Табиғатты қорғау іс-шаралары мен ауыл, орман, су, балық шаруашылықтарына арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Ауыл шаруашылығының іс-әрекеті өзінін ерекшеліктеріне байланысты тұрақты түрде мемлекеттік қаржылық көмегі мен реттеуіне мүктажды. Ел экономикасының маңызды және өмірді қамтамасыз етуші саланың бірі ауыл шаруашылығының айрықша ерекшеліктері келесілер арқылы көрінеді:
• өндірістік процестің маусымды және монополды емес сипаты;
• пайдаланатын табиғатты ресурстары өз ахуалын белгісіз ауыстыру;
• ауыл шаруашылығымен байланысты салалардың монополды әрекеттеріне қарсы ахуалда болу қажеттілігі;
• өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдер бағаларының диспаритеті барлығында;
• іргелі сипаттағы шығындарға маңызды қаржылық салымдар қажеттілігі;
• жер және институционалды өзгерістер жүргізу қажеттілігі.
Көп елдердің тәжірибелері көрсеткендей экономиканың тұрақты дамуы көбінесе ауыл шаруашылығының дамуын қаржыландыру, әлеуметті қамту, салық салу, несиелендіру және тағы басқалармен басымды түрде камтамасыз ету арқылы анық-талады. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында бүгінгі күнгі агроөнеркәсіптік саясат іске асырылуда. Бұл саясат елдің азык-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыруға, ауыл шаруашылык өнімді өндіру мен сату көлемін үлғайтуға, ауыл шаруашылық өндірісті мемлекеттік жәрдем жасаудың әсершіл механизмін құруға бағытталған.
Осы саланы қаржыландырудағы бюджеттің рөлі мен мәні бюджет құралдарын аграрлық өндірісті қайта өркендеу мен дамытуға бағыттау кажеттілігі, ауыл инфрақұрылымын құру мен ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін жоғарлатумен дәлелденеді. Бюджеттік ақша бөлудін тағы бір маңызды рөлі - ол элиталык; тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымдық мал шаруашылығының дамуына жұмсау, сондай-ақ отандык ауыл шаруашылық машиналар өндіру мен сервистік және техникалык орталықтар құруда кажеттілігі.
Елдегі жайлы эпизоотиялық және фитосанитарлық жағдайды сақтау мен қамтамасыз етудің қажетті шарты — ол осы аумактағы шараларға мемлекеттік қаржылық жәрдем жасау, яғни бұнда бюджеттің рөлі мен мәнін дәлелдейді. Сонымен қоса, бюджет құралдары жер қатынастарын реттеу және оған мемлекеттік жәрдем жасау мен ауыл шаруашылығында сақтық жүйені дамыту үшін кажетті.
Ауыл шаруашылығына жәрдем мен реттеуге бөлінетін бюджет құралдары бюджеттік жіктелуге сәйкес «Ауыл, су, орман, балык шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер катынастары» атты функционалдык топта көрсетіледі. Бюджеттік кодекспен бюджет жүйесінің барлык деңгейлері бойынша осындай, бірақ құрамдары әр түрлі шығындардын функционалдық тобы қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы аумағындағы республикалык бюджеттің шығыстар құрамы келесі бағьтттар бойынша калыптасады:
• жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатыннан басқа ауыл шаруашылығы саласындағы іс-әрекет;
• облыс, астана, республикалық мәні бар қала шекараларын белгілегенде жүргізетін жерге орналастырушылык;
• ауыл шаруашылығына белгіленген жер учаскілеріне паспорттар құру;
• мемлекеттік жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу;
• суармалы жерлердің мелиоративтік бағалау мен мониторингі;
• топографо-геодезиялық және картографикалық жұмыстар.
Республикалық бюджет құралдары арқылы ауыл шаруашылығын қаржыландыру мынадай бюджеттік бағдарламалар бойы іске асырылады:
• өсімдіктерді қорғау;
• элиталық тұқым шаруашылығының дамуы;
• асыл тұқым мал шаруашылығының дамуы;
• ауыл шаруашылық өсімдіктердің сорттарын сынап білу;
• ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру;
• эпизоотиялық саулықты қамтамасыз ету;
• ауыл шаруашылығының институционалды дамуы;
• жер қатынастарының реформасын қамтамасыз ету.
Жергілікті бюджеттердің ауыл шаруашылығы аумағына арналған шығындар құрамында жерге орналастырушылықты, арнайы сақтау орындарын құру мен ұстауды, жерге белдеу жұмыстарын ұйымдастыруды, жерлерді бір түрдад басқа түрге ауыстыруды, мекенді жерлерге шаруашылықтық жайластырушылықтарды қаржыландыруға қарастырылады.
Орман, су және балық шаруашылығына арналған шығыстарды қалыптастыру
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары» атты функционалдық тобы бойынша бюджет шығыстарының құрамында бөлек ішкі функциялары ретінде орман, су және балык шаруашылыктарын қаржыландыруға арнайы құралдар кдрастырылған. Бюджеттік кодекске сәйкестік осы салалар бойынша келесі бағыттар каржыландырылады:
• су ресурстарын тиімді пайдалануы мен қорғауын камтамасыз ету, су шаруашылықтык баланс және су ресурстарын қорғау мен кешенді пайдалану сызбасын жасау, су ресурстарын пайдалану мен қорғауды болжамдау, су ресурстарын пайдаланудың ақпаратты-сараптамалық жүйесін қамтамасыз ету;
• су берумен байланысты емес республикалық мәні бар және трансшекаралық су шаруашылық құрылыстарды пайдалану;
• республикалық меншіктегі ас-сумен жабдықтайтын су көздерінің маңызды толтық жуйелерінен ауыз-су беру мен ауыл шаруашылық тауар-өндірушілерге су жеткізу бойынша қызметтер құнына жәрдем ақшалау;
• республикалық мәні бар айрықша апаттағы су шаруашылық құрылыстары мен гидромелиоративтік жұйелерді кайта құру;
• орман мен хайуанаттар әлемінің мемлекеттік мониторингі және орман қоры, хайуанаттар әлемі, республикалық мәні бар айрықша корғаудағы табиғи аумақтар мен табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрін жүргізу;
• орман шаруашылығын жүргізетін жүйе;
• ормандық тұқым шаруашылығы мен селекция;
• орман, хайуанаттар әлемі және айрықша қорғаудағы табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрін жүргізу;
• орманды ертен қорғау бойынша авиациялық жұмыстар,
ағаштарды аурулар мен бүлдірушілерден қорғау;
• балык; ресурстары мен басқа да су хайуандарын корғау және қайта өндіру;
• балык шаруашылығын мемлекеттік реттеу және балық қорын сақтау.
Республикалык бюджет құралдары арқылы су, орман және балық шаруашылығы аумақтарындағы мақсатты бюджеттік бағдарламалар қаржыландыру іске асырылады. Халықты әрі карай сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету мен су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатымен «Ауыз-су» атты салалық бағдарламаны іске асыруға бюджет құралдарын бөлу карастырылған.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттер құралдары арқылы осы аумақтағы келесі шығыстар қаржыландырылады:
• коммуналдық меншіктегі су шаруашылық құрылыстардың жұмысын қамтамасыз ету;
• су, су объектілері мен су шаруашылық құрылыстарын қорғау белдеулерін орнату;
• жергілікті су құбырларының күрылысы мен қайта күруы;
• орманды қорғау, сактау, қайта өндіру және ағаш өсіру.