Тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасын мемлекет басшысының жастарға көрсеткен _______________________________________________________.
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының І съезінде ________________________________________________________________.
Ауылға барған мамандарға мемлекет тарапынан___________________
________________________________________________________________.
Осындай қолдауды иеленген жастар шарт бойынша ауылда_________
________________________________________________________________.
Үшінші сабақ
Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер. Сұхбат құрыңыздар.
Сіз (немесе сіздің ата-анаңыз) банктен несие алып көрдіңіз бе?
Ипотекалық несие рәсімдеу үшін отбасының ортақ табысы қанша болуы керек?
Ипотека алудың ең тиімді жолы қандай?
Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
Баспана – капитал ғана емес әрі кіріс көзі
Риэлторлық агенттіктердің деректеріне жүгінсек, республикада жылжымайтын мүлік сауда-саттығына қатысты ай сайын 10-13 мың келісімшарт жасалады. Жыл он екі айда олардың ұзын-ырғасы 150 мыңға жетеді. Бұл елдегі баспана сатып алатын отбасылар саны 3 пайыздан аспайды деген сөз. Ал олардың ішінде тұрғылықты жай үшін сатып алатындар мен пайда көздеп сауда-саттық жасайтындардың ара-жігін ажыратып айтып беру мүмкін емес. Бұлай деуімізге бір себеп, коммерциялық банктерден ипотека алуға белгілі бір қаражат қоры бар азаматтар ғана қауқарлы. Басқаша айтқанда, ипотекамен үй сатып алып, оны «қара нарықта» жалға беріп, пәтердің өз шығынын өз құнымен толтыру – қарабайыр «бизнестің» бір жолына айналған.
Шындығында, баспаналы болуға үмітті орта табыстылар үшін екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ипотекалық несиелер тығырықтан шығудың бірден-бір жолы. Қазақстанда 36 екінші деңгейдегі банк болғанымен, іс жүзінде 24-інде ғана ипотека беріледі. Бірақ банктердің бірігу, портфельдерді қысқарту, ақша саясатын өзгертуі салдарынан іс жүзінде ипотекадан дәмелі азамат 7 банктен ғана несие рәсімдей алады. Бірақ орта табысты саналатын қарапайым отбасының ортақ айлық кірісі 250 000 теңге деп есептелсе де, бұл сома ипотекалық несие алуға жеткіліксіз екен. Сарапшылардың есептеуінше, екінші деңгейлі банктерден Астана қаласындағы тұрғын үйге 15 жылға дейін мерзімге ипотекалық несие рәсімдеу үшін отбасының ортақ табысы ай сайын 394 000 теңгеден кем болмауы тиіс.
Басқаша айтқанда, қазіргі таңда ипотека алудың ең тиімді жолы – «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің» делдалдығына жүгіну. Бірақ бұл банктен ипотека алу үшін оның депозиттік портфелінен есеп-шот ашып, аз дегенде үш жыл, үш ай қаражат жинауыңыз керек. Бұл банктен төмен пайызбен (3,5-5,0 пайыз) мемлекеттік бағдарлама аясында салынған әлеуметтік үйді сатып алу үшін қалада тұрақты тіркеуде болуыңыз керек және Қазақстан бойынша отбасыға тиесілі жекеменшік жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Құжаттарыңыз бұл талаптардың бәріне сай болса да, зәру шаршы метрлерге қол жеткізу үшін біршама күтуге тура келеді деген сөз.
(turkystan.kz/saraptama/2431 –)