Меншікке салынатын салықтар: жер салығы
1. Жер салығына жалпы сипаттама және оның төлеушілері
2. Жер салығы бойынша жеңілдіктер
3. Жер салығы бойынша салық ставкалары
4. Жер салығын есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі
1с.ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.
Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.
Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді.
Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.
Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
2) елді мекен жерлері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
5) орман қорының жерлері;
6) су қорының жерлері;
7) запастағы жерлер.
Жердің мынадай сипаттары:
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
- Орман қорының жерлері;
- Су қорының жерлері;
- Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
Бонитет балы-топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
Жер салығын есептеуге негіз болып:
1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері табылады.
Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады.
Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:
- Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;
- Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;
- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері;
- Жалға берілген үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Салықты есептеу келесі формуланы қолдану жолымен шығарылады:
Жер салығы=Жер учаскесінің ауданы (S)* Жер ауданының бір бірлігінің ставкасы (CT)
2с. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:
- бірыңғай жер салығын төлеушілер;
- мемлекеттік мекемелер;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі; 18 жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
- діни бірлестіктер.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары мен діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентін қолданады:
1) Балалардың сауықтыру мекемелері;
2) Коммерциялық емес ұйымдар;
3) Қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту, және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
4) Балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
5) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу -өндірістік кәсіпорындары;
Осы жер салығын төлеушілер жер учаскесін не оның бір бөлігін жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру не коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэфицентті қолданбай, жалпы белгіленген тәртіппен есептейді.
3с. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады:
1.Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Кесте 1. Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтар жерлеріне салық ставкасы
Бонитет балы | Базалық ставкалары (теңге) |
1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 100-ден жоғары | 0,48 – 2,41 2,89 – 4,82 5,31 – 9,65 14,47 – 24,12 28,95 – 38,60 43,42 – 53,07 57,90 – 82,02 86,85 – 110,97 115,80 – 144,75 149,57 – 193,00 202,65 |
2. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы-шалғындық-далалық таулы альпілік және субальпіліктопырақты таулы аймақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Кесте 2. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы жерлерге салынатын салық ставкасы
Бонитет балы | Базалық ставкалары (теңге) |
1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 100-ден жоғары | 0,48 – 0,96 1,45 – 4,82 5,31 – 9,65 10,13 – 14,47 14,96 – 19,30 19,78 – 24,12 24,61 – 30,07 30,69 – 36,15 36,71 – 42,17 42,18 – 48,25 50,18 |
Мысалы, жалпы көлемі 300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер «Кеңгір-Агро» ӨК тиесілі. Топырақтың орташа бонитет балы – 10 балл. ӨК жері Талап ауылында орналасқан. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 288 теңгені (300 га х 0,96 теңге\га) құрайды.
Мұндағы, 300 – жер учаскесінің алаңы, га;
0,96 – 10 бонитет балы кезінде а\ш мақсатындағы жерге жер салығының базалық ставкасы.