Тақырып.Дивидендтік саясатты басқару

Капиталдың құрылымы кәсіпкерлік қызметті атқару процесінде негізгі қаржылық есеп нысаны бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетілген. Баланстың бірінші бөлімі меншікті капитал, қның ішінде жарғылық қор.

Жарғылық капиталдың көрсеткіштері:

Жарияланған капитал

Төленген капитал

Резервтік капитал

Қосымша төленген капитал

Қосымша төленбеген капитал

Қосымша төленбеген капиталдың үш элементі бар:

Негізгі қорды қайта бағалаудан пайда болған қосымша төленбеген капитал;

Инвестицияны қайта бағалаудан пайда болған қосымша төленбеген капитал;

Басқа да активтерді қайта бағалаудан пайда болған қосымша төленбеген капитал;

6. Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян.

Пассив бөлімінің екінші бөлімі несиелер, қарыздар деп аталады.

Несиелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер

Қысқа мерзімді міндеттемелер

Мерзімі ұзартылған корпоративтік табыс салығы

Бюджетпен есеп айырысу, элементтері:

Корпоративтік табыс салығы

Қосылған құнға салынатын салық

Акциздер

Әлеуметтік салық

Жер салығы

Мүлік салығы

Көлік құралдарына салынатын салық және тағы басқалары.

Кепілдер және міндеттемелер

Жабдықтаушылармен есеп айырысу

Басқа да кредиторлық борыштар, элементтері:

Жалақы бойынша жұмысшылармен есеп айырысу

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу.

Басқару есебінде немесе қаржы менеджментінде қорытынды көрсеткіштерді анықтау процесінде өзіндік құн калькуляциясын анықтауда екі әдіс қолданылады:

1. Шығындарды толығымен бөлу арқылы өзіндік құн калькуляциясын анықтау;

2. Өзгермелі шығындарды есепке алу бойынша өзіндік құн калькуляциясын анықтау.

Бірінші әдісі бойынша барлық өндірістік шығындар өнімді өткізу және өнімнің қалдығы арасындағы айырмашылыққа байланысты сыртқы пайдаланушыларға кірістер және шығындар туралы есеп дайындау кезінде қолданылады.

Көрсеткіштері:

өнімді өткізуден түскен түсім

өткізілген өнімнің өзіндік құны (өндірістік шығындар)

жалпы табыс (1-2)

әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар (тұрақты немесе өзгермелі болуы мүмкін)

Операциялық пайда (3-4) Абзорпшен костинг.

Екінші әдіс бойынша өзгермелі шығындар негізгі өнімді өндіруге жұмсалған негізгі қор шығындары, ал тұрақты шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылады. Бұл есеп ішкі пайдаланушылар үшін жасалынады.

Бұл есептің көрсеткіштері:

өнімді өткізуден түскен түсім

өзгермелі өндірістік шығындар (материалдар, негізгі еңбек, өзгермелі өндірістік қосымша шығындар)

жалпы табыс (1-2)

өзгермелі әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар

маржиналдық табыс (3-4)

тұрақты шығындар ( тұрақты өндірістік шығындар, тұрақты әкімшілік және өнімді өткізумен байланысты шығындар)

операциялық пайда (5-6) Директ костинг.

Екінші әдіспен қорытынды көрсеткішті анықтау және оның ауытқулары:

― Егер өндірілген өнім әрбір есептік кезеңде өткізілетін болса, онда екі әдіс бойынша да операциялық пайда бірдей болады.

― Өндірілген өнімнің өткізілген өнімнен көп болуы, дайын өнімнің қалдығына әкеліп соғады. Бұл ретте абзорпшен костинг әдісі бойынша тұрақты өндірістік қосымша шығындардың бір бөлігі дайын өнімнің қалдығының өзіндік құнына қосылады. Директ костинг әдісі бойынша барлық тұрақты өндірістік шығындар кезең шығындарына жатқызылады. Сондықтан абзорпшен костинг әдісі бойынша операциялық пайда директ костинг әдісінен жоғары болады.

