Компанияның менеджерлер командасы ... Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін

Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу.

Көп фирмалар іс әрекеттің негізгі мақсаты ретінде өсу мақсатын алға қояды (табыстың өсуі, нарық меншігінің өсуі, сатылым көлемінің өсуі) Өсу мақсатының іске асуы – екі стратегиялық айнымалылардың - нарық және тауар дың арақатынасына байланысты болып табылады. Өнім – нарық атты матрица алғашқы рет американдық ғалым Игорь Ансоффпен ұсынылған болатын. Осы матрица аумағында стратегияның 4 түрі анықталды. Ансоффтың матрицасы екі осьтен туратын квадрат болып келеді:

  Бар өнім Жаңа өнім
Қазіргі бар нарық Нарыққа кіру стратегиясы Өнімді дамыту стратегиясы
Жаңа нарық Нарықты кеңейту стратегиясы Диверсификация стратегиясы

Матрицаның горизонтальды осі – компания өнімі, қазіргі кезде бар өнім және жаңа өнім деп бөлінеді.

Матрицаның вертикалды осі – компания нарығы, қазіргі бар нарық, жаңа нарық болып бөлінеді.

1) Ену стратегиясы – интенсивті өсу стратегиясы - Бар тауарлар мен нарық арқасында жүзеге асады, нарық даму үстінде бірақ әлі аяғына дейн дами қоймағанда қолданылады. Фирма маркетингтік шаралар (жарнамалар қарқынының дамуы, жеке сауданың әр алуан түрін қолдану) арқасында сату көлемін үлкейтуді көздейді. Жаңа сатып алушылардың пайда болуы немесе тауарды жиі сатып алынуы осындай интенсивті стратегияның нәтижесі болуы мүмкін. Бұл стратегияның мақсаты - бірыңғай өткізу нарығын құруға мұмкіндік беретін бағаны орнату болып табылады. Өндіріс құны мен өндіріс көлемінің арасында кері байланыс болған жағдайда ғана бұл стратегия жүзеге аса алады.

Бұл ендіру стратегиясы өнімнің нарықта ұзақ уақыт сақталуына тікелей әсер етеді және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Шетелдік мамандардың зертеуі бойынша кәсіпорындардың осы стратегияны дайындауға аса мән бермегені үшін 80% жағдайда нарықта тауар жеңіліс табады (нарықтан тауар жойылады).

2) Нарықты дамыту стратегиясы немесе интеграциялық өсу стратегиясы – бұл стратегияда фирманы ұлғайту кеңейту үшін оған жаңа құрылымдар қосады. Екі негізгі түрі бар:

· Регрессивті стратегия интеграциясы – жеткізушілерге деген бақылауды қолдану мен күшейту арқасында фирманы улкейтуге бағытталған стратегия.

· Прогрессивті интеграция стратегиясы – тарату жүйесіне деген бақылауды енггізу мен күшейту арқылы өсуді қалыптастыру

Азіргі ұйымдардағы жоспарлауды және...

Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады: Жалпы мақсатты ойластыру; Белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;

Оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

Жоспарлы көрcеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.

Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы. Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.

Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын.

Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.

Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.

Наши рекомендации