Тақырып 5. Инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету

Инвестицияны қалыптастыру көздерін анықтаудың негіздері

Айтарымды және қайтарымсыз негіздегі қаржыландыру

1.Кәсіпорының инвестициялық ресурстарын қалыптастыру көздерін анықтау кәсіпорының табысты қызмет етуі мен инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыруы үшін аса маңызды міндеттер болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық қалыптастыру көздерін анықтаудың бірқатар айырмашылық ерекшеліктері бар. Осындай ерекшеліктердің бірі – инвестициялық процесс, айтарлықтай ұзақ кезеңмен сипатталады, сәйкесінше бұл инвестийиялық мақсаттарға ұзақ мерзімді қаржылық ресурстардың тартылуын анықтайды, сондықтан меншікті капиталдан басқа инвестициялық ресурстарды қалыптастыру көздері болып ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар және қаржылық лизинг табылады.

Инвестициялық процесті қаржылық қамтамасыз ету – бұл негізгі капиталды өндіруге қаржылардың қатысуы. Дамыған мемлекеттердің экономикалық теориясында қаржыландыру және инвестициялау түсініктері ажыратылады.

Инвестициялау үшін көздерді анықтау мен ақша қаражаттарын бөлу (заемдарды тарту) процесі қаржыландыру деп аталады.

Ал ақша қаражаттары ұзақ мерзімді салымдар ретінде пайдаланылу процесі инвестицияны білдіреді, яғни қаржыландыру инвестициялауда келтіріледі.

2. Жобаларды қаржыландыру қаржылық қамтамасыз ету қайтарымды және қайтарымсыз негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

Қайтарымды негізгі қаржыландыру – бұл келісілген мерзімге пайызбен, қайтару міндеттемесімен инвестордың белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарды ұсынуы.

Қайтарымсыз негіздегі қаржыландыру- бұл болашақта жобаны жүзеге асырудан табыс алу мақсатында белгілі бір белгісіз мерзімге түрлі инвесторлармен ақша қаражаттарын ұсыну.

Алғашқы әдісте ұлттық несие, халықаралық қаржы-несиелік институттарының несиелері, коммерциялық банктермен басқа қаржы несиелік мекемелерінің несиелері қолданылады.

Екіші әдісте қаржыландыру көзіне бюджетті қамтамасыз ету, мемлекеттік субсидиялар, бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары, инвесторлардың меншікті қаражаттары, сондай-ақ олармен тартылған қаражаттар жатады.

Жобаларды қаржыландыру келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Қаржылардың тікелей және мақсаттық сипаты қаржыларды тікелей жабдықтауға тізуін сипаттайды.

Өндірістің үзіліссіздігі мен ырғақтылығы және оның қаржыландыру үзіліссіздігі орындалған жұмыстың өз уақытында төленуін талап етеді.

Тақырып 6. Инвестициялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету

Инвестициялық қызмет субъектілерінің арасындағы қаржы-несиелік қатынастар принциптері

Кәсіпорының инвестициялық қаражаттарын қалыптастыру көздері

1.Капиталдық салымдардың қаржыландырылуы бір немесе бірнеше көздердің есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәспорынның меншікті инвестициялық ресурстарын қалыптастырудың ішкі көздеріне төмендегілер жатады:

1. таза табыстың реинвесторлық бөлігі;

2. амортизациялық аударымдар;

3. айналымнан тыс активтерді сатудан түскен қаражаттар;

4. инвестициядағы иммобилизделген басқа ішкі көздердің меншікті айналым активтерінің артық сомасы ;

5. басқа да ішкі көздері;

Кәсіпорынның меншікті инвестициялық ресурстарын қалыптастырудың сыртқы көздеріне мыналар жатады:

1. акциялардың эмиссиясы

2. қосымша пай капиталын тарту;

3. қайтарымсыз негіздегі түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтамасыз ету;

4. мемлекеттік емес қорлар мен институттарды қайтарымсыз негізде мақсатты қамтамасыз ету;

5. басқа да сыртқы көздері;

2.Кәсіпорынның заемдық инвестициялық ресурстарын қалыптастыру көздеріне мыналар жатады:

1. банктің ұзақ мерзімді несиелері;

2. банктік емес қаржылық мекемелердің несиелері мен заемдары;

3. мемлекеттің мақсаты және жеңілдік кестелері;

4. қаржылық лизинг;

5. облигациялық заем;

6. басқа да сыртқы көздері;

Тақырып 7. Инвестициялық жоба капиталының құнын бағалау

Капитал құнының түсінігі мен экономикалық заты

Наши рекомендации