Умақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау. 5 страница
- 4 бірлік көлемінде арнайы техника сатып алынды;
- қалпына келтіру жұмыстарынан кейін тоқсандық №2 қазандық іске қосылды және т.б.
2003ж. | 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. | 2007ж. | 2008ж. | 2009ж. | |
Жылу желілерін жөндеу, км | 6,5 | 7,6 | 8,2 | 11,0 | 19,5 | 13,8 | 14,9 |
Негізгі отын ретінде қатты отын (көмір) пайдаланылады.
Сонымен қатар, облыс орталығының жылу қазандығы тәулігіне қысқы мезгілде 900 тонна көмір және жаз мезгілінде 200 тонна көмір жағады, бұл электр энергиясын өндірмегенде, жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуде. Жылу қазандықтарының жүктемесі ең жоғарғы деңгейге жеткен, бұл жылу қазандықтарын арттыруды қажет етеді.
Талдықорған қаласының Шығыс шағын ауданындағы №3 орам жылу қазандығы мен №18 орам жылу қазандығын қайта жөндеу қажет, бұл жақын арадағы 3-4 жыл ішіндегі жылу энергиясын тұтыну өсімін жабуға мүмкіндік береді.
Келешекте Талдықорған қаласында ЖЭО салу немесе «Басқуат» жылу қазандығын кеңейту қажет.
Талдықорған қаласын газбен қамту баллон газы және топтық резервуарлы қондырғылармен жүргізіледі.
Қалада сұйық газды 123 топтық резервуарлы қондырғылар (ТРҚ), олардың ішінде істейтіндер – 61 бірлік.
ТРҚ апат-техникалық қызмет көрсетуді «Алатаугаз» МКК жүргізеді, оның базасында біртұтас газ қызметі құрылды, ол сұйық газ тұтынушылардың тұрмыстық газ құралдарына апаттық және алдын алу қызметтін көрсетеді.
Тұтынатын газ есебін реттеу мақсатында бюджетік қаражаттар есебінен (қайтарым негізінде) 5,0 млн.теңге сомаға 955 есептегіштер орнатылды.
2009-2010 жылдары 315 млн.теңге жалпы сомаға 47 топтық резервуарды қондырғылар күрделі жөнделді, газ құбырларын сараптау мен ауыстыру жөнінде жұмыстар жүргізілді.
Талдықорған өңірін газдандыру ТЭН-сі құрастырылуда, бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 46,0 млн.теңге бөлінген.
Қабылданған шараларға қарамастан, газ шаруашылығын қайта жаңғырту мен қайта қалпына келтіру бойынша мәселелер сол қалпында тұр. Бұдан басқа, ТРҚ және жер асты газ құбырының қауіпсіздігі мақсатында аталған нысандарды жыл сайын қайта куәландыруды жүргізу керек, оған қосымша қаражаттар қажет.
Қаланы газбен қамту жалпы облыс экономикасына оң әсерін тигізеді, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартады және халықтың әлеуметтік деңгейін арттырады.
Жылу және газбен жабдықтау саласындағы мәселелер:
- жылу және газбен жабдықтау желілерінің жоғарғы тозығы;
- ТРҚ және жер асты газ құбырының жыл сайын қайта куәландыруға қаражаттың болмауы;
- жылу энергия тұтынуының өсуіне байланысты қазіргі қуаттарды ұлғайту немесе ЖЭО салу қажет.
Автомобиль жолдары
Қаладағы жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 402,31 км құрайды, оның ішінде 79,69% қалалық, ал 20,31 % ауылдық көшелер.
320,6 км ұзындығымен қалалық көшелердің ішінде 176,727 км (55%) асфальбетонмен жабылған, 10,474 км (3%) ірі құмды-қиыршықтасты; 133,399 км (42%) жабындысыз (топырақты).
Ауылдық көшелердің ішінде 42,734 км (52%) асфальбетонды жабылған, 11,808 км (14%) ірі құмды-қиыршықтасты; 27,165 км (33%) жабындысыз (топырақты).
Қаланың және іргелес елді мекендер жолдарының аз бөлігі ғана (18 пайызы) жақсы қалыпта. Қалғандарын қанағаттанарлық - 42% және қанағаттанарлықсыз - 40% деп бөлуге болады.
Жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөдеу және ұстау
динамикасы
Жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөдеу және ұстау | 2005ж. | 2006ж. | 2007ж. | 2008ж. | 2009ж. |
- ұзындығы, км | 64,79 | 34,79 | 34,79 | 85,0 | 56,0 |
- сомасы, млн.теңге | 378,3 | 464,3 | 353,6 | 258,0 | 92,3 |
Белсенді қозғалысының, автокөліктердің жүк көтеруінің жылдам өсуіне байланысты көптеген көшелер мен тұрғын аудандарға кіреберістердегі асфальт бетонды жабыны жарамсыз, өткізу мүмкінді төмен. Көшелердің параметрлері «Қала құрылысы, қалалық мен ауылдық мекендерді жоспарлау мен салу» СНиП техникалық нормаларына сәйкес келмейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Орталық көшелердің жүгін жеңілдету және қалалық маршруттарды ауыстыру мақсатында, СНиП нормаларына дейін көшелерді кеңейтумен бірге күрделі жөндеу жүргізу, аялдама кешендері мен бағдаршам нысандарын орнату қажет.
Қала шекарасында жергілікті маңызы бар жалпы пайданалатын ұзындығы 92 км автомобиль жолдары өтеді, оның ішінде 54 км асфальбетонды жабылған, 30 км қара қиыршықтасты, 8 км ұсақ қиыршықтасты, оның ішінде 7 темірбетонды автомобиль көпірлері мен екі деңгейлі көлік түйіні бар. Тәуелсіздік көшесі бойындағы Қаратал өзенінен өтетін көлік-жол көпірі апатты жағдайда тұр және жедел жөндеуді қажет етеді.
Қала көшелерінің 80% жол жабынына күрделі жөндеу 35 жылдан астам уақыт жүргізілмеген, СНИП –қа сәйкес жолдар 10 жыл сайын, ал көшелер – 7 жыл сайын жөнделу керек.
Көлік
Талдықорған қаласы Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының Оңтүстік белдікті байланыстыратын түйіні болып табылады, Алматы облысының барлық аудандарына, Алматы қ., Өскеменге шыға алады, сондай-ақ Орталық Азия, Ресей мен Қытай республикалары.
Қалада әрсабақты көлік желісі бар, олар: автомобильді, әуе жолдарының, теміржол мен өзен көлік түрлері. Қаладағы тасымалдау көлемінің негізгі бөлігі автомобиль көліктерінде.
Талдықорған арқылы халықаралық және республикалық маңызы бар көлік магистралі өтеді.
Адам және жүк тасымалдаумен 14 қалалық жеке меншік тасымалдаушылар айналысады. Қалада автовокзал жұмыс істейді.
2004 жылмен салыстырғанда автомобиль жүк айналымы 1,3 есе өсіп, 532,7 млн.т.км құрады, ал автомобильмен және әуе көлігімен адам тасымалының айналымы – 7 есе өсіп, шақырымына 1 млрд. жолаушыны құрады.
Қала аумағында «Жетісу» Әуекомпаниясы» орналасқан, ол «Талдықорған-Астана-Талдықорған» әуемаршруты бойынша рейстер орындайды.
Көлік саласындағы проблемалар:
- автомобиль парктерінің тозу деңгейінің жоғары болуы.
Ақпараттық коммуникация
Қаланың байланыс қызметі «Қазақтелеком» АҚ және «Қазпочта» АҚ монополист кәсіпорындар, тағы басқа да лицензия алған компаниялармен атқарылады. Сонымен қатар, 4 мобильді оператор және бірнеше жедел-пошта қызметін көрсететін компаниялар жұмыс жасайды.
Қаланың барлық халқы телефонмен қамтылған. Телефон тығыздығы 100 тұрғынға 31,5 бірлік.
Жалпы ғаламторды пайдаланушылар санының 78% ADSL(Megaline) технологиясымен кең алқапты қосылу қосылған.
Ғаламторды пайдаланушылар тығыздығы 100 тұрғынға 5,35 бірлікті, кең алқапты қосылу – 3,94 бірлікті құрады.
Заманауи телекоммуникация технологиялары қарқынды енгізілуде, барлық елді мекендерде сандық теледидерларды қолдану мүмкіндіктері бар.
Қалада пошта байланысының 12 бөлімшесі және 5 пошта байланыс пункті бар.
Пошта байланысы қызметінен басқа зейнетақы, еңбекақы төлеу, салық төлемдерін, коммуналдық қызметтердің төлемдерін қабылдау және банк қызметтерінің көптеген түрлерін көрсетеді.
2007 жылдан бастап қалада электронды құжатайналым ақпараттық жүйесі енгізілген.
Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу әкім аппаратында толығымен электронды сандық қол қоюды қолданумен электронды түрде жүргізіледі.
Электронды құжатайналымды толығымен жетілдіру үшін лауазымды адамдарға, сонымен қатар құжаттарды тіркеуге жауапты мамандарға электронды сандық қол қою жүйесі орнатылған.
Халықты ғаламтормен қамтамасыз ету үшін қалада 10 қоғамдық ғаламторға кіру пунктері құрылған. Қаланың әлеуметтік маңызды мекемелерінен басқа құралдар Халыққа қызмет көрсету орталығында орналастырылған.
Ақпараттық байланыс технологияларының проблемалары:
· «е-үкімет» ынтасын жүзеге асыру барысында негізгі тосқауылдың бірі – түрлі халықтық әлеуметтік топтардың АБТ қолдану мүмкіндіктерінің болмауы;
· Мәліметтерді таратуға көлік жағдайының жеткіліксіз дамуы
2.2.4. Аумақтық (кеңістіктік) даму
Талдықорған қаласы - Алматы облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, білім және мәдениет орталығы, тиімді географиялық орны және жанжақты даму әлеуеті бар.
Қала құрылымына Талдықорған қаласы 7 елді мекені кіреді. Халықтың тығыздығы 1 ш/км аумаққа 2048,7 адамды құрайды. Өндірістік қуаттылықтың және көліктік жүйенің қалыптасқан орындарына байланысты халық біркелкі орналастырылмаған.
2004-2009 жылдар аралығында қалада 2 жаңа мектеп салынды, биылғы жылы 900 орынды Зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталды, 25 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді.
2 балабақша жөнделіп қайта қалпына келтірілген, 3 шағын-орталық, кешкі мектеп, өнер мектебі ашылған. Биылғы жылы 225 орындық 2 жеке мектеп ашылды.
Денсаулық сақтау саласында 1 медициналық пункт салынды.
Орталықтандырылған сумен 4 елді мекен қамтамасыз етілді.
2008-2009 жылдары 17,3 км сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілді, және 761 км суқұбыры жөнделді.
2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және
өзін-өзі басқару жүйесі
Өкілді органдар: Талдықорған қалалық мәслихатында 15 депутат сайланды.
Қалалық әкімдік құрылымына әкім аппараты мен 9 бөлім (2010 жылдың 1 қарашасына, 15% қысқартуды есепке алғанда) және 2 ауылдық округтер кіреді. Ауылдық округтер әкімінің аппараттарының саны 10 адамды құрайды. Жеке бөлімдердің басшылары мен ауылдық округтер әкімдері бюджеттік бағдарлама әкімшілері болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару тікелей, жергілікті қауымдастық мүшелерімен, сондай-ақ мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың басқа органдары арқылы жүзеге асырылады. Қала, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік басқару қызметімен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органының функцияларын атқарады.
Құқық бұзушылықты алдын алу жүйесі, құқық қорғау жүйесіне халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында қылмысқа қарсы күресті арттыру 2011-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықты алдын алу аймақтық бағдарламасы аясында іске асырылады.
Құқық тіртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі әдістерін енгізу, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық мен ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін арттыру, құқық бұзушылықты алдын алуға азаматтарды тарту бойынша шаралар қабылдау және тұрғындардың құқықтық білім деңгейін ұлғайту қарастырылған.
Нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалынған қылмыстардың үлес салмағы 2010 жылғы 35%-дан 2015 жылы 32,5%-ға төмендейді.
Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші кезеңмен жоғарылайды (2011ж. - 65%, 2012ж. – 65,1%, 2013ж. – 65,2%, 2014ж. – 65,3%, 2015ж. – 65,4%).
Азаматтық қорғаныс
Талдықорған қаласында орта есеппен соңғы алты жыл (2004-2009) бойы жыл сайын 300-ден астам төтенше жағдайлар туындады, бұл жағдайлардан зиян шеккендер саны 300-ден 350-ге дейін жетеді, мерт болғаны – 30-40, ал материалдық залал – 312,5 млн.теңгеден астам.
Өмір қауіпсіздігінің сапасына облыста техногендік факторлар, аномальды табиғи құбылыстар, қоршаған ортадағы жоғары антропогендік қысым, және сөзсіз – стихиялық жағдайларға, апаттарға және зілзалаларға қарсы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндердің қатарына жатқызылған инфрақұрылымдар құрылыстарының аяқталмауы.
