Материалдық теңдік әдісі
Материалдық теңдік сұйықтықтардың шығуына байланысты игеру барысында қысымның өзгеруімен байланысы, қабат ішіндегі сұйықтықтардың және газдардың физикалық өзгерістерін зерттеуіне негізделген. Қабаттағы газ, мұнай және сулардың орналасуындағы көрсетілген өзгерістер және осылармен байланысты газ және мұнайдың физикалық жағдайларының өзгерістері материалдық баланс әдісімен мұнай қорын есептейтін формуулаларында есепке алады.
Бұл әдіспен мұнай қорын есептегенде изобар картасын құрастырады. Осы карта бойынша кеніш алаңы бойынша орта салмақты қабаттық қысымдарды есептеуге болады. Бұл қабат қысымына байланысты мөлшерді анықтауға нәтижелі.
Материалдық теңдік әдісімен мұнай қорын есептеу үшін келесі мөлгерлер анықталуы керек:
1. Есептеу мезгіліндегі мұнайдың жинақтық қоры.
2. Игеру басталған мезгілдегі орташа қабаттық қысымы және есептеу күніндегі орташа қабаттық қысымы және оларға сәйкес 1м3 қабаттық мұнайда ерітілген газ көлемінің саны.
Бұл мөлшерлер тереңдік үлгілерінің лабораториялық мәліметтері аз болмаса, мұнай ішінде газ араласқан әдебиеттердегі өзгерісін көрсететін сызбалар бойынша анықталады.
Орташа газдылы ықпал (rρ)
rρ = [m3/m3]
4. Игеру басталған мезгіллегі және есептеу күніне сәйкес қабаттық мұнайдың көлемдік коэффициенттері
5. Игеру басталған мезгілдегі және есептеу күніне сәйкес қабаттық газдың көлемдік коэффициенттері
6. Қабаттық мұнайдың екі фазалық көлемдік коэффициенті
B = b+(rn – r)
7. Қабат ішіндегі газдылы бөлінетін көлемінің мұнайлы бөлігіне қатысты үлесі
8. Қабат ішіне енген су келесі формула бойынша табылады
W = F*h*KK*KM*0.8
9. Су өнімі игерудің бастаған мерзімінен бастап анықталады. Динамикалық коэффициенттер (r, r0, b0, b, d, l0) құрастырылған изобар картасы бойынша есептелген орташа қабатты қысымдар үшін анықталады.
10. Қабат ішіне енген су стандарттық жағдайдағы (ω) – өндірілген су.
Кеніштің жұмыс тәртібіне байланысты мұнай қорын есептеу келесі берілген теңдеулердің біреуімен саналады.
1) ерітілген газ тәртібі үшін
Qб=
2)су арынды аралас тәртібі үшін
Qб=
3) алғашқы газ бөркімдесі бар аралас тәртібі үшін
Qб=
Көлемдік әдіс
Болашақта құрылымдар бойынша көлемдік әдісімен қорлардың бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:
Q = F·h·m·fm·γ
Q- болжау қорлары,m;
F - мұнайгаздылы алаң, м2.
һ – тиімді мұнай қаныққан өалыңдық, м;
m– кеуектілік коэффициенті;
fm– мұнай қанығу коэффициенті;
γ – қабат жағдайындағы мұнай тығыздығы.
Барлық шамалары көрші зерттелген мұнайлы кенорындарының мәліметтеріне сәйкес алынады. Басқа кенорындардың өнімділігі белгіленген мұнай-газды алаптардың беткейлері бойынша осы қорлар олардың құрылымдарына қатынасты болашақты қорлары осы формуламен есептеледі, бағалау алаңында жағдайлы геологиялық және геофизикалық мәліметтері негізден. Әрбір өнімде кешендер және әрбір құрылымдар бойывнша қорларын есептеп, одан кейін барлық зерттейтін аумақ бойынша бәрін қосады.
Көлемдік әдістің бір түрі зерттелген кенорны бойынша табылған меншікті қорлардың мөлшерімен көрсету келесі формула бойынша есептеледі:
q = Q/FH
q – 1 га өнімді алаңның мұнайдың (т) меншікті қоры және 1 м тиімді мұнай қаныққан қалыңдығы;
Q – кенорынның барлық беткейлерінің қоспа қоры;
F – бір беткейдің орташа өнімді алаңы.
F = Σf/n
f – әрбір бөлек өнімді беткейлердің алаңы, га;
n – беткейлер саны.
Қор келесі формуламен есептеледі:
Q = F1H1q.
F1– орташа болжау өнімді алаңы, га;
H1– барлық өнімді беткейлердің мұнай қаныққан қалыңдығы, м.