Жылға «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының іске асыру қортындысы
Олжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы 2012 жылдан бері Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен берілген тапсырма бойынша жүзеге асырыла бастады.
Тұрғын үйлерді іске қосу. 2013 жылдың қаңтар айына Қазақстан Республикасының статистика агенттігі берген мәліметтер бойынша қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 24 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. бұл 2013 жылға 91,6%-ды құрайды.
Жалпы алаңы 555,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді іске қосу жылдық жоспарға 8,4%-ды құрады.
Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдар 2013 жылдың қащңтар айына 42 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілген. Республика бойынша іске қосылған тұрғын үйлер көлемінің 7,6 % мемлекеттік сектор алып отыр.
Жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар есепті кезең ішінде жалпы ауданы 512, 5 мың шаршы метр тұрғын үйлерді іске қосты. Оның ішінде тұрғындардың қаражаты есебінен 276,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл республика бойынша салынған тұрғын үйлердің 49,8%.
Республика бойынша жалпы 4 524 пәтер, оның ішінде – 1738 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кезекте тұрғандарға арналған жалға берілетін үйлердің құрылысы. Жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 2013жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 17,5 млрд. теңге соманың нысанды трансферттер бөлінді.
2013 жылға жалға берілетін үйлерді енгізу жоспары 285,2 мың шаршы метрді құрады. 2013 жылдың қаңтар айына 15,1 мың шаршы метр, 241 пәтер пайдалануға беріліп, сатып алынаған.
Жас отбасыларға арналған жалға берілетін үйлердің құрылысы. Жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 2013жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 10 млрд. теңге соманың нысанды трансферттер бөлінді.
2013 жылдың 1-ақпанына мәлімет бойынша Қостанай облысы әкімдігіне 85 млн.теңге аударылған.
2013 жылға енгізу жоспары - 117 мың шаршы метр. Жас отбасылар үшін үйді іске қосу 2013 жылдың 3-ші және 4-шы тоқсанына жоспарланған.
Тұрғын үй құрылысына салым жүйесі арқылы кредиттік қаражат есебінен салынатын үйлер.
Кредиттік қаражат есебінен салынатын тұрғын үй құрылысына салым жүйесі арқылы тұрғын үй салу мен іске асыруға республикалық бюджеттен 2013 жылы жергілікті атқарушы органдарға 30,1 млрд теңге бөлінген. 3,2 мың шаршы метр пәтер ауданы, 50 пәтер пайдалануға берілген.
Республикада тұрғын үй құрылыс салымдары жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.2013 жылдың 1-ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз жұмысын бастағалы бері 288 мың қатысушы жалпы сомасы 141 млрд. жуық теңгенің тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшарттар жасаған.
Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы жасақан келісім-шарттардың көп бөлігі Астана (16,5%) және Алматы(13,1%) қалаларына, Ақтөбе (7,8%) және Шығыс Қазақстан (7,4%) облыстарына тиесілі.
2013 жылы тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғы үй қарыздары бойынша жалпы сомасы 2 млрд теңге көлемінде 529 қарыз алушыға қарыз берілген, олардың ішінде Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде - 0,4 млрд теңгеден астам жалпы сомаға 128 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санынан 24%).
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту. Республикадағы тұрғын үй құрылыс проблемаларын кешендік шешу мақсатында тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
2013 жылы тұрғын үй құрылыстары жүріп жатқан аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамытуға және абаттандыруға республикалық бюджеттен 36,6 млрд. теңге сомасында нысанды трансферттер бөлу қарастырылған.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Әлеуметтік саясат пен «Қолжетімді тұрғын үй - 2020»
3. Әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз
Ұсынылған әдебиеттер
1. Волгин Н.А., Карпухин Д.Н. и др. Концептуальные основы социальной политики – М., 1996
2. Горкин А.П. и др. Социальная энциклопедия – М.: «Большая Российская энциклопедия», 2000
3. Осипов Г.В. Энциклопедический социологический словарь – М., 1995
4. Кондратьев Н.Д. Избранные сочинения – М., 1993
5. Осипов Ю.М. и Шургалина И.Н. Переходы и катастрофы – М., 1994
Ші дәріс.
Тақырып.Қазақстан Республикасындағы білім беру саясаты
Негізгі мақсаты: білім ,ғылым және біліктілік. Ғылыми зерттеулердің түрлерін жалпылыама тоқталу
Негізгі түсініктер:жүйелілік принцип, нақтылыққа көшу методы,
Жоспары
1.Қазақстан Республикасындағы білім беру саясаты
2. білім беру туралы тұжырымдама.