Халық, объектілер және аумақтар үшін асқынып тұрған тәуекел факторы маусымдық су басулар мен су тасқындары болып табылады.
1. Қала шекарасында су тасқынына жеңіл берілетін 16 учаске анықталған, олардың 12 – Қаратал мен Балықты өзендерінің бассейндері, 2 су қоймасы («Ащыбұлақ» және Ескелді ауданының аумағындағы «Алмалы», бірақ су төгілуі қала аумағында жатыр). Коммуналдық меншіктегі объектілердің бір бөлігі апаттық жағдайда тұр.
2004-2009 жылдар бойы қаладағы Қаратал өзенінде су басу зардабынан 141,5 млн.теңге сомаға материалдық залал келтірілді. 1,03 км-ден астам автомобиль жолдары; жалпы ұзындығы 0,12 км көпірлер мен өткелдер қирады.
Қаратал және Балықты өзендерінде 16 км су басуға қарсы қорғау бөгендерінің құрылысы, 2,0 км артық жөндеу және нығайту, 17 км су басу қаупі бар арнасын тереңдету және кеңейту жұмыстары жүргізілуі қажет.
Ағымдағы жылы жөндеу мен қалпына келтіру жүргізілді: бөген – 6; аршылды: 6,7 км өзен арнасы, 2 бірлік су ағызу құрылысы және 103 км арық жүйесі.
2. Жыл сайын қалада материалдық зияны 5 млн.теңгеден асатын 160-тан астам өрт тіркеледі.
2004-2009 жылдары 803-ке жуық тұрмыстық, өндірістік және табиғи өрт болды, материалдық зиян 28 млн.812 мың 229 теңге, мерт болғаны 79, әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны – 55 адам.
Қаланың орман және егістік алқаптарында материалдық шығынсыз 3 өрт болды.
Қаладағы мемлекеттік өрт сөндіру қызметі Талдықорған қаласы мен 5 елді мекенді өрттен қорғайды.
3. Жер сілкіну – құрбандарының саны, зиянының мөлшері, қамтылу аумағының үлкендігі және одан қорғанудың қиындығына қарай қаупі басым стихиялық зілзала болып табылады.
Талдықорған қаласының аумағы сейсмикалық қауіпті жерде орналасқан, мұнда 144,6 мыңнан астам адам өмір сүреді. 2004-2009 жылдарғы кезеңде қала аумағында 20-дан астам (2 баллдан артық) жер сілкінулер тіркелді.
2010 жылдың 1 қаңтарына жер сілкіну болған жағдайда жалпы ауданы 54550 ш.м. болатын 975 апаттық тұрғын үйлер зиян шегуі мүмкін. Сейсмикалық күшейту қажет жалпы ауданы 89658 шаршы метр 25 кондоминиум объектісі (көпқбатты үй) күрделі жөндеуден өткізілуі тиіс.
2.3. Қала аумағын ортамерзімді келешекте тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, тежеуші факторлардың, бәсекелестік басымдықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы
Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы негізгі мәселелерді, тәуекелдерді, тежеуші факторларды, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктерді анықтаған SWOT-талдауынан көрінеді.
SWOT – талдау
Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
А Артықшылығы 1. өнекркәсіптік өндірістің дамыту әлеуетінің болуы 2. Еңбек әлеуетінің болуы. 3. Ауылшаруашылық өнімдерінің өнеркәсіптік өңдеу базасының болуы. 4. Құрылыс индустриясын дамыту үшін пайдалы қатты кендердің едәуір қорының болуы. 5. Халықтың өзін-өзі азық түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің жоғары болуы. 6. Алматы қаласының тұтыну нарығына жақын тиімді орналасуы В Артықшылығы 1. Құрылыс индустриясы өсуінің жоғары қарқыны 2. Алматы қаласының нарығы - машина жасау және құрылыс саласына бағытталған жоғарғы қосымша құнмен өнім шығаратын бірнеше өнеркәсіптік өңдеу салаларының өсу үрдісі 3. Қала арқылы халықаралық Европа-Қытай коридорының өтуіне географиялық қолайлылықтың арқасында маңызды тасымалдау әлеуетінің болуы. С Артықшылығы 1. Иммиграция үшін жоғары тартымдылық . D Артықшылығы 1. Экономикалық даму жоспарында болашақта ресурстық қамтамасыз ету. 2. Жалпы мәдениетке халықтың қызығушылығының артуы. 