Тақырып. Экономика саласында қаржы жүйесін ұйымдастыру.
Функциялары және рөлі.
Сабақтың мақсаты –қаржының мәнін, функцияларын және рөлін түсіну.
Сұрақтар:
1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні.
2. Қаржының функциялары.
3. Қаржының экономикалық рөлiнін бағыттары.
1. Сұрақ. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні.
«Қаржы» курсы қаржы саласындағы мамандарды дайындау жүйесiндегi негiзгi пән болып табылады, онда экономикалық ғылымды құрайтындардың аса маңыздыларының бiрi – қаржы туралы ғылым зерделенедi.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Осыған орай қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, экономиканы ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржыны неғұрлым толық пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
«Қаржы» ұғымы қоғамдық өнiмдi ақша түрiнде бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың ауқымды саласын қамтиды.
Ежелгi Римде “Қаржы” терминi латын тiлiнен аударғанда “finis” – соңы, финиш, төлем соңы, экономикалық қатынастар субъектiлерi арасындағы есеп-айырысу деген мағынаны бiлдiрiп келген.
“Қаржы” ұғымы туралы ең алғашқы еңбектi атақты грек ойшылы Ксенофонт (б.э.д.430-365жж.) енгiзген. (“Афин республикасының табыстары туралы”).
Аржы дегенiмiзқоғамдық өнiм құның жоспарлы түрде болу және қайта болу процесiнде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастар жүйесi, соның нәтижесiнде алуан түрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн ұдайы өндiрiске қатысушыларда ақшалай табыстар, жинақтар мен қорлар құрылады және пайдаланылады.
Қаржының объектiсi болып қаржы ресурстары, яғни ақшалай табыстардың көздерi, жинақтар мен қорлар.
Ал, қаржының субъектiсi болып шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттiк, қоғамдық және басқа да ұйымдар, мекемелер, үй шаруашылығы.
Қаржының мәнiн түсiну үшiн алғашқы жағдайда жалпы алғанда ұдайы өндiрiс процесiнде немесе жеке кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының жеке-дара айналымында құнды болу және дайындалған өнiмдi өткiзу барысындағы ақшалай форманың бiршама дербес қозғалысының басталу сәтің есеп нүктесi ретіңде қабылдауға болады. Өндiрiстiң алдың-ала көзделген шарттылық сипаты жағдайында “с”, “v”, “m”-ге сайма-сай өткiзiлетің өнiмдi тиiстi элементтерге болу пропорциялары қалыптасады, соларға сәйкес ақшалай қаражат қорлары немесе осы қаражаттардың жиынтығы құрылады.
ЖҚӨ - P=C+V+M
мұндағы, C - өндiрiстiк-материалдық шығындар;
V – қажеттi өнiм құны;
M – қосымша өнiм құны.
ЖҰӨ=C+Ig+G+Xn
мұндағы, C – бүкiл халықтың, үй шаруашылығының тұтыну шығындарының көлемi;
Ig– жалпы жеке iшкi инвестициялар;
G – тауарлар мен қызметтердiң үкiметтiк сатып алынулары;
Xn – таза экспорт.
Мемлекеттiк өкiметтi қамтамасыз ету үшiн қоғамның барлық мүшелерi есебiнен құралатын ақшалай қаражаттың арнайы қоры қажет.
Салықтар, мемлекеттiк несие, ақша эмиссиялары арқылы мемлекет үкiмет аппаратын, армияны ұстауға, өз қызметің орындауға қажеттi ақшалай қаражатты жинап, пайдаланады. Мемлекет әрқашанда қаржы қатынастарының мiндеттi субъектiсi болып табылады. Осыған байланысты қоғамдық өндiрiстiң мемлекеттен тыс барлық басқа субъектiлерi қаржы шаруашылығын емес, тек жай ғана ақша шаруашылығын жүргiзедi.
Қаржының табиғаты мен қажеттiгi тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Бiрақ, экономиканың нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын реттеуге шамалы ғана қатысады, негiзгi реттеуiштер тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржының табиғаты тауар-ақша қатынастарының болуы мен құн заңының әрекет етуiнен келiп шығады.
2.сұрақ. Қаржының функциялары.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндiрушiлердiң еңбек шығындары өлшенетің жалпы эквивалент, ал қаржы – жалпы iшкi өнiм (ЖIӨ) мен ұлттық табысты болудiң және қайта болудiң экономикалық инструментi, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржының мәнi, iс-әрекет механизмi және рөлi оның функцияларынан айқын көрiнедi. Қаржы негiзiнен екi функция орындайды, оның бiрi қоғамдық өнiм мен ұлттық табысты болумен байланысты болатын қаржының болу функциясы болса, екiншi оның бақылау функциясы.
