Тақарып. Өндірістік бағдарламаларды қалыптастыру
1. Кәсіпорынды дамыту стратегиясы және өндірістік бағдарламаларды қалыптастыру
2. Өнім номенклатурасы және өндіріс көлемін натуралдық түрде жоспарлау
1. Кәсіпорынды дамыту стратегиясы және өндірістік бағдарламаларды қалыптастыру.
Әрбір кәсіпорын өзінің болашақтағы қызметін жоспарлайды және өндіретін өнімдерінің қаншалықты сұранысқа ие болып отырғанына қарап өнім өндіруді ары қарай дамытудың ерекшеліктерін айқындайды. Сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуын, өнім сапасы мен қызмет көрсетулерді жақсарту, жұмысшылардың жеке табыстарының өсіп отыруын қадағалап жоспарлайды.
Жоспардың негізін өнімді тұтынатын тұтынушылармен (сатып алушылар) жасалған келісімшарт, материалды-техникалық жабдықтармен жабдықтаушылар арасында жасалған келісімшарттар құрайды. Тұтынушылар ретінде ауылшаруашылығының түрлі салалары бойынша жұыс істейтін кәсіпорындарды, материалды-техникалық жабықтармен жабдықтаушы мекемелерді, сауда-саттық кәсіорындарын, шетел фирмаларын қарастыруымызға болады.
Қажеттіліктердің көптүрлілігі, оларды қанағаттандыра алу мүмкіндіктерін кәсіпорындар арасында келісімшарт жасалғанда анықтауға болады. Мұнда ұсынылатын өнім ассортименті, өндіріске жіберілетін өнімнің ерекше қасиеттері белгіленеді. Осыған байланысты өнім түрі қаншалықты жаңарып отыратыны және оның сапасының қай деңгейде артып отыратыны ескеріліп өнім бағасы белгіленеді. Жабдықтаушы өзінің өндірісіне қажетті шикізат көздерін, қажетті материалдарды, жабдықтарды, қажетті өнім көлемін өндіріп шығаратын мамандарды табудың мүмкін болатын жолдарын қарастырады.
Өндірістік бағдарламаны құру әрқашанда жоспарланатын өнімнің құрылымын қарастырумен тығыз байланысты, ал еңбек сиымдылығы өндіріс қуаты мен сондай-ақ еңбек ресурстарымен материалды-техникалық қамтамасыздандырумен, жартылай фабрикаттарды дайындаумен байланысты.
Өнімді айналымға жіберу жоспары негізінде тауарлы өнімдерді(ТӨ) өндіру жоспары қарастырылады. Өнімді айналымға жіберу жоспары кәсіпорынның табысын анықтайтын және де кәсіпорын шығындарын жабатын негізгі қор (база) болып табылады. Өндірістің айналым көлемінің есебін қоймада қалып қойған тауар қалдықтарын есепке ала отырып өнімнің әрбір түрі бойынша есептейді.
Жоспардың бастапқы кезеңінде тауар күйінде тиелген бірақ тұтынушы тарапынан әлі төленбеген (Қ’) қоймадағы дайын өнімнің қалдығы (Қ) күтілетін қалдықтар ретінде қарастырылады. Олар есеп жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде анықталады, яғни фактылы қалдықтардың нормативтен ауытқу кезеңінде және олардың айналым жоспарында болжанған және өзгеріске ұшыраған жоспардың басынан есеп жұмыстары жүргізілетін кезеңге дейінгі барлық қалдықтар есептеледі.
Жоспар кезеңінің соңында тиелген (Қ’) және қоймадағы дайын өнімдердің қалдықтары (Қ) қоймадағы өнім қалдықтарының бір күнгі нормативімен, ал тиелген тауарлар бойынша құжаттардың нормативті уақыты негізінде өнім өндірушінің шотына қажетті өнім құралдары түскенге дейін банкіге есеп жұмысы көрсетілгеннен бастап анықталады.
Қоймадағы дайын өнімдердің және де тиелген тауарлардың (Zk) нормативтік қоры тиеуге дейінгі (Тот) өнімді дайындау уақытының ұзақтығымен, өнімнің дайындалу құны (Nбірл) мен құжаттарды кәсіпорынның есепшотына төлем түсімдері түскенше банкке инкассоға өткізу:
Zk = Тот*Nбірл+Тр* Nбірл = Тк+Т’k
Нормативтік мерзім (Тр) банкте сатушы мен сатып алушы арасындағы құжаттардың рәсімделу уақытымен (төрт күнге жуық ), акцепт уақытымен (үш күнге жуық), құжаттардың екі реттік рәсімделуімен белгіленеді.
Жоспарлау кезеңі бойынша өнімнің тиелу көлемі (ТК) мен айналым көлемін (ӨА) мына формула арқылы анықтауға болады:
ТК=ТӨ+Қн-Қк; ӨА=ТК+ Т’k- Қк;
Кәсіпорынды материалдық ресурстармен қамтамасыздандыру
Өндіріс кәсіпорындарына материалдық ресурстар тауарлар мен қызмет көрсету нарығынан алынады. Бұл үшін нарық конъюктурасын, потенциалды жабдықтаушылардың мүмкіндіктерін зерттеп, баға қозғалысы туралы ақпараттармен хабардар болып отыру керек. Өндіріске қажетті ресурстар өнім өндірушілерден, көтерме сауда орындарынан, аукциондар мен материалдық-техникалық ресурстардың көтерме сауда орындарынан, жәрмеңкелерден, сондай-ақ өзге де делдал мекемелерден алынады. Мұндай делдалдық мекемелер ретінде тауарлы биржаларды алуымызға болады. Тауарлы биржалар әлемнің алпауыт қалаларында қызмет етеді.
Кәсіпорынды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету жоспары мыналарды қарастырады:
· материалдық ресурстарға жалпы қажеттілігін анықтау;
· материал қорының көлемін анықтау;
· жыл соңында қалатын материал қалдықтарының болжамдық есебі;
· материалдық ресурстардың көлемін белгілеу.
Кәсіпорынды материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету жоспарының бастапқы мәліметтері болып: өндірістік бағдарлама, материалдар номенклатурасы, шығындар нормасы, жоспарлы-есептелген бағалар, қоймада қалған өнім қалдықтары туралы мәліметтер табылады.
Бағдарламаға қажетті негізгі материалдарға қажеттілік (Рн) n номенклатурасын есепке ала отырып бағдарлама бойынша өнім көлемін материал шығындары (Hi) нормаларына көбейту арқылы анықтайды:
Кәсіпорынның техникалық дайындығын қамтамасыз етуде және кәсіпорынға техникалық қызмет көрсетуге қажетті негізгі және көмекші материалдарды (Р’) бағдарламаларды негізгі немесе көмекші материалдарға (Hj) көбейту арқылы анықтаймыз:
Өндірістік фирмаларда және компанияларда өндірістік қорларды басқару келесі функцияларды қарастырады: мекемелер тұтынатын материалдардың барлық номенклатурасы бойынша қорлардың нормаларын дайындау, қорларды қоймаға дұрыс орналастыру, қоймадағы қорлардың дұрыс жағдайда сақталуын, олардың деңгейін бақылайтын оперативтік бақылауды ұйымдастыру.
Бұл функциялардың ішіндегі ең ауқымдысы қорларды нормалау. Өндірістік қорлардың нормасы (Zн) мына формула бойынша табылады:
Zн = Zr + Zстр + Zпод ,
Ағымдық қор кәсіпорынды материалдармен жабдықтау үшін қажетті материалдардың әрбір түрі бойынша құрылады және жабдықтаудың максималды көлеміменкелесі жабдықтауға дейінгі минималды көрсеткіштермен құрылады.
Оның өлшемі жабдықтаудың орташа интервалы көлемімен және материалдардың ортатәуліктік шығындарымен анықталады:
Zt = tср х Wсут / 2
Сақтандыру қорлары ағымдағы қорларға белгілі бір пропорциямен есептеледі:
,
мұндағы, tфі-1-ші жабдықтаудың фактілік интервалы; Ві-1-ші жабдықтаудағы келіп түскен материалдардың көлемі; і-қарастырылып отырған материалдардың реттік номері; m-материалдарды жеткізу саны.
Қорлардың есептік нормалары абсолютті, салыстырмалы бірліктермен беріледі. Өлшембірліктердің бір материалдан басқаларына көшіп отыруы мына формула бойынша анықтал ады:
Za = Zo x Wсут ; Zo = Za / Wсут ; Zc = Za x Б,
Мұндағы, Za , Zс – натуралды құн өлшеміндегі абсолютті қорлар; Zo – қорлардың салыстырмалы нормасы; Б–материалды өлшеу құнының бағасы.
Өндірістік цехтарды, бөлімшелерді жабдықтауда жоспарлы тапсырмаларды белгілеу үшін әр цехқа қажетті материалдардың максималды көлемі негізінде лимитті жүйе қолданылады. Лимитті (Л) есептеу мына формуламен жүргізіледі:
Л = Рц Рн + Нц – Оесеп ,
Рц –цехтың материалдарды қажетсінуі;
Рн – цехтың материалдарды бітпеген кәсіпорынды өзгерту үшін қажетсінуі;
Нц – материал түріндегі цехтық қорлардың нормалары;
Оесеп –цехтағы материалдардың күтілетін қалдығы.
Өндірістік бағдарламаларды дайындау кәсіпорынның сату көлемінен түскен табыспен нарықты зерттеу арқылы анықталады :
2. Натуралды мәндегі өндіріс көлемі мен өнім номенклатурасын жоспарлау
Өндірістік бағдарлама натуралды, шартты-натуралды ,еңбек көрсеткіштері
Өнім номенклатурасы – шығаруға дайын өнімдердің реті.
Өнім ассортименті – өнімдердің көптүрлілігі. Бірыңғай өнімдерді өнім көлемінің санына бөлдік.
Тауарлы өнім – бұл өнім ақшаға айналдыру үшін емес, айналым жүйесін қалыптастыруға арналған
· дайын өнімдердің құны
· кәсіпорынның өз ішінде жартылай фабрикаттарға белгіленген баға
· стандартты емес жабдықтар
· өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетулер.
Валдық өнім – белгілі бір кезең ішіндегі кәсіпорынның бар нәтижелерінің жалпы құны.
Валдық өнім зауыттық әдіс бойынша екі тәсіл көмегімен орындалады:
1) ВӨ= Во-валдық айналым
2) Тауарлы өнімнің жалпы сомасы
ВӨ= ТП + (Нн - Нк),
Мұндағы, Нб және Нс – берілген кезеңдегі материал қалдықтарының құны;
Нк = Nтәул х Қ х Тц х Кд немесе Нс = (Қтө / 90) х Тц х Кд ,
Nтәул – натуралды мәндегі тәуліктік шығарылатын өнім;
Қ - өнім бірлігінің өзіндік құны, тг;
Тц- өндірістік циклдың ұзақтығы;
Кд - аяқталмаған өндірістің дайындық коэффициенті;
ӨҚтө - төртінші кварталға тауарлы өнімнің өзіндік құны,тг;
Айналымдағы өнім тауарды тұтынушыларға жеткізуге бағытталған құн ретінде анықталады.
Жоспар бойынша айналымдағы өнім (АӨ) көлемі мына формуламен анықталады:
АӨ=ТӨ+Қн-Қк
мұндағы, ТӨ тауарлы өнімнің жоспар бойынша көлемі;
Қн, Қк – жоспарлы кезеңнің басы мен аяғындағы айналымға түспеген өнім қалдығы.
Жыл басындағы айналымға түспеген өнім қалдықтары құрамына:
· қоймадағы дайын өнім, оның ішінде тиелген тауарлар, банкке өткізілмеген құжаттар;
· төлем мерзімі жетпеген тиелген тауарлар;
· сатып алушы тарапынан мерзімінде төленбеген тиелген тауарлар;
· сатып алушының жауапкершілігіне берілген сақтаулы тауарлар.
Бухгалтерлік есепте тиелген және тапсырыс берушіге мерзімінде тапсырылған өнім көрсетіледі, осы сәттегі айналым жабдықтаушының сатып алушы тарапынан жабдықтаушының жеке есепшотына келіп түскен ақша қаражаттары болып табылады. Кәсіпорын есепке алу саясатының кез келген бір нұсқасын таңдай алады: