Тақырып. инновациялық жобаларды басқару
1. Инновациялық жобалардың мәні
2. Инновациялық жобалардың түрлері
3. Инновациялық жобаларды басқару мәні мен принциптері
1. Инновациялық жобалардың мәні
Өндіріс саласын инвестициялау жобадан басталады. Жоба – бұл белгілі бір шараның (оқиғаның) ойы, ойдың сипаттамасы және оны жүзеге асыру жоспары. «Инновациялық жоба» түсінігіне келесідей анықтамалар беруге болады:
1) инновациялық қызметті мақсатты басқару нысаны;
2) инновацияны жүзеге асыру процесі;
3) құжаттар жинағы.
Инновациялық жоба – бұл өзара байланысқан мақсаттар және оны жүзеге асыру бағдарламалары, ол ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, өндірістік, ұйымдастырушылық, қаржылық, коммерциялық және басқа да шаралардың кешені түрінде жасалған жобалық құжат.
Инновациялық жобаның негізгі элементтеріне келесілер жатады (3.3.1-сурет):
Ø жобаның негізгі бағытын көрсететін, мақсаттар мен міндеттердің құрылуы;
Ø қойылған мақсаттарды жүзеге асыру және инновациялық мәселелерді шешу бойынша жобалық шаралар кешені;
Ø жоба шараларын орындауды ұйымдастыру;
Ø жобаның негізгі көрсеткіштері, оның ішінде тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
3.3.1- сурет. Инновациялық жобаның негізгі элементтері
Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін инновациялық жобаларды қалыптастыру келесідей міндеттерді қамтамасыз етеді:
ü ғылыми-техникалық дамудың нақты міндеттерін (мақсаттарын) шешуге бағытталған кешенді, жүйелі ұстанымдар;
ü ғылыми-техникалық дамудың мақсаттарының сандық нақтылығы және инновацияны басқаруда соңғы мақсаттарды және жоба нәтижесін қатаң көрсету;
ü инновацияны жасау, игеру, өндіру және тұтыну процестерін үздіксіз басқару;
ü жоба мақсаттарын ең тиімді жүзеге асыру жолдарын таңдау;
ü инновациялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті, ресурстардың тепе-теңдігі;
ü жоба бойынша күрделі жұмыс кешенін тиімді басқару және мекмелер арасындағы үйлестік.
2. Инновациялық жобалардың түрлері
Ғылыми-техникалық дамудың алуан түрлі мақсаттар мен міндеттеріне байланысты, инновациялық жобалардың түрлері көп. Бірақ олардың жалпы қабылданған топтамасы жоқ. Инновациялық жобаларды мынадай белгілері бойынша топтастыруға болады: жобаны жүзеге асыру кезеңі, жоба мақсаттарының сипаты, қанағаттандырылатын қажеттіліктің түрі, инновация типі және шешімдер қабылдау деңгейі.
Жобаны жүзеге асыруға және оның мақсаттарына жетуге жұмсалған уақытқа байланысты, инновациялық жобалар ұзақ мерзімді (стратегиялық), орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жоба мақсаттарының сипаты бойынша соңғы, яғни тұтас инновациялық міндеттерді шешу мақсаттарын көрсететін, және де аралық, күрделі мәселелерді шешуде аралық нәтижелерге жетумен байланысты.
Жобаның қанағаттандырылатын қажеттілік түрлері бойынша бар қажеттілікке немесе жаңасын жасауға бағытталған болады.
Инновация типі бойынша инновациялық жобалардың топтамасы келесідей жобаларға бөлінеді:
1) жаңа немесе жетілдірілген өнімді еңгізу бойынша;
2) жаңа немесе жетілдірілген өндіріс әдісін еңгізу бойынша;
3) жаңа нарықты ашу бойынша;
4) шикізат немесе жартылай фабрикаттарды жабдықтайтын жаңа көздерді игеру бойынша;
5) басқару құрылымын қайта ұйымдасытру бойынша.
Инновациялық жобалармен қабылданған шешімдер деңгейі бойынша: мемлекет аралық, президенттік, аймақтық, салалық және жеке кәсіпорындар болып бөлінеді.
