Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Статистика бойынша ажырасудың шамамен 70%-ы отбасындағы материалдық қиыншылық себебінен орын алып жатады.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Еліміздің экономикасының өсуі мен дамуы – әр отбасының экономикасының дамуы мен ұлғаюына байланысты.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Кіріс пен шығыстың есебін жүргізуге ниет қоймау көпшіліктің қажетсіз әрі тиімсіз шығындардың қақпанына жиі ұшырауына апарып соқтырады.

Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мәтін мазмұнына сәйкес ретімен нөмірлеңіздер. - student2.ru Отбасылық өмірде кірісті дұрыс бөлу маңызды болып саналады.

Тапсырма. Жоғарыда берілген мәліметтер бойынша келісетін не келіспейтіндігіңізді білдіріп, өз ойларыңызды дәлелдеп айтыңыздар.

Грамматика: Себеп мәнді құрылым Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіретін салаластың түрі себеп-салдар салалас деп аталады.
Салалас құрмалас сөйлем түрі Жалғаулықтары Мысалдар
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем себебі, өйткені, сол себепті, сондықтан т.б. Ұл бала әкеден тәрбие алады, сондықтан әке балаға үлгі болуы керек.

Тапсырма. Мәтіннен себеп-салдар салалас сөйлемдерді тауып, оның жасалуына көңіл аударыңыздар.

Тапсырма. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді жалғастырып жазыңыздар.

1. Отбасылық бюджетті жоспарлау керек, себебі ............................ .

2. Қаржылық дағдарыс әр отбасыға өз шығынын қайта қарауды мәжбүр етеді, өйткені ................................................................................... .

3. Азық-түлікті аптаға бірден алған тиімді, себебі .......................... .

4. Статистика бойынша ажырасудың шамамен 70%-ы отбасындағы материалдық қиыншылыққа байланысты, сондықтан......................................

5. Отбасылық өмірде кірісті дұрыс бөлу маңызды, өйткені ....................................................................................................................... .

Грамматика: Тұйық етістік Тұйық етістік – шақпен, жақпен байланысты болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістік түрі. Тұйық етістік –у (-ю) жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: баста-у, көр-у, көбе-ю.

Тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, теріп жазыңыздар.

Тапсырма. Тұйық етістіктің (–у;-ю) жұрнағын жалғап жазыңыздар.

Дамыт..., ұлғайт..., үнемде..., үйрен..., жоспарла..., бол..., құй..., бас..., қой..., түс..., қара..., бол..., өмір сүр..., жұмса..., орында... .

Грамматика: Қыстырма сөздер Қыстырма сөздер – сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөздер. Мысалы: меніңше, оның пікірінше, әрине, рас, шынында,бағымызға қарай, сірә, мүмкін, демек, олай болса, сөйтіп, сонымен, біріншіден, т.б. Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Қыстырма сөз сөйлемнің соңында келсе, одан бұрын үтір қойылады. Қыстырма сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.

Тапсырма. Мәтіннен қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісіне назар аударыңыздар.

Тапсырма. Берілген сөйлемдегі қыстырма сөздердің тыныс белгісін қойып жазыңыздар.

· Отбасылық бюджетті жоспарлаудың артықшылықтарын әрине білген жөн.

· Сөйтіп байлыққа қарай алғашқы қадам басу керек.

· Бүгінгіге шектеу қоймай, болашаққа инвестиция құю қажет шығар бәлкім.

Екінші сабақ

Тапсырма. Мәтінді тыңдаңыздар.

Наши рекомендации