Жылға ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қортындысы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту. Республикада 644,3 мың бала контингентпен 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, бұл 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың 71,5 % қамтыды.

Орта білім беру. Республикада 2,536 млн бала контингентпен 7 698 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды.

2013-2016 жылдарға оқушылардың атқарымдық сауаттылығын дамыту бойынша іс-әрекеттердің Ұлттық жоспары жасалып, бекітілген. Аталған жоспар бойынша мектептегі білім беруді жетілдіру бойынша кезеңдік жұмыс қарастырылған: оқулықтарды жаңарту, оқытудың технологиялары мен әдістерін жетілдіру.

Қазақстанда 7 зияткерлік мектеп жұмыс жасайды, (Астана (2), Семей, Көкшетау, Талдықорған, Өскемен, Орал). Контингент - 4 595 бала.

Оңтүстік Қазақстан облысында 600 орындық 1 мектеп және 36 орындық 2 балабақша пайдалануға берлген. 2013 жылы 14 мектепті енгізу жоспарланған.

Атап өту керек, АКТ-мен қамтамасыз ету 1 компьютерге 16 оқушыны құрайды, Интернетке мектептердің 98%-ы қосылған, кең жолақтыға - 43,1%.

Үшінші деңгейдегі біліктілікті жоғарлатудың жаңа курстарынан 7 143 мұғалім өтті. 2013 жылы 15 мың педагог қамтылады.

E-Learning. Республикада электрондық оқытуды енгізу екі кезеңде жүзеге асырылады. І кезеңде 2011-2015 жылдары білім беру ұйымдарының 50%-на дейін жүйеге, ІІ кезеңде 2016-2020 жылдары білім беруді ұйымдастыру 90%-ға дейін қосылады.

Жүзеге асырылған жобаларда 2011 жылы Астана, Алматы және қарағанды облысында 44 білім беру ұйымы қатысты. 2015 жылдың соңына дейін жобамен 4135 білім беру ұйымын қамту жоспарланған, оның ішінде жылдар бойынша: 2013 жылы - 926, 2014 жылы - 1317, 2015 жылы 1311 білім беру ұйымы.

Мектептер мен колледждер 4-10 Мбит/с-тен бастап Интернеттің кең жолақты желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі,кабинеттер мен мұғалім бөлмесі мұғалімдердің жұмыс орындары дербес компьютерлік техникамен, интерактивті жабдықтармен жабдықталады. Әр мектеп пен колледжде оқушыларға екі компьтерлік сынып ұйымдастырылады: стационарлық және мобильді, сонымен қатар кітапъанадағы жұмыс орындары. Мұғалімдер мен оқушылардың барлық жұмыс орындары Интернетке қосылып, компьютерлер мен ноутбуктер алады.

Қазақстанда электрондық оқыту жүйесімен 2013 жылы 581 мектеп қамтылған.

Техникалық және кәсіби білім беру (ТКБ).Республикада ТКБ-дің 888 оқу орны жұмыс жасайды, оның ішінде 511 мемлекеттік, 587 мың адам контингент, сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынша 249 мың адам. Дуальдық оқытудың элементтері еліміздегі 100-ден астам колледжіне енгізілген.

Басқарудың ведомство аралық жүйесінде Ұлттық кеңес, 14 салалық және 16 өңірлік кеңестер, 500 қамқорлық кеңесі енгізілген.

Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен кәсіби стандарттарды жүзеге асырып, басқаруды жетілдіру мен ТКБ-ны қаржыландыру үшін 33 млн долларға жобаны жүзеге асырады.

Қазақстанда жастарды өндірістегі практикалық машықтануға үйретіге жаңдай жасау мақсатында дуальды білім беруді енгізу мәселесін пысықтау басталды.