― Өткізілген өнімнің өндірілген өнімнен көп болуы дайын өнімнің азаюына әкеліп соғады. Бұл ретте абзорпшен костинг әдісі бойынша тұрақты өндірістік қосымша шығындардың бір бөлігі өткізілген өнімнің өзіндік құнына қосвлады, ал директ костинг әдісі бойынша олардың барлығы өткізу кезеңінде шығындарға қосылған. Сондықтан абзорпшен костинг әдісі бойынша операциялық пайда директ костинг әдісіне қарағанда төмен болады.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде компанияның нарықтық құнын активтердің құнымен бағаланады. Бұл ретте қазіргі қолданылып жүрген нормативтік актілерге байланысты компанияларды сату кезінде активтердің нарықтық құны салықтық есептегі активтердің құнынан біршама жоғары. Сондықтан да компанияларды сату кезінде өсім пайда болады. Ол өсімге корпоративтік табыс салығы салынады. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде компанияның құны мына формуламен анықталады:

V = D + S, мұндағы

D ― қарыз қаражаттың нарықтық бағасы;

S ― акционерлік капиталдың нарықтық бағасы.

Акционерлік капиталдың нарықтық бағасы:

S = салықтан кейінгі ТТ (% дейін) / Ks = (EBIT─ КдD) (1─ КТС ставкасы) / Ks

Ks― акцияларды талап етілген табыстылығы

P0 = DPS / Ks = EPS / Ks , мұндағы

P0 ― акциялардың құны

DPS― бір акция үшін дивиденд

EPS― бір акцияның пайдасы.

Дивидендтік саясат инвесторлардың немесе капитал иелерінің қалауы бойынша дивидендтер немесе капитал өсімділігінен табыс алуға байланысты жүргізіледі. І жүзінде дивидендтік саясатты жүргізген кезінде үш теория қолданылады:

1. Теория иррелевантности дивидендтов. Дивидендтер және капитал өсімділігі табыстың айырмашылығына байланысты теория. Бұл теорияны Мадельяни және Миллер ұсынды. Мадельяни және Миллер позициясы өзінің теориясын бекіту кезінде төмндегі принциптерді қолданған:

Дивидендтер немесе капитал өсімділігі табысын анықтау кезінде салық ауыртпашылығын ескермеген;

Акция шығару немесе трансакция процесіндегі шығындарды ескермеу;

Дивидендтер және капитал өсімділік табысының айырмашылығының жоқтығы;

Инвестициялық саясат дивидендтік саясатынан тәуелсіз;

Инвесторлар және менеджерлер әрбір инвестицияның болашақтағы жағдайын анықтада бірдей ақпаратты қолданады.

2. Синица в руках теориясы. Бұл теорияны Гордон және Литнер қарастырған. Бұл теория бойынша көптеген инвесторлар және акционерлер әр есепті кезең сайын алуды қалайды. Өйткені капитал иелері капитал бойынша алынатын табыстың тәуекелдерін төмендету жағдайында алынған капитал өсімін немесе есептегі кезеңдегі дивидендтерін басқа салаларға салуды қарастырады. Капитал иелері өзінің капиталын әр түрлі салаларға бағыттау процесңнде капитал бойынша тәуекелділікті төмендетеді, капиталын жоғалтпау мүмкіншілігін жоғарлатады.

3. Теория налоговой дифференциации. Бұл теорияны Литценбергер және Рамасвали ұсынды. Бұл теория инвестициялардың дивидендті немесе капитал өсімінен табысты қалауы кезінде салықтық тиімділікке байланысты жүргізіледі. Осы теория бойынша халықаралық деңгейде дивидендтерге салынатын салықтың ставкасы 15%, ал капитал өсімділігіне салынатын салықтың ставкасы 30% мөлшерінде қарастырылады. Бұл теорияны ұсынушылар әр түрлі экономикалық жағдайда капитал иелері немесе акционерлер салық ауыртпашылығына байланысты дивидендтерден немесе капитал өсімділігінен алынатын табысты таңдауға мүмкіншіліктері бар.

Наши рекомендации