Бірінші функциясында, яғни болу функциясында қаржы өнiмдi өздiгiнше бөле бередi деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнiмдi болудi ғана жүзеге асырады деп түсiну керек, яғни өнiмнiң натуралды-заттық құрамын болу ақша қорларын болу арқылы жасалады. Болу функциясы арқылы қаржы белгiлi бiр қоғамдық мұқтаждарды қанағаттандырады.
Қаржы көмегiмен ұлттық табысты болу және қайта болу екi әдiспен жүзеге асырылады:
· Қаржылық-бюджеттiк әдiс.Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртiппен бергенде қолданылады;
· Несиелiк-банктiк әдiс.Ол уақытша басы бос ресурстарды жұмылдыруды, және қайтарымдылық негiзде несиелер берудi бiлдiредi.
Ұлттық табысты қаржы көмегiмен қайта болудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
· өндiрiстiк емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
· елдiң жеке экономикалық аймақтарының арасында қаржы ресурстарын мақсатты болу;
· қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивтi салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететің басым түрде салааралық болу;
· қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала iшiнде болу, ол кәсiпорындардың әр түрлi рентабельдiлiгiмен және күрделi жұмсалымдардың құбылмалы тиiмдiлiгiмен ынталандырылады.
Сөйтiп, ұлттық табысты қаржы көмегiмен болу және қайта болу қоғам мен кәсiпорынның, фирманың материалдық және ақша ресурстарын ұдайы өндiрiстегi қажеттi мөлшерлестiгiн қамтамасыз етедi.
Екінші фунциясы, қаржының бақылау функциясы коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты.
Бақылау функциясы қаржының iшкi қасиетi, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективтi мазмұн ретіңдегi бақылау функциясын нақтылы iс-жүзiнде пайдалану болып табылады.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсiпорынның, фирманың қаржы-шаруашылық қызметіңе теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бiрге кәсiпорындарда, фирмаларда өндiрiс рентабельдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға, өндiрiстiк емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
3 –сұрақ, Қаржының экономикалық рөлiнін бағыттары.
Қаржының экономикалық рөлi мына бағыттардан көрiнедi:
· қаржы капиталдың айналымын тездете отырып кәсiпорындардың, фирмалардың өндiрiстiк қызметi тиiмдiлiгiнiң өсуiне жағдай жасайды;
· кiрiстер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсiпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебiн нығайтып, дамытады;
· қаржы ақша қорларын болу және қайта болу арқылы экономикалық өсудiң ара-қатынасын қамтамасыз етедi;
· қаржы ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесуi тиiмдiлiгiн арттырудың экономикалық негiзiн жасайды;
· қаржы ұлттық экономикада меншiктiң сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргiзудiң нысандарының дамуына мүмкiндiк туғызады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.
2. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.
3. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.
4. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
5. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
6. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.
№ 2 Слайд
Тақырып. Экономика саласында қаржы жүйесін ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты – қаржы жүйесін ұйымдастыру терендетіп түсіну.
Сұрақтар:
1. Қаржы жүйесін түсіну.
2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесi.
3. Қаржы жүйесiнiң функционалдық критерийi бойынша құрылымы.
1 – сұрақ. Қаржы жүйесін түсіну.
“Қаржы жүйесi” ұғымы қатынастар жиынтығын қамтиды, ол қатынастар негiзiнде ақшалай қаражаттардың, сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы орғандардың тиiстi қорлары қалыптасады және пайдаланылады.
Жалпы қаржы жүйесi – бұл мемлекет пен кәсiпорындардың орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесiндегi қаржы қатынастарының оқшауланған, бiрақ өзара байланысқан әр түрлi салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы орғандарының жиынтығы.
Қаржы жүйесi анықтамасының бұл принципалды үлгiсiне сәйкес қаржы жүйесi мынандай үш бөлiктi қамтиды:
· Қаржы қатынастарының жиынтығы;
· Ақша қорларының жиынтығы;
· Басқарудың қаржы аппараты.
Қаржы қатынастары өзiнiң экономикалық табиғаты жөнiнен бөлгiштiк қатынастар болып табылады, оның үстіңе құнды болу ең алдымен субъектiлер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндiрiстегi субъектiлердiң рөлi қаржы қатынастары жiктемесiнiң алғашқы объективтi белгiсi ретіңде көрiнедi. Осыған сәйкес қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетің тиiстi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесiнiң екiншi бөлiгiн құрайды.
Өзiнiң тарихи дамуына қаржы жүйесi ұзақ эволюциядан өттi. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезiнде қаржы жүйесi, жалпыға мәлiм, әдетте, тек бiр буынмен – мемлекеттiк бюджетпен шектелдi. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениеттi елдерiнiң, соның iшiнде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесiн екi негiзгi буын – мемлекеттiк бюджет пен жергiлiктi қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi, бұл буындардың көмегiмен мемлекет өзiнiң саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.
Қазақстан Республикасында макро-және микро экономиканың қаржы жүйесiн реттелiп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, халық шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге байланысты болудi жүзеге асыратын қаржы мекемелерi құрайды.
2- сұрақ, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесi.
Қазіргі экономикада Қазақстанның қаржы жүйесi қаржы қатынастарының бiршама дербес мына салаларынан тұрады:
· Мемлекеттiк бюджет жүйесi;
· Мемлекеттiк несие;
· Жергiлiктi қаржылар;
· Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (қорпорациялық) қаржылары;
· Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы екi бөлiгi жалпы мемлекеттiк, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макро деңгейдегi экономика мен әлеуметтiк қатынастарды реттеу үшiн пайдаланылады. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң (қорпорациялық) қаржылар орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микро деңгейдегi экономика мен әлеуметтiк қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшiн пайдаланылады.
Жергiлiктi қаржылар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң маңызды сферасы болып табылады. Жергiлiктi қаржылардың әлеуметтiк рөлi, олардың құрамы мен құрылымы бүтіңдей жергiлiктi орғандарына жүктелiнген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкiл жүйесi (құрамы) екi iрiлендiрiлген бөлiкке бiрiктiрiледi:
· Мемлекеттiк және муниципалдық қаржылар;
· Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылары (қорпорациялық қаржылар)
Қаржы жүйесiнiң құрамы – бұл қаржы қатынастарының әр түрлi сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесiне түрлi ақша қорлары құрылып, пайдаланылады.
3-сұрақ. Қаржы жүйесiнiң функционалдық критерийi бойынша құрылымы
Қаржы жүйесiн құрудың негiзiне мына қағидаттар қойылған.
Қаржы жүйесiн ұйымдастыруда централизм мен демократизмнiң үйлесуi.
Бұл қағидат жергiлiктi қаржы орғандарының тиiстi жергiлiктi әкiмшiлiкке және жоғарғы қаржы орындарына екi жақты бағынышты жүйесiн алдың-ала айқындайды.
Ұлттық және аймақтық мүдделердi сақтау. Бұл қағидат қаржы қатынастарында аймақты дамытуды қабылдауға болатын деңгейi сияқты ұлттық теңдiктi қамтамасыз етудi де талап етедi.
Қаржы жүйесi бiрлiгiнiң қағидаты орталық қаржы орғандары арқылы мемлекеттiң жүргiзiп отырған бiрыңғай мақсаттары мен алдың-ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бiрыңғай негiзгi заңнамалық және нормативтiк кесiмдерге негiзделедi.
Қаржы жүйесiнiң жеке құрамды элементтерiнiң функционалдық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз мiндеттерiн шешiп отыратындығынан көрiнедi. Оған айрықша қаржы аппараты сәйкес келедi.
Қазiргi кезде қаржы жүйесi терең өзгерiстерге ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесiн қайта құрудың басты мiндетi оның Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрi тездетуге ықпал етудi күшейту, ұлттық табыстың үздiксiз өсуiн қамтамасыз ету, өндiрiстiң барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есептеу нығайту болып табылады.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығын реттеу. /оқулық/. РМК «АӨА экономикасы және ААД ҒЗИ» баспаханасы Алматы 2007.
2. Ібрішев И.И., Үркүмбаева Ә.Р. Банктік тәуекелдер. /оқу құралы/. Қазақ көлік және Коммуникациялар академиясының баспасы. Алматы 2009.
3. Әділов Ж.М., Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Инвестиция менеджменті. /оқу құралы/.ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
4. Тінәсілов М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. /оқулық/. ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2009.
5. Тінәсілов М.Д. Сақтандыру ісінің қаржылық негіздері. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2011.
6. Тінәсілов М.Д., Үркүмбаева Ә.Р. Қаржы негіздері: теориясы, тәжірибелер мен есептеулер. /оқулық/ ҚазҰТУ-дың ҒТБ орталығы. Алматы 2016.
Слайд №3