ТКБ жүйесін жетілдіру саласында кадрларды дайындау және қайта дащйындау бойынша төрт аймақаралық кәсіби орталықтың құрылысы жүргізілуде. Атырау қаласында мұнай-газ саласында кадрларды дайындау және ьқайта дайындау бойынша Аймақаралық орталық пайдалануға берілген. 2013 жылыТБК-ның 6 жекеменшік оқу орны ашылған (Ақмола облысында - 1, БҚО - 2, ОҚО - 3).

Кәсіпорындар мен оқу орындары арасында 22,1 мың келісім-шартқа қол қойылып, жүзеге асырылуда. оқып жатқандардың іс-тәжірибеден өтуі үшін 170 мың жұмыс орны ұсынылаған, жұмыс берушілердің атынан 5,5 мың шәкіртақы бөлінген, 2091 мұғалім өндірісте іс-тәжірибеден өткен.

«Білім беру туралы» ҚР Заңына сәйкес 2013 жылы жұмыс берушілердің талаптары мен халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын есепке ала отырып білім беру деңгейлеріне сәйкес жалпы міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары жасалды. Осыған байланысты 2013 жылы жұмыс берушілердің қажеттілігіне бағытталған ТБК-ның мазмұнын жетілдіру мақсатында жұмыс берушілер мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен 65 мамандық бойынша жаңа үлгі жоспарлар мен бағдарламалар, 16 мамандық бойынша интеграцияланған білім беру жобалары және 650 пән бойынша үлгі оқу бағдарламалары жасалуда.

Жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі білім беру.Елбасының берген тапсырмасына сәйкес жоғары білім беруді массификациялау және оның сапасын төмендету мақсатында ЖОО-дардың желісін оңтайландыру бойынша жұмыс жасау басталды. Республикада оңтайландыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесінде бұрыннан жұмыс істеп тұрған жоғағы оқу орындарының 146-сы 139 ЖОО-ның білім беру қызметін жүргізеді, контингент 571 мың адамды құрады.

ЖОО-дардың білім беру үдерісінің политілді негізге көшу бойынша мәселені қарау басталды. Бірінші кезеңде бұл жекелеген ЖОО-дағы белгілі бір мамандықтар болады деп жоспарлануда.

ЖОО-ын аккредитациялау жүйесі айтарлықтай өзгертілген. Республикалық аккредитациялық кеңестің бірінші отырысының қортындысы бойынша Аккредитацияланған органдардың ұлттық тізілімі қалыптастырылған, оған 6 агенттік кіреді, оның ішінде 2-уі Қазақстаннан және 4-уі шетелдік. Мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс тек аккредитацияланған ЖОО-да орналасады, 2014 жылдан бастап, магистранттарды дайындауға және 2015 ж.-дан бастап бакалаврларды дайындауға.

«Назарбаев Университет» ДБҰ тәжірибесі бойынша қазіргі уақытта корпоративтік басқару енгізілуде, кезең-кезеңмен ЖОО-на автономия ұсынылады. Қамқорлық кеңестер 64 ЖОО-да, ал бақылау кеңестері 4 де құрылған - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазҰАУ.

Электрондық оқытуды енгізу бойынша «ЖОО-ы аралық республикалық электрондық кітапханаға қолжетімді ЖОО-ры үлесі» көрсеткіші бойынша І жартыжылдықтың қортындысы бойынша 52,6 % құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 12,6 %-ға артық.

Жасатр саясаты мен тәрбиелеу саласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университет негізінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған, онда мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде талдап, жүзеге асырады, 2020 жылға дейінгі Жастар саясаты тұжырымдамасы жобасы мен жастар саясаты турады заң жобасы жасалуда. Жастар істері бойынша комитет құрылған, аймақтардағы жастар саясаты мәселелері боынша басқармалар құрылған.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Әлеуметтік саясат және білім беру саясаты

2. Әлеуметтік бағдарламаларды атаңыз .

3. Білім беру туралы тұжырымдама.

Ұсынылған әдебиеттер

1. Кадомцева С.В Социальная защита населения- М, 1999

2. Менлибаев К.Н., Туганбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Социальная работа. Караганда, 2000.