4. Мәдениеттің бәсекелес инфрақұрылымын жасау мүмкіндігі. Е Артықшылығы Экономикалық даму жоспарында болашақта ресурстық қамтамасыз ету - тілдерді үйренуге қызығушы халық санының ұлғаюы - тіл саясатының бәсекелес инфрақұрылымын құру - визуалды ақпаратты және реквизиттерді рәсімдеу мүмкііндігі С Артықшылығы 1. Балабақшаларды қалпына келтіру және мектепке дейінгі шағын-орталықтардың жұмыс жасауы. 2. Мектепке дейінгі білім беру қызметімен балаларды қамту көрсеткіштерінің өсуі. 3. Кең ауқымды ғаламтор және жаңа нұсқадағы компьютер кабинеттерімен жабдықтаудың негізінде мектептерді материалды-техникалық жабдықтау деңгейінің ұлғаюының тұрақты үрдісі. 4. КЛ және колледж түлектерінің жұмысқа орналасқандар санының 1,2 есе өсуі. 5. Күрделі жөндеуден өткен білім мекемелерінің санының артуы(27) 6. Жастар саясаты бойынша тұрақты іс- шараларды өткізу | А Артықшылығы 1. Облыстың жеке отын-энергетикалық ресурстарының жетіспеуі. 2. Қаланың кәсіби еңбек ресурстарының жетіспеушілігі және оралмандардың көптеп келуінің салдарынан әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі. 3. Облыстың ішкі тұтынушы нарығының шектелуігі және сыртқы нарыққа өнім жеткізудің жеткіліксіз дамуы. В Артықшылығы 1. Көліктік инфрақұрылым нысандарының жеткіліксіз дамуы. 2. Автомобильдік тасымалдау жолдарының және инфрақұрылымдардың көп участоктарда техникалық стандарттарға сәйкес келмеуі . С Артықшылығы 1. Электр қуатының жетіспеушілігі және жоғарғы тарифі. D Артықшылығы 1. Әлеуметтік инфрақұрылымның өсуінің жетілмегені және әлеуметтік салаға салынған инвестицияның төмен деңгейі. 2. Қазақстан халқының тарихи мәдени мұрасын оқып білу және мәлімдеудің төменгі деңгейі. 3. Нормативті-құқықтық базаның жетілмегені, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базаларының төмен деңгейі, мамандандырылған кадрлардың аз болуы. Е Артықшылығы Әлеуметтік инфрақұрылымның өсуінің жетілмегені және әлеуметтік салаға салынған инвестицияның төмен деңгейі - нормативті құқықтық базаның жетілмеуін көрсететін тіл саясаты дамуының төмен деңгейі, мекемелердің материалды-техникалық базасының дамуының төмен деңгейі, тіл мекемелеріне кәсіби мамандардың жетіспеушілігі. С Артықшылығы 1. Арнайы құралдармен жеткіліксіз жабдықтау. 2. Мектепке дейінгі мекемелермен 72,9% бала қамтылмауда. 3. Кәсіби мамандардың жетіспеушілігі. 4. Техникалық мамандықтар бойынша мамандар дайындаудың болмауы. 5. Отбасыларға, мектептерге, бағып алған ата аналарға көмектесетін қызметтердің болмауы. 6. Балалардың құқықтарын қорғау бойынша кәсіби мамандардың жетіспеушілігі. 7. Жастар саясатының жетілмеген инфрақұрылымы: нысаналы топтардың толық қамтылмауы, аумақтық деңгейде жетілмеген әдістерді жүзеге асыру, қол жеткен нәтижелерді бағалаудың тиімді жүйесінің болмауы. 8. Кәсіби басқару және қызмет көрсету қызметкерлер құрамының болмауы. |
Мүкіндіктер | Қауіптер |
А Артықшылығы 1. Табиғи-шикізат базаның негізінде ауыл-шаруашылық өнімдерін өңдеу, индустриалдық құрылыстың кешенді дамыған жүйесін дамыту 2. Өңдеу өнеркәсіп саласында жылдамдатылған индустриаландыру аймағының экономикасын диверсификациялау аясында Мемлекттік қолдау арқылы өндірістерді құру. 3. Экономиканы дамытудың кластерлік үлгісі және кіші бизнес субьектілерінің белсенді рөлі дәстүрлі экспорт секторларында өнімнің вертикалды диверсификациясын ұлғайтуға мүмкіндік береді. В Артықшылығы Халық санының артуына және қалаға жоғары кәсіби мамандарды тарту үшін жайлы жағдай жасау. 1. Жаңа өндірістің дамуына байланысты жұмыспен қамтудың өсуі. 2. Жүк тасымал және жолаушылар легінің қарқынын арттырумен аумақтың кірісінің едәуір өсуі. 3. Өңдеу өнеркәсіп саласында өндірістік логистиканың және технологиялық аутсорсингтің, сонымен қатар трансұлттық өндірістің негізінде жаңа өндірістерді құру 4. Болашақта ауыл-шаруашылық өндірісінің өсуі, сонымен қатар ауыл –шаруашылығының дамуында инновациялық жолдың негізінде егіншілік шаруашылығын, қала аумағында мал азығын өндіру. С Артықшылығы 1. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының дамуы (сауда-дайындамалық, көліктік, қаржылық). 2. Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту, экологиялық жағдайды жақсарту - әлеуметтік серіктестік. D Артықшылығы 1. Тіл саясаты дамуының нақты болашағы және мемлекет шекарасынан тыс жерде мемлекеттік тілді насихаттау. 2. Тіл саясатын тиімді қолдану. 3. Мектепке дейінгі мекемелердің мектепке дейінгі жастағы балаларды қамтуды 100% жеткізу мақсатымен заманауи мектепке дейінгі мекемелер құрылысына және осы мекемелердің материалды-техникалық базасын нығайту үшін бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және жеке қаржыландыруды ынталандыру. 4. Орта білім беру нысандарының материалды-техникалық базасын нығайтумен байланысты шығындарды қаржыландыруда жеке сектордың қатысуын ынталандыру және бюджеттік қаржыландыруды кеңейту. 5. Іріктеу, дайындау және отбасыны жетелеу бойынша жобаларды және халықаралық ұйымдардың гранттарын қолдану. 6. Мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, оқу орындарының және оларға тәжірибе өтуге көмектесетін кәсіпорындар арасында меморандум жасау. 7. Білім беруде инновациялық технологияларды енгізу саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, білім беруді, ғылым мен нақты секторды жақындату, аймақтық жоғары оқу орындарының материалды-техникалық базасын нығайту жыл сайынғы мектеп түлектерін қабылдаудың және жоғарғы кәсіби мамандарды дайындаудың керекті деңгейін қамтамасыз етеді. 8. Балалар үйінен бала асырап ала алатын қорғаушы және қамқоршыларды экономикалық қолдаудың механизмін енгізу. 9. Жастармен жұмыс жасауда сынақтан өткен әдістемелерді қолдану, үнемі жастар үшін брендтік іс-шараларды жүргізу. 10.Туризмнің бәсекелес инфрақұрылымын құру мүмкіндіктері. 11. Халықты жұмыспен қамту 12. Ішкі және сырттан келуші туризмді дамыту және бюджетке түсімдерін арттыру. | А Артықшылығы 1. Техногендік факторлардың әсерімен жер және табиғи ресурстардың құлдилауына байланысты экологиялық жағдайдың нашарлауы 2. Қаланың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына байланысты инвестициялық қызығушылықтың төмендеуі. 3. Сырттан келетін азық-түлік тауарларына және оларды өндіру үшін шикізаттарға жоғарғы тәуелділік. В Артықшылығы 1. Кәсіби мамандардың жетіспеушілігі. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санының артуы. С Артықшылығы - Электр қуатының тапшылығы және өнеркәсіп даму қарқынының төмендігі. D Артықшылығы 1. Мектепке дейінгі мекемелердің жеткіліксіз қаржыландырылуы мектепке дейінгі жастағы балалардың төмен қамтылуын және орта мектептегі балалардың дайындығы мен олардың қоғамға психологиялық-әлеуметтік бейімділігін шектейтін мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі. 2. Халықтың жоғарғы еңбекақы төлеу шарттарына және жақсы өмір сүруге талпынуы балалармен қарым-қатынас жүргізудегі тәжірибелі жоғары білікті педагогикалық мамандардың орта білім жүйесінен көптеп кетуі – орта білім қызметін төмендетуде. 5. Ата-анасының және олардың орнындағы мүшелерінің қамқорынсыз қалған балалардың отбасылық өмір нұсқаулары бағдарламасын оқыту бойынша мамандарды қайта даярлау бағдарламаларының болмауы. 6. Халық тарапынан жастар іс-шараларының қабылданбауы. 9. Туристтік бизнесте кәсіби біліктіліктің төмен деңгейі және ұсынылатын туристтік қызметтің бағасына қызмет көрсету сапасының сай келмеуі. |
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