Лттық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәнін түсіндіріңіз.
Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты – қоғамды, яғни әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе – теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту.
Бұл орайда мемлекеттік реттеудің аттану нүктесі мен басты бағыттары келесі болады:
1) Елдің экономикалық саясаты (барлық ресурстарды тиімді, ұтымды пайдалану саясаты). Ішкі экономикалық және әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат
2)Әлеуметтік – экономикалық мақсатта
3)Халық шаруашылығың басым бағыттары
4) экономиканы реттеу мемлекеттік реттеу нарықтық реттеу макроэкономика
5) экономика
Елімізде әлеуметтік – экономикалық реформаларды нарықтық экономикалық қатынастарға көшудің басты мақсатын және экономика мен әлеуметтік дамудағы нақты мақсаттарды келесі кестеден көруге болады.
Негізгі мақсат: әр адамға дербес жолын таңдауға және экономикалық өзін — өзі айқындауға, өзінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндігін ашатын көп укдадты нарықтық экономикасы бар, демократиялық қоғам құру.
Экономика саласында.
1) меншіктің негізгі түрлерін үлестіре және өзара дамыта отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық экономика құру
2) әр адамның экономикалық тұрғыдан өзін айқындау принципін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасау
3) Қазақстанның табиғи ресурстарының негізінде дүниежүзілік тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен оны бөлісу және ғылымды көп қажет ететін салаларды жеделдете дамыту
4) қазіргі шетелдік және отандық техника мен технологияларды қатыстыра отырып экспорттық және импорттық өндірістердің орнын алмастыратын өндірістер есебінен, оның экономикасын қайта құру.
5) тұтыну нарығын толықтыру
6) шетелдер инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану
Әлеуметтік дамуда.
Негізгі мақсаты: іс жүзінде бәрінің игілігін: балалық, еңбекке қабілетті және қабілетсіз жастағы, сонымен бірге жағдайдағы адамдардың игілігін іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату.
1) кез келген салада күш жұмсауға ниет білдіретін әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндікпен мүмкіндік туғызып, олардың қабілеттісінің, еңбек сүйгіш, әрі іскерлерінің қоғамда жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету
2) экономикалық өсу мен тұрақтануына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақы арттыру, бірақ соның өзінде заңсыз баюға жол бермеу. Осы негізгі мақсатты және экономика мен әлеуметтік салалардағы мақсаттарды орындаудағы мемлекеттік реттеудің алдына қоятын мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады. Олар:
1) Экономиканы тұрақтандыру
2) шаруашылық жүгізудің тиімді механизмін құру
3) нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру
Негізгі мақсаты: республиканың, халық шаруашылығының Қазақстанның үлкен табиғи және экономикалық мүмкіндіктеріне сай келетін қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуге, заттық жағдай жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға енуін қамтамасыз ету.
1)нақты мақсаттар
Экономиканы тұрақтандыру – экономиканың қаржылық салықтандырылуы және айналымының тұрақтандырылуы
2)тұтыну нарығын жақсарту
3)өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
4)шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту
Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру:
1) меншік қатынастарын өзгерту
2) еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету
3) бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету
4) қаржы несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру
Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру:
1) нарық инфроқұрылымдарын құру, қалыптастыру
2) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру, құру
3) өндіріс заттарының нарығын құру
4) ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру
5) еңбек нарығын құру
6) тұрғын үй нарығын құру
7) қаржы нарығын құру
Бұл мемлекеттік реттеудегі мақсаттар жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты екендігін, бір – бірін толықтырып отыратындығын және олардың іске асырылуы, орындалуы негізгі мақсатын орындалатындығын қамтамасыз ету керек екендігін көруге болады.