3. Мемлекет саясатының стратегиясының басым бағыттары-
баянды даму кепілі. Ақиқат. №10, 2001 ж.

4. Назарбаев Н.А. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы,Астана. 2013жыл14 желтоқсан.

5. НазарбаевН.А XXI ғасырлар тоғысында- Л, 2002

6. Рапатский Б.В Социальная политика, Социальная защита, самозащита
трудящихся в обществе. -М, 1998

Романов В.И. Социальная политика Казахстана. Саясат. №9, 1997

12- ші дәріс.

Тақырып.Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесіндегі саясат

Негізгі мақсаты: денсаулық сақтау жүйесіндегі саясат

Негізгі түсініктер: денсаулық сақтау,жүйе,саясат

Жоспары

1. «денсаулық сақтау жүйесіндегі саясат -негізгі мақсаттарының бірі.

2. Әлеуметтік денсаулық принциптері мен тұжырымдамасы.

Елімізде "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі қабылданды. Денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызы зор . Елдің демографиялық жағдайын, халықтың сапалық көрсеткішін белгілейтін аса маңызды көрсеткіш ол халықтың денсаулығы. Халқымыз «Денсаулық – зор байлық» дегендей, дені сау ұрпақ елдің болашағы. Сондықтан да қазіргі кезде денсаулық сақтау саласына аса көңіл бөлініп отыр.

Ел президентінің «Қазақстан 2030» деп аталған Қазахстан халқына жолдауына денсаулық сақтау саласын дамытудың ұзақ мерзімді басым бағыттары мен ол мақсаттарды жүзеге асырудың стратегиясын белгілейді.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің саясатының негізгі принціптері:

· халық денсаулығын ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторына жатқызу;

· азаматтардың денсаулық сақтау салаларындығы құқығын сақтау;

· әлеуметтік және мемлекеттік жағдайларына қарамастан халықты медициналық көмектеріне қол жетілдірілуі;

· халықтың ғылымдық салауатын қамтамасыз ету;

· азаматтың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару;

· азаматтың медициналық көмек алдындағы әлеуметтік әділдік пен теңдігі.

Мемлекетіміздің барлық дерлік қаласында қазіргі кезде халықтың денсаулығын нығайту үшін бағдарламалар, сауықтыру және емдеу орталықтары ашылуда. Сондай бағдарламалардың бірі - «Халық денсаулығы» бағдарламасы.

Онда мынандай басым бағдарламалар белгіленген:

· саладағы құрылымдар мен жүйелердің және басқару саласын тұрақтандыру;

· селодағы денсаулық сақтау саласында басқаруды жетілдіру;

· саланы қаржыландыру көлемін арттыру;

· ресурстарды үнемдеу жабдықтарды сатып алу және оларды тиімді пайдалану;

· салада мақсатты кадр саясатын жүргізу;

облыстағы халық денсаулығын кешенді бағдарлама арқылы талдау жасап, жетілдіріп отыру.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты
Әрбір жеке адамның денсаулығы — ол адам өміріндегі болашақ жетістіктері.
Халықтың денсаулығы – қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі
Әлеуметтік аурулар - әлеуметтік экономикалық қолайсыз жағдайлар ықпалынан пайда болған аурулар.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдауда келесі шараларға кепілдік берілген.
- Отбасыны, аналық және балалық шақты қолдау
- Әлеуметтік тәуекелдер пайда болып, әлеуметтік қызметтерді көрсету
- Халықтың әлжуаз, аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау
- Зейнеткерлік жүйе;
- Тегін білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету
- Міндетті медициналық көмекке кепілдік ету жүйесі;
- Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджет саласы мен жас отбасыларды
Әсiресе дәрiгерлiктiң сапалы қызметтерiне қол жетімділігіне назар аударылады

.

Қазақста Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.

· Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мыңадамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.

Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарғастоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.

20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қаласында) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды.

Наши рекомендации