Сур. Энергия тиімділігі мен жаңа генерациялар құрылысын арттыруға кеткен инвестициялар (Украина) шығыны

Электр энергиясын дамыту үшін – қоршаған ортаға әсерін минимум шамаға жеткізу кезінде әрекет етуші электр станцияларының қызмет мерзімін ұзарту бойынша іс-шаралары. Барлық электрстанцияларын жаңғырту үшін 2050 жылға дейінгі болжаммен Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту концепциясында қарастырылған ұстанымдар мен көрсеткіштерді ескеріп электр және жылу энергетикасының болжамдық балансын әзірлеу қарастырылады [12,13]. Для модернизации всех существующих электростанций предусматривается разработать прогнозный баланс электроэнергии и тепловой энергии с перспективой до 2050 года с учетов принципов и индикаторов развития сектора, предусмотренных в Концепции перехода Казахстана к «зеленой экономике».

Улы заттардың шығарындылары бойынша қазіргі заманғы стандарттарға жету мақсатында 2020 жылдан кейін пайдалануға берілетін электрстанцияларын жаңғырту кезінде шаң, күкірт диоксиді, азот оксидін ұстайтын шаң-газ тазалағыш құрылғыларды құру қарастырылады. Жаңа электрстанцияларын қалпына келтіру мен салу үшін жылу тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан жылу және электр энергиясын өндіру бойынша алдынғы қатарлы халықаралық технологиялардың тізілімін пайдалану – «жасыл экономиканың» көрсеткіші болып табылады.

Қорытынды

Ауаның трансшекаралық ластануы қазіргі уақыттағы негізгі ғаламдық проблемалардың бірі.

Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.

Жаңа және қайта жаңартылған өндірістерді, құрылғылар мен басқа объектілерді орналастыру, жобалау және эксплуатацияға енгізу кезінде, оларды қалыптастыру және жаңа технологиялық процестер мен құралдарды енгізу кезінде атмосфералық ауаға әсерін тигізетін зиянды әсерлердің нормативтерін сақтауды қамтамасыздандыру қажет. Ол үшін зияды заттар мен қалдықтарды немесе зиянды заттардың қалдықтарын зиянсыздандыру қарастырылып, қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа талаптар орындалады, сонымен қатар барлық объектілердің зиянды әсерлері атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шекті мүмкіндік концентрация нормативінің және зиянды әсерлердің жоғарылануына шекті мүмкіндік деңгейлері нормативтерінің жоғарыламауын қадағалайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А. К. Жексенбаева, А. С. Мадибеков / Атмосфераның ластануы және оны қорғау бойынша лабораториялық практикум – Алматы: Қазақ университеті, 2015-122б.

2. КАПАКТ жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша «Ауа сапасы» Аймақтық іс-әрекеттер жоспарының артықшылықтары бойынша аймақтық ынтымақтастық потенциалын күшейту бойынша бағдарламасы, (2012ж.), 25б., Ташкент қ.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі № 302 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010-2014жж. арналған электрэнергетикасын дамыту бағдарламасы».

4. КАПАКТ жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау бойынша «Ауа сапасы» Аймақтық іс-әрекеттер жоспарының артықшылықтары бойынша аймақтық ынтымақтастық үшін потенциалын күшейту бойынша бағдарламасы, (2012ж.), 31б., Ташкент қ.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 Қаулысымен бекітілген «Жылу электр станцияларының қазаншұңқырларында отынның әр түрлерін жағу кезіндегі қоршаған ортаға шыққан эмиссияға қойылатын талаптардың» техникалық регламенті.

6. ҚР Үкіметінің 2011 ж. 8 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» №98 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1741 Қаулысы.

7. ҚР Үкіметінің 2010 ж. 10 қыркүйектегі «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалалық бағдарламасын бекіту туралы» № 924 Қаулысы.

8. Вице-министр Д. Тұрғановтың баяндамасы (ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) «ЭНЕРГЕТИКА» Журналы, №1(36) ақпан 2011 ж., Алматы қ.

9. ҚР 2000 ж. 23 қазандағы «Ластағыш заттардың үлкен қашықтыққа трансшекаралық ластануы туралы конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» N 89-II Заңы.

10. Қазақстан Республикасының 07.06.2007ж. «Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын ратификациялау туралы» №259-3 Заңы.

11. Еуропадағы Ластағыш заттардың үлкен қашықтыққа тасымалдануын бақылау мен бағалаудың бірегей бағдарламасы (ЕМЕП).

12. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. арналған «Жасыл экономикаға» өту Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары».

13. ҚР Үкіметінің 2013 ж. 6 тамыздағы Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. арналған «Жасыл экономикаға» өту Концепциясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы № 750 Қаулысы.

Наши рекомендации