Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы

1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салық салу ерекшеліктері

2. Жеке тұлғалардың мүліктеріне салық салу

3. Мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі

1с. Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.

Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.

Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:

- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);

- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).

Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше:

Кесте 1.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері

Көрсеткіштер Қысқаша сипаттама
Төлеушілері Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер, концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер.
Мүлік салығы төлеушілері қатарына жатпайтындар - өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер; - мемлекеттік мекемелер; - уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; - діни бірлестіктер
Салық объектісі Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы: 1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар; 2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады.
Салық ставкалары 1. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1,5% ; 2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін салық салу объектісінің орташа жылдық құнына 0,5%; Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша заңды тұлғалар, ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%.Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1,5%.
Салық төлеу мерзімі Салық кезеңіндегі 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары
Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы - student2.ru

Сурет 1. Мүлік салығы салынбайтын объектілер

Концессия – мемлекеттік меншіктің объектілерін концессия шарты бойынша жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иелену мен қолдануға беру, сондай-ақ, концессионердің қаражатынан жаңа объектілерді салу (құрылыс) құқығын немесе мұндай объектілердің мемлекетке концессионерге иелену құқығын беру.

2с.Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:

1. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметін өту кезеңінде;

2. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.

3. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.

4. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.

5. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.

6. 18 жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар.

Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:

- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері - қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.

Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалған салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:

Қ =Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұндағы:

Қ – салық салу мақсаты үшін мүліктің құны,

Қ б – тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталған құрылыс объектілерінің бір шаршы метрінің базалық құны,

S – тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталған құрылыс объектілерінің бір шаршы метрімен пайдалы ауданы,

К таб – табиғи тозу коэффициенті,

К функц – функционалдық тозу коэффициенті,

К айм – аймақтау коэффициенті,

К аек. өзг – айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті.

Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталған құрылыс объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны (Қб) елді мекеннің түріне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:

Кесте 2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталған құрылыс объектісінің теңгемен көрсетілген бір шаршы метрінің базалық құны

Рет № Елді мекен түрі Базалық құны, теңгемен
  1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. Қалалар: Алматы Астана Ақтау Ақтөбе Атырау Қарағанды Қызылорда Көкшетау Қостанай Павлодар Петропавл Талдықорған Тараз Орал Өскемен Шымкент Облыстық маңызы бар қалалар Аудандық маңызы бар қалалар Кенттер Селолар (ауылдар)  

Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:

Қ - салық салу мақсаты үшін құн,

Қ б – 1 кестеде белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғынжайдың салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтік) құрылыстары, шығыңқы ірге қабаттары, жертөлелері бойынша -25 процент, гараж бойынша - 15 процент,

S - тұрғынжайдың салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтік) құрылыстарының, шығыңқы ірге қабаттарының, жертөлелерінің, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,

К таб - табиғи тозу коэффициенті

К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіш өзгерісінің коэффициенті,

К айм - аймақтау коэффициенті.

Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозу коэффициенті амортизация нормаларын және тиімді уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:

К таб = 1 - М таб, мұнда:

М таб - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы.

Табиғи тозумына формула бойынша айқындалады:

М таб = (Т баз - Т п.б) х Наморт/100, мұнда:

Т баз - салық есептелген жыл,

Т п.б - объектінің пайдалануға берілген жылы,

Н аморт - амортизация нормасы.

Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:

Кесте 3. Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде қолданылатын амортизация нормалары

Рет № Күрделік тобы Ғимараттың сипаттамасы Н аморт % Қызмет ету мерзімі (жыл)
1. Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар; 0,7
2. Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темір-бетонды, бетонды немесе ағаш; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар 0.8
3. Қабырғалары жеңілдетіліп қаланған кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, жеңілдетіліп монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар 1,0
4. Қабырғалары аралас, кесілген ағаштан немесе бедерлі кірпіштен қаланған ғимараттар 2,0
5. Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар 3,3
6. Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар 6,6

Егер тастан қаланған немесе тасымалы панелді тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның ішінде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициенті қолданылады.

Тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің сапасына қойылатын талаптарды ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мына формула бойынша есептеледі:

К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:

К қаб - тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін есепке алу коэффициенті,

К бұр - тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелерінде орналасуын есепке алу коэффициенті,

К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициенті,

К жайл - тұрғынжайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін есепке алу коэффициенті,

К жылу - жылыту түрін есепке алу коэффициенті.

Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:

Кесте 4. Қабаттылықтың түзету коэффициенті

Рет № Қабат К қабат
1. Бірінші 0,95
2. Аралық немесе жеке тұрғын үй 1,00
3. Соңғы 0,9

Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

Тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:

Кесте 5. Құрылыстың бұрыштағы учаскелеріндегі орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттері

Рет № Тұрғынжайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектісінің құрылыстың бұрыштағы учаскесінде орналасуы К бұр
1. Бұрыштағы пәтер 0,95
2. Бұрышта орналаспаған пєтер немесе жеке тұрғын үй 1,0

Қабырға материалына байланысты мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:

Кесте 6. Қабырға материалына байланысты түзету коэффициенті

Рет № Қабырға материалы Коэффициент
1. Кірпіштен 1,1
2. Керамзит бетон блоктардан құралған 1,0
3. Керамзит бетон блоктардан құралған, кірпішпен қапталған 1,05
4. Темірбетон панелден 1,0
5. Кiрпiшпен қапталған темірбетон панелден 1,05
6. Балшықтан - саманнан 0,5
7. Саманнан, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған 0,6
8. Монолитты шлакты-бетонды 0,7
9. Темірбетон блоктардан 1,0
10. Жиналмалы-қалқанды 0,6
11. Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған 0,75
12. Кесiлген ағаштан 0,85
13. Шпалдан 0,75
14. Шпалдан, кiрпiшпен қапталған 0,95
Қамыс қаңқалы 0,6

Тұрғынжайды, саяжай құрылыстары немесе аяқталмаған құрылыс объектісін барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.

Адамдардың тұруы (тұрмыстық), келуі үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде, 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.

Жылыту түріне байланысты мынадай жылытудың түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:

Кесте 7. Жылытудың түзету коэффициенттері

Рет № Жылыту түрі К жылу
1. Орталықтан жылыту 1,0
2. Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту 0,98
3. Қатты отын арқылы сумен жергiлiктi жылыту 0,95
4. Пешпен жылыту 0,9

Салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын есепке алатын аймақтау коэффициентін (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды.

Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеру коэффициентi (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

К аек. өзг = ағ. ж. аек/өткен ж. аек, мұнда:

ағ. ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш;

өткен ж. аек - Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және өткен қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектісінің құнына байланысты келесі ставкалар бойынша есептеледі.

Кесте 8. Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары

Салық ставкалары Есептеу тәртібі
2 млн теңгеге дейін қоса алғанда салық салу объектілері құнының 0,05%;
2 млн теңгеден жоғары- 4 млн теңгеге дейін қоса алғанда 1000 теңге + 2 млн теңгеден асатын сомадан 0,08%;
4 млн теңгеден жоғары- 6 млн теңгеге дейін қоса алғанда 2600 теңге + 4 млн теңгеден асатын сомадан 0,1%;
6 млн теңгеден жоғары- 8 млн теңгеге дейін қоса алғанда 4600 теңге + 6 млн теңгеден асатын сомадан 0,15%;
8 млн теңгеден жоғары- 10 млн теңгеге дейін қоса алғанда 7600 теңге + 8 млн теңгеден асатын сомадан 0,2%;
10 млн теңгеден жоғары- 12 млн теңгеге дейін қоса алғанда 11600 теңге + 10 млн теңгеден асатын сомадан 0,25%;
12 млн теңгеден жоғары- 14 млн теңгеге дейін қоса алғанда 16600 теңге + 12 млн теңгеден асатын сомадан 0,3%;
14 млн теңгеден жоғары- 16 млн теңгеге дейін қоса алғанда 22600 теңге + 14 млн теңгеден асатын сомадан 0,35%;
16 млн теңгеден жоғары- 18 млн теңгеге дейін қоса алғанда 29600 теңге + 16 млн теңгеден асатын сомадан 0,4%;
18 млн теңгеден жоғары- 20 млн теңгеге дейін қоса алғанда 37600 теңге + 18 млн теңгеден асатын сомадан 0,45%;
20 млн теңгеден жоғары – 75 млн. теңгеге дейін қоса алғанда 46600 теңге + 20 млн теңгеден асатын сомадан 0,5%.
75 млн теңгеден жоғары – 100 млн. теңгеге дейін қоса алғанда 321600 теңге + 75 млн теңгеден асатын сомадан 0,6%.
100 млн теңгеден жоғары – 150 млн. теңгеге дейін қоса алғанда 471600 теңге + 100 млн теңгеден асатын соманың 0,65%
150 млн теңгеден жоғары – 350 млн. теңгеге дейін қоса алғанда 796600 теңге + 150 млн теңгеден асатын соманың 0,7%
350 млн теңгеден жоғары – 450 млн. теңгеге дейін қоса алғанда 2 196 600 теңге + 350 млн теңгеден асатын соманың 0,75%
450 млн теңгеден жоғары 2 946 600 теңге + 450 млн теңгеден асатын соманың 2%

Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.

Сонымен, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне салық жылжымайтын мүлік құны мен белгіленген ставкалар негізінде салық органдарымен анықталады.

3с. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұл ретте салық салу объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.

Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.

Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібін төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 9. Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі

Салық салу объектілері Есептеу тәртібі
Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін олардың осы мүліктегі үлесіне барабар (пропорционалды)
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек есептеледі
Жаңадан салынған (құрылған) салық салу объектілері бойынша Салық олардың салынған жылынан кейінгі салық жылынан бастап есептеледі
Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде Осы фактілерді растайтын құжаттар болған жағдайда салық сомасы қайта есептеледі
Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде Осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептейді
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары ауысқан (берілген) жағдайда Мүлікке меншік құқықтарын жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі

Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.

Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады. Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 10,5% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,07% (2,5x10,5%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық 1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x 0,07%) x 15 күн) құрайды.

Наши рекомендации