыру.
1.Қазақстан Республикасы жер кодексінің 149-бабына сәйкес, жерге орналастырудың мақсаттары мен мазмұны:
- жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған, ҚР жер заңдарын сақталуаны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесі болып табылады.
- Жерге орналастыру меншік нысанына қарамастан және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.Жерге орналастыру жер қорын басқаруға байланысты мемлекеттік қызметтің бағыттарының бірі. Жерге орналастыру құрамын жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жүйесін құрайды.Жерге орналастыру экономикалық аспект ретінде жер өндіріс құралы және халық шаруашылығының салаларының объектілер орналастыратын аумақтық базисі ретінде жерді ұйымдастыру.Жерге орналастыру құқықтық аспект ретінде - жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын жүзеге асырудың шарттарын анықтайды.Жерге орналастырудың техникалық аспектісі жобалау, іздестіру, зерттеу және түсіру т.б. ҚР жер ресурстарын басқару агенттілігі жүзеге асырады.
Жерге орналастыру жұмыстары 5 шілде 1997 жылы қабылданған ҚР Үкіметінің «ҚР Жерге орналастыру жүргізудің тәртібі туралы» ережеге сәйкес жүргізіледі.
Жерге орналастыру процессінің кезеңдері:
- Жерге орналастыру әрекеттері өндірісін қозғау;
- Дайындық жұмыстары;
- Болжауларды, сызбаларды, жерге орналастыру жобаларын өңдеу;
- Жобаны жерге көшіру;
- Жерге орналастыру құжаттарын рәсімдеу және беру;
- Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге орналас-тыру жобаларының орындалуын бақылау.
Жер мониторигісі – жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі.Жер мониторигісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процесстерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді.Жер мониторигісі мақсаттары, міндеттері, құрылымы оның жүзеге асырылу тәртібі 19 қыркүйек 2003 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен реттеледі.Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жер мониторингісін жүргізу бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады.Мемлекетаралық және халықаралық жер мониторигісін қаржыландыру ҚР басқа мемлекетпен жасаған шарттармен келісімдерге сәйкес жүргізіледі.
2. Жер мониторингісінің міндеттері:
- жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процесстерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Жер мониторигісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей процесстер анықталады:
1.Эволюциялық (дамудың табиғи тарихи процестерімен байланысты);
2.Кезеңдік (күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер);
3.Антропогендік (адам қызметімен);
4.Төтенше жағдайлар (экологиялық апаттар);
Жер мониторингісі ақпараттық қайнар көзіне бақылаудың, зерттеудің, инвентаризациялаудың нәтижелері, архивтік мәліметтер және жер сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жатады. Жер мониторингісін объектісі – меншік нысанына, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық ҚР жері танылады.
Жер кадастры.
Жер мониторигісінің мәліметтері мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қажетті ақпараттық негізін құрайды.
Мемлекеттік жер кадастры - ҚР жерінің табиғи шаруашылық жай-күйі, жер учаскесінің орналасқан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажеті мәліметтердің жиынтығы.
Жер кадастырың негізгі мақсаты – жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету. Жерге заттық құқықтардың азаматтық айналымы жерге меншік құқық жағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
Жер туралы мәліметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледі. Базалық құжаттарға келесілер жатады:
- жер учаскесінің жер кадастрылқ ісі;
- мемлекеттік жер кадастрының кітабы;
- жер кадастрының картасы;
Жер учаскесінң жер кадастрылқ кітапқа жазба енгізілгеннен кейін оған жеке елдің аумағына қайталанбайтын нөмір беріледі. Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері басқару, экологиялық шаруашылық және кәсіпкерлік қызмет саласында пайдаланылады. Кадастрлық мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі қағидалар сақталуы тиіс:
1.Мемлекеттің жер қорын түгелдей қамту;
2.Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі;
3.Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі;
4.Жер кадастрын жүргізу органдарының бірыңғай жүйесінің болуы;
Жер кадастрының мәліметтері келесі жағдайларда қолданылады:
1.Жер учаскелерін беру және алып қою;
2.Жер учаскесімен мәміле жасау;
3.Жерге төлем мөлшерін анықтау;
4.Құқықтық басқа кадастрды жүргізу үшін.