Жерге орналастыру, жер мониторингі мен кадастры.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.

Жерге орналастыру мыналарды қамтиды және қамтамасыз етеді:

1) ландшафтық-экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеу;

2) қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;

3) белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;

4) белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуде;

5) жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;

6) жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;

7) топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;

8) жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды.

Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі.

Жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

- жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;

- жер ресурстарын ҚР-ғы табиғи жағдайларды кешенді бақылау жүйесінде зерттеу;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер маниторингі және жер-бағалаушылық жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, әдістерді, ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;

- шекараларда әкімшілік-аумақтық құрылымдарды, меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың жер учаселерін орнықтыра және бікете отырып жерге орналастыру және тиісті материалдар мен құжаттарды рәсімдеу, меншікке немесе жер пайдалануға берілген жерлерді пайдалану шарттары мен режимін белгілеуге байланысты ұсыныстар жасау;

- табиғи ландшафтарды жақсартуға және жетілдіруге, жерлерді қорғауға, топырақтың құнарлығын сақтау мен арттыруға, жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және қолда бар алқаптардың жағдайларын жақсартуға, жерлерді эрозиядан және дефляциядан, селден, су басудан, құрғаудан, қоқыстанудан, кейінгі тұзданудан, шөлденуден, химиялық, радиоактивтік және өңдірістік қалдықтардан ластанудан және басқа да кері құбылыстардан қорғауға бағытталған шараларды даярлау;

- жерлердің саны, сапасы туралы ақпаратты дайындау;

- жер-бағалаушылық жұмыстарын және ауыл шаруашылығы алқаптарын аул шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өңдірісінің шығындарын анықтау;

- жерді аймақтарға бөлу.

ҚР Жер кодексінің 151-бабына сәйкес жерге орналастыру процесі мынадай кезендерді қамтиды:

- жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

- дайындық жұмыстары;

- жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;

- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісі және бекіту;

- жерге орналастыру жобасын орындау.

Мемлекеттік жер кадастры ҚР-ның мемлекеттік кадастырлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылатын, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ҚР-ның бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.

Мемлекеттік жер кадастырының мәліметтері мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.

Мемлекеттік жер кадастры аэрофототопографиялық, фотограмметриялық, кадастырлық суретке түсіруді, жобалау-іздестіру, картографиялық және бағалау жұмыстарын, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер, жер мониторингін, жерді мөлшерлік және сапалық есепке алу жәек мемлекеттікжер кадастрын жүргізуге байланысты басқа да жұмыстар атқару арқылы жүргізеді. Мемлекеттік және жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау кезінде, жерге орналастыруды жүргізу, шаруашылық қызметті бағалау және жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асыру кезеніңде, сондай-ақ жердің біріңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, құқықтық және басқа кадастрларды жүргізу, жер үшін төлем мөлшерін айқындау, жылжымайтын мүлік құрамындағы жер учаскелерінің құнын және табиғи ресурстар құрамындағы жердің құнын есепке алу үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік жұмыс кадастры мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:

1) жер учаскелерінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;

2) жердің мөлшері мен сапасын есепке алу;

3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;

4) мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;

5) жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;

6) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;

7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;

8) жер-кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді;

9) жер-кадастр кітабы мен біріңғай мемлекеттік жер тізілімін жүргізуді;

10) жер учаскелеріне құқықты куәландыратын құжаттарды дайындауды.

Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының саплық және мөлшерлік жай-күйін базарлық, жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.

Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргізу үшін база болып табылады.

Жер мониторингінің міндеттері болып мыналар табылады:

1) жердің жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жонінде ұсыныстар әзірлеу;

2) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету.

Жер мониторингінің жердің сипаттарына сәйкес келетін ішкі жүйелері болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергілікті жер маниторингі жүзеге асырылады.

Наши рекомендации