Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Сабақтың тақырыбы: §45.ХҮІІ ғасырдағы Ресей.

Сабақтың тақырыбы: §45.ХҮІІ ғасырдағы Ресей.

Сабақтың мақсаты:

? ХҮІІ ғасырдағы Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы, Борис Годуновтың таққа отыруыХҮІІ ғасырдағы орыс мәдениеті туралы айту;

? Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

? Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Ü Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Ü Әнұран орындау, «Хабар»

Ü Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

– Орыс мемлекеті неге көп ұлтты мемлекет деп аталды?

– ІҮ Иванның ішкі саясатының мәнін қалай түсінесіңдер?

– Опричнина саясаты ІҮ Иванға неге қажет болды?

– ХҮІ ғасырда Ресейде шаруашылықтың күйзеліске ұшырауының себебі неде?

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Ресейді ішкі және халықаралық жағдайы

Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Сабақтың тақырыбы: §45.ХҮІІ ғасырдағы Ресей. - student2.ru ХҮІІ ғасырда Ресей әлеуметтік-экономикалық дамуында сословиелік топтарға бөлініп, сословиелік монархияға айналды. Ресей қоғамы үш әлеуметтік топты құрды. Бірінші-билік басындағылар, екінші-сауда-өнеркәсіп қызметкерлері, үшінші-шаруалар. Жоғары топқа-Мәскеу ұлы кінәзі, сарай қызметкерлері, яғни патша сарайындағы адамдар, бояр аристократтары; екінші топқа саудагерлер мен қолөнершілер, әскерилер, қазына ағаш шеберлері мен ұсталар жатты. Әлеуметтік топтар арасындағы бақталастық, билік үшін күрес ХҮІІ ғасырда Ресейде дүрбелең кезеңдер тудырды. Бұл кезең 1584-1613 жылдарға дейін созылды.

2. Борис Годуновтың таққа отыруы.

3. Романовтардың патшалық құруы

Сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. Сабақтың тақырыбы: §45.ХҮІІ ғасырдағы Ресей. - student2.ru Романовтар Ресейде 1613-1917 жылдары патшалық құрды. 1649 жылы Собор заңдарының жинағы қабылданды. Ол Ресейдегі шаруалардың басыбайлығын түпкілікті бекітті.

4. ХҮІІ ғасырдағы орыс мәдениеті

Сабақты бекіту:

G ХҮІІ ғасыр неліктен жаңа тарихи кезең деп аталды? Бұл кезең Ресей қоғамына қандай өзгерістер әкелді?

G ХҮІІ ғасырда Ресейдің жер көлемі қалай кеңейтілді?

G Ресейдің әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді неден көруге болады?

G Аласапыран дәуірдің басталу себебі неде? Б.Годунов елде жүргізген саясатының сипаты қандай болды?

G ХҮІІ ғасырда Ресейге қарсы шапқыншылық қалай басталды? Боярлар бүлігін қай елдің королі қолдады? Лжедмитрийлер кімдер еді?

G Ресйдің саяси билігі кімдердің қолында болды?

G К.Минин мен Д.Пожарскийдің шет ел басқыншылығына қарсы күресі туралы айтып беріңдер.

G Романовтардың таққа отыруы қашан басталды? Романовтар әулеті Ресейді қанша жыл биледі?

G ХҮІІ ғасырдағы орыс мәдениеті қалай дамыды, қандай ерекшеліктері болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 45.

Наши рекомендации