Жоғарыда айтылған белгілерге сәйкес инновациялық жобалардың топтамасы 3.3.2-суретте көрсетілген.
| |||
3.3.2- сурет. Инновациялық жобаларды топтастыру
3. Инновациялық жобаларды басқару мәні мен принциптері
Инновацялық жобаларды басқаруды функциялар жүйесі ретінде, басқару шешімдерін қабылдау процесі және ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Инновациялық жобаларды басқару – бұл инновациялық ойларды жүзеге асыруға бағытталған мақсатты, ұйымдастыру құрылымын анықтау, шараларды жоспарлау және оның орындалуын бақылаумен байланысты басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру процесі.
Инновациялық жобаларды басқару екі кезеңнен тұрады: 1) инновациялық жобаны дайындау; 2) инновациялық жобаны жүзеге асыруды басқару. Бірінші кезеңде жобаның мақсаты мен күтілетін соңғы нәтижесі анықталады, жобаның болашақтағы нәтижесі мен бәсеке қабілеттілігіне баға беріледі, жобаның шаралар кешені мен міндеттер құрамы құрылады, жобаны жоспарлау және оны дайындау жүзеге асырылады. Бұл кезеңде ең маңыздысы жүзеге асырылатын жобаны бағалау болып табылады. Екінші кезеңде басқарудың ұйымдастырушылық нысандары таңдау, нәтижелерге жету бойынша болып жатқан жедел жағдайлардың өлшемдер, болжамдар және бағалау міндеттері шешу, уақыт, ресурс және қаржы шығындары, дайындалған жоспардан ауытқу себептерін жою және талдау, жоспарға түзету еңгізу жүзеге асырылады.
Инновациялық жобалады басқару ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген принциптер жиынтығына негізделуі қажет. Негізгі принциптерге жататындар:
· сұрыпталған басқару принципі. Бұл принциптың мәні ғылым мен техниканың дамуының приоритетті бағыттары бойынша жобаларды және кешенді жобалардың инноватор-авторларын қолдау;
· соңғы нәтижені қамтамасыз етуге жобалардың мақсатты бағытталу принципі. Бұл принцип инновацияға деген қажеттілік пен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы өзара байланысты көрсетеді;
· жобаларды басқару циклінің толықтылық принципі. Басқару процесінің толық циклы, қажеттілікті анықтаудан бастап алынған нәтижелерді тапсыруды басқаруға дейінгі шешімдердің барлық жиынтығын көрсетеді;
· инновациялық процестер және жобаларды басқару процестерінің қезеңділік принципі. Бұл принцип жобаларды жасау және жүзеге асырудың әр кезеңдерінің толық циклін көрсетеді;
· инновациялық процестерді басқару және ұйымдастырудың иерархия принципі. Осы принципке сай инновациялық процестер белгілі иерархия деңгейіне сәйкес нақтыланған дәрежеде болу мүмкін. Қызметтің барлық деңгейлері бір-бірімен келсілген, төмеңгі деңгей жоғарғы деңгейге бағынады, ал жоғарғы деңгейдегі процесс жағдайы (қабылданатын шешімдер, мақсаттар, аралық және соңғы нәтиже) оның төмеңгі деңгейінің жағдайын анықтауда міндетті болып табылады.
· басқару шешімдерін дайындау кезінде көп нұсқалық принципі. Инновациялық процестер басқару процесінде ескеру қажет белгісіз факторлар ықпалымен жүзеге асады. Белгісіздік деңгейін төмендету үшін жобаның соңғы мақсаттар құрамын, оларды жүзеге асырудың баламалы тәсілдерін, жұмысты қамтамасыз ететін кешенділік нұсқасы, орындаушылардың әртүрлі құрамын қоса, жұмысты орындау ұзақтығы мен құны, материалдық-техникалық ресурстар және орындаушыларды ынталандыру жағдайын таңдау туралы баламалы шешімдерді дайындауда көп нұсқалыққа өту қажет.
· жүйелік принципі, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті, шаралар жиынтығын (ұйымдастырушы-экономикалық, заңдамалық, әкімшілік, технологиялық және т.б.) дайындаудан тұрады.
· кешенділік принципі, шағын мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, жоба құрылымының жеке өзара байланысқан элементтері жобаның бас мақсатымен сәйкес жүзеге асырылып, дайындалуы қажет.
· қамтамасыздық принципі, жобада қарастырылған оны жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық, ақпараттық, материалдық және еңбектік ресурстармен қамтамасыз етілетін барлық шаралардан тұрады.