Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру

1.Кез келген өндiрiстiк процес оны қатаң, дәл ұйымдастыруды қажет етедi. Кәсiпорынның құрылымы өндiрiстiк процестiң сипатына және оның ерекшелiгiне байланысты болады. Кәсiпорынның құрылымы заттық мамандандырумен бiрлестiруге негiзделген.

Жеңіл өнеркәсібін ұйымдастыру формалары бiрнеше факторлар-мен анықталады.

Қосалқы өндiрiстер: өндiрiстi автоматтандыру, энергия мен жабдықтау, өндеу-механикалық цехi және ұңғыларды күрделi жөндеу, материал-техникалық ресурстарымен қамтамасыздандыру, көлiктiк қызмет көрсету және т.б.

Өндiрiстiк процестi жүргiзуде ең маңызды қойылатын талаптар:

·тағайындалған технологиялық процестердi қатан бақылау;

·өндiрiстiң бiрқалыпты процесiнiң бұзылу жағдайында жұмыстың календарлық графиктерiнiң орындалуын қадағалау, шаралар жасау және оларды еңгiзу.

Өндiрiс процесiнiң белгiлi түрi орындалатын календарлық уақыт өндi-рiс циклi деп аталады. Кез келген циклдың мiнездемесi үшiн оның ұзақтығы мен құрылымы бiрден бiр маңызды нәрсе болып табылады.

Цикл ұзақтылығы – бұл белгiлi процестiң бiрiншi операциясынан соңғы операцияға дейiнгi уақытты қамтитын календарлық уақыт мерзiмi.

Цикл құрылымы – циклдiң жалпы ұзақтығын құрайтын жеке уақыт шығындардың көрiнiсi.

Әрбiр циклдi өндiрiс операцияларын орындау уақытына, үзiлiс уақытына бөлуге болады. Өндiрiс процесiнде үзiлiстер келесi түрлерге топталады:

·толық үзiлiстер;

·әдiс аралық;

·әдiс iшiндегi немесе өндiрiс процесiндегi үзiлiстер.

Бұл топқа кәсiпорынның жұмыс тәртiбiмен байланысты (жұмыс емес күндер, түскi тамақ үзiлiсi, смена аралық демалыс) және ұйымдастық, ауа-райлық жағдайлармен байланысты үзiлiстер кiредi.

Өндiрiс циклы неғұрлым қысқа болса, соғұрлым бiр мезгiл iшiнде көбiрек өнiм шығарылады, соғұрлым аяқталмаған өндiрiс көлемi әрi негiзгi және айналым қорларында қажеттiлiк азаяды.

Кәсiпорын құрылымы өндiрiс процесстiң мазмұны мен ерекшелiктерiне байланысты болады. Кәсiпорын құрылымы оның өндiрiс және қызметтер құрамын, олардың бiр-бiрiмен байланысын көрсетедi. Құрылым - өндiрiс процессiнiң механизация, автоматизация дәрежесiне мамандандырылуымен бiрлестiрiлуi дәрежесiнiң көлемiне байланысты болады.

Көмекші өндiрiстi ұйымдастыру

Кәсiпорынның, әсiресе оның негiзгi өндiрiс жұмысы бiрқалыпты үздiксiз өтуiнiң бiрден-бiр шарты жабдықты жұмыс күйiнде ұстау, жұмыс орындарын энергияның әр түрiмен, негiзгi және қосалқы материалдарымен, көлiкпен қамтамасыздандыру.

Негiзгi өндiрiс объектiлерiнiң бiрқалыпты жұмысын қамтамасыздандыратын процесi – көмекші процесс деп аталады.

Көмекшi өндiрiс - өндiрiстiк процесстiң жабдық пен құрал саймандар әзiрлеу және олрады жөндеу жұмыстары, сондай-ақ негiзгi өндiрiске қызмет көрсету жұмыстары орындалатын бөлiмдерi. Көмекшi өндiрiске құрал-сай-ман, жөндеу, энергетикалық, көлiк және басқа осындай цехтар мен шаруа-шылықтар жатады.

Кәсiпорында қосалқы өндiрiстiң бөлiнiп шығуы өндiрiстi ұйымдасты-руда үлкен рөл ойнайды.

Әр бiр жаңа кең көзiнде қосалқы өндiрiс шаруашылықтары ұйымдас-тырылды, нәтижеде мұнай газ өндiру аудандарында кәсiпорын саны бiрталайға жеттi. Олардың әркайсысы техникалық базасы, әрi мамандандырылуы нашар, майда құрылымдар ретiнде өз қосалқы өндiрiс кешенiне ие болады.

Қосалқы өндiрiстi ұйымдастыруға жетiлдiру жолында бiртектес процес-стердiң мамандануы мен шоғырлануы маңызды болып келедi. Себебi олар неғұрлым қуатты, прогрессивтi жабдықты пайдалануға, өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруда, прогрессивтi әдiстердi қолдануға жағдай жасайды.

Негiзгi өндiрiске қызмет етiп оның бiрқалыпты өтуiне жағдай жасайтын қосалқы өндiрiс мiндеттерi келесiдей:

·өндiрiсiндегi барлық жабдықтардың, бұрғылау жабдығың, инструменттерiнiң рационалды пайдаланудың, оларды жөндеп қайта құру, бөлек бөлшектер жасауды қамтамасыздандыру;

·Өндiрiс объектiлерiн энергиямен, сумен, бумен қамтамасыздандыру;

·Өндiрiс объектiсiне бақылау өлшегiш аспаптарды орнату;

·Көлiкпен қамтамасыз ету.

Дәріс 7. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлаудың негіздері

Кәсіпорынды жоспарлаудың басымдылығы

Наши рекомендации