Хі. тақырып: Қаржы құқығының түсінігі

Мақсаты:Қаржы құқығының Қазақстан Республикасында құқық жүйесіндегі алар орны мен мәнін анықтау және бұл саладағы құқықтық қатынастардағы субъектілерге сипаттама беру. Қаржы саласындағы құқық бұзушылыққа оның түрлеріне түсінік беріп оған тағайындалатын заңды жазалардың түсінігі мен түрлерін анықтау.

Жоспар:

  1. Қаржы құқық – құқық саласы ретінде.
  2. Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері.
  3. Қаржылық құқық бұзушылық және жауапкершілік.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:ақшалай қоры, құқықтық норма, заңды тұлғалар, қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу, кінәлілігі.

Негізгі мазмұны:

Қаржылық құқықтың пәні мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қазіргі таңда қаржы құқығы жеке сала ретінде болып келеді. Қаржы құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институттары:

− мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері;

− ақша жүйесінің құқықтық негіздері;

− мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару;

− қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері;

− қаржылық бақылауды құқықтық реттеу;

− қаржылық құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу.

Қаржылық құқықтық ерекше бөлімінің институттары:

− бюджет құқығы;

− қаржылық – банктік құқық;

− қаржылық – сақтандыру құқығы;

− қаржылық – шаруашылық құқығы. (А.И. Худяков «Финансовое право РК»).

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері:

− мемлекеттің біртұтас өзі;

− әкімшілік – аумақтық құрылымдар;

− мемлекеттің уәкілетті органдары;

− жергілікті мемлекеттік басқару органдары;

− заңды тұлғалар.

− жеке тұлғалар.

Қаржылық құқық бұзушылық – қаржылық қатынасқа қатысушылардың қаржылық заңдардың нормаларымен белгіленген және олардың орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген өз міндеттерін ойдағыдай атқармаулары түрінде көрініс тапқан құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік). Қаржылық құқық бұзушылықтың белгілері:

− құқыққа қайшылығы;

− кінәлілігі;

− зардаптың болуы;

− құқыққа қайшы әрекет пен соның нәтижесінде туындаған залал-

зардаптардың арасындағы себептік байланыс. (Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану. Алматы 2002ж.).

Қаржылық құқық бұзушылығының түрлері:

− мемлекет пен қоғамның материалдық мүдделеріне қарсы қаржылық

құқық бұзушылықтар;

− мемлекеттің қаржы жүйесінің айтарлықтай қызмет атқаруына кедергі

жасайтын қаржылық құқық бұзушылықтар;

− қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тараптардың құқықтары

мен заңды мүдделеріне қарсы бағытталған қаржылық құқық бұзушылықтар;

− мемлекеттің мамандандырылған қаржылық органдарының өз

қызметтерін жүзеге асырылуына қазіргі құқық бұзушылықтар.

Қаржылық құқықтық жауапкершілік – қаржылық құқықтық нормалардың әмірлі талаптарын атқаруға байланысты өз міндеттерін орындамағаны үшін қаржылық – құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, негізінен алғанда, материалдық сипатта болатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.

Қаржылық – құқықтық жауапкершілік:

− тек қаржылық құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылады;

− тек мемлекет тарапынан, оның құрылымында қаржылық – құқықтық

санкциялары бар қаржылық – құқықтық нормаларымен белгіленеді;

− қаржылық – құқықтық нормалардың талаптарын бұзушыға

материалдық (ақшалай) сипаттағы келеңсіз жағдайлар туындатады;

− тек арнайы процесуальдық нысанда жүзеге асырылады;

− тек мемлекеттің уәкілетті қаржылық органдары тарапынан

қолданылады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мына келесідей заңи жауапкершілік түрлері қолданылады:

− қаржылық-құқықтық;

− әкімшілік-құқықтық;

− қылмыстық-құқықтық.

Қаржылық құқықтық жауапкершілік шараларына айыппұл мен өсімақы жатады. Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік шарасы әкімшілік айыппұл болып табылады. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік шаралары ретінде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан айыру, оған қоса мүліктерін тәркілеу көрініс табады.

Қаржылар саласындағы құқық бұзушылықтарды аталған түрлерге бөлуге мыналар негіз болады:

− жасалған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі;

− жауапкершілікке тартылатын субъектісі.

Қорытынды:

Қаржы құқығының институттары мен субъектілерін, сонымен қатар заңды жауапкершілігін анықтап білдік. Жауапкершіліктің түрлерінің көрінісімен таныстық.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қаржы құқығын терең игеру үшін, алдымен қаржы заңдылықтарды жаттап алу емес, осы құқық саланың заңдылықтарын анықтап тану, аппараттың түсінігін меңгеріп алу, негізгі теориялық мәселелермен танысу, нормативтік актілерге сараптама жасап түсініп білу.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Алматы,

2001г.

  1. Н.И. Химичева «Финансовое право». Москва, 1999г.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Заңтану.

Алматы, 2002ж.

Наши рекомендации