Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен принциптерi

Халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғау Азаматтық қорғаныстың бiрiншi кезектегi мiндетi болып табылады және осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде нұқсанды азайту мүдделерi үшiн халықтың iс-қимыл жасауының оңтайлы тәсiлдерiн ғылыми тұрғыдан анықтау және аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн дер кезiнде дайындау негiзiнде жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi:

1) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзiрлiкте ұстау;

2) Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға ұдайы әзiрлiкте ұстау;

3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшiлерiн даярлау және халықты оқыту;

4) радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

5) Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларын жұмылдыруға әзiрлiктi қамтамасыз ету;

6) шаруашылық жүргiзу салалары мен объектiлерiнiң жұмыс iстеу тұрақтылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзу;

7) қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

8) халыққа, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнген қатер және орын алып отырған жағдайда iс-қимыл жасау тәртiбi туралы хабарлау;

9) iздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу, зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн және оларды қауiптi аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

10) азық-түлiктi, су көздерiн, тамақ шикiзаттарын, жемшөптi, мал және өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) уланудан, мал және өсiмдiк iндеттерiнен қорғау.

Азаматтық қорғанысты жүзеге асыру барысындағы жергілікті атқару органдары, ұйымдарының функциялары:

· Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;

· Шаруаылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;

· Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;

· Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайын дықта ұстау;

· Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;

· Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;

· Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техно гендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;

· Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;

· Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;

· Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың,

катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;

· Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін

бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі және олардың зардаптары;

· Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және

қажет күш-құралдар санын анықтайды;

· Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік

қызметкерлерге және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;

· АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда

іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;

· Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және

ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;

· Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды дұрыс бағамдай білуі,

бейбіт мезгілде АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім қабылдау білуі, бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

3. «2009-2011 жылдары Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауларды және Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен күштерін дайындаудың 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 214 бұйрығы;

4. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы;

5. «Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттік жүйесі туралы» Қазақстан Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 қаулысы;

6. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және осы саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1154 қаулысы;

7. «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігіне төнген қатер және техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2003 жылғы 15 қаңтардағы №1 хаттамалық шешімі;

8. "Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралар және дүлей зiлзаланың салдарын барынша азайту жөнiндегi орталық және жергілiктi атқарушы органдардың мiндеттерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27-28 мамырдағы мәжiлiсiнiң N 14 хаттамалық шешiмі.

9. Әлібеков, Е. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі [Текст] : монография / Е. Әлібеков, С. Малғозин. - Алматы : Қазақстан, 1979. - 136 б. - Б. ц.

Осымша

Өрт, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк және
Азаматтық қорғаныс саласындағы
жеке кәсiпкерлiк аясында тәуекелдер
дәрежесiн бағалау критерийлерiне
қосымша

Наши рекомендации