Қоғамның дамуы мен экономикалық бәсекеге қабілетті жоғарғы деңгейге көтерілуі жастарға білім берудің саласын арттыруға тікелей байланысты екендігі айтылған. Ол мақсаттың іске асырылуының нақты тетіктерінің бірі ретінде мемлекеттік бағдарламады тұңғыш рет мектептердің оқу процессі нарықтық экономиканың сапалық негізімен түсіндірілетін және оларды іске асыруда қолдана білуді қалыптастыруға болады деген айқын көрінеді. Барлық пән оның мазмұнына нарықтық білім жүйесін толықтыру тиіс. Ол үшін оқыту процессіне жаппай нарықтандыру (өндірісті автоматтандыру, оқытуды компьютерлендіру) сиақты талаптар қойылуы керек. Мемлекеттік бағдарламаға сол сияқты оқулық ғылыми-әдістер орталығында экономист, технолог, социолог, заңгер, кәсіпкер тағы со сияқты мамандардың арнай тобы ұйымдастырылуда әр пән бойынша шектен тыс экономикалық тұрғыдан сарапталып, қай пәнге қандай нарықтың ұйымдастырудың енгізудің мүмкіндігін анықтау жөн. Біз әрбір қазақстандықтардың жоғарғы білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек. Студенттердің оқуын бюджеттен қаржыландыру бірыңғай жүейесін құру мақсатында үкіметке білім беру кредиттің есебімен білім беру арқылы гранттардың 50 % арттыруға тапсырамын деп білім саласына ерекше мән берген биылғы елбасы жолдауынан туындайтын негізгі мәселелерді әңгіме арқауына айналдырған білім және ғылым министірлігін алған мәліметтерді қарастырады. Біріншіден, білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау; Екіншіден, жеке адамның шығармашылақ, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру. Жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектісін байыту; Үшіншіден, азаматтық елжандылыққа өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікпен қарау, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, Конститутцияға қарсы және қоғамға қарсы, кез келген көріністерге төзуге тәрбиелеу; Төртіншіден, Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру; Бесіншеден, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс тілін, шет тілдерін меңгеру; Алтыншыдан, білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықтандыру; Жетіншіден, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникативтік кеңес беру; Сегізіншіден, еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті, білікте жұмысшылар мен мамандар даярлау, білімділігін арттыру; Тоғызыншыдан, жұмыстан босатылған жұмыскерлерді және еңбекпен қамтылған халықты қайта оқыту және қайта даярлау; Оныншыдан, алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамуына жәрдемдесу.
Осы аталған іс-әрекеттер мемлекетімізде жүргізілетін әлеуметтік саясат негізінде жасалатын шаралар болып табылады. Бұл шаралардың орындалуы аса маңызды.
Әлеуметтік саясаттың этномәдениетке тигізетін әсері туралы айтатын болсақ, қазіргі кезде мәдениетті, оның ішінде этномәдениетті дамыту еліміздің басты мәселесі болып отыр.
Елбасы өткен жылы ІІ Азаматтық форумда сөйлеген сөзінде алдағы уақытта мәдениетті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат күшейтіліп, осы бағытта жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар қызметі де жандандырылатынын жеткізген еді. Мәселен, биығы жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аяқталғаннан кейін мәдениетке мемлекеттік колдаудың жаңа ауқымды бағдарламасы қабылданатынын, мәдениетті, спорт пен туризмді дамытуға арналған шығындар 67 миллиар теңгеге дейін ұлғаятынын айтқан болатын. Ауылдағы мәдениет нысандарына қолдау білдіру, жастардың және қазақ мәдениетінің талантты қайраткерлерінің шығармашылық әлеуетік дамыту билік пен ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) ынтымақтастығының басым бағытына айналмақ. Президент жоғарыда айтып өткен алқалы бас қосуда мен сіздерді біздің мемлекеттіміздің ғимараты тұрғызылып жатқан іргетасты — қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстарды біздің ынтымақтастығымыздың маңызды бағыты етіп алуға шақырамын, деген болатын.
Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Мақсатты индикаторлар:
Жоғары білім
Жоғары оқу орындарының 65% халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредитациядан өтсе, 30% тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредитациядан өтті.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуларын бітірген соң мамандықтары бойынша бірінші жылы жұмысқа тұрғызылған ЖОО түлектерінің үлесі: 2015 жылға дейін - 78%, 2020 жылға дейін - 80% құрайды.
ТжКБ Колледждердің 30%ұлттық институционалдық аккредитациядан өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мемлекеттік тапсырыспен оқыған және оқуларын бітірген соң бірінші жылы жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі 2015 жылы - 78%, 2020 жылы - 80% құрайды.
Орта білім
Білім беру жүйесі 12 жылдық оқу моделіне толық ауыстырылады. Және электрондық оқыту жүйесі 2015 жылға дейін мектептердің – 50 пайызына, ал 2020 жылы – 90 пайызына енгізіледі.
160 «тірек мектебі» - шағын құрамдағы мектептерге арналған ресурстық орталықтар құрылмақ.
Ал инклюзивтік білімге жағдай жасалған мектептердің үлесі 2015 жылы -30 пайызға дейін, 2020 жылға дейін - 70 пайызға дейін жетеді.
Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын игерген оқушылардың үлесі 70 пайызды шамалайды.
Мектепке дейінгі тәрбие
3-6 жастың аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту көрсеткіші 2020 жылға дейін 100 пайызға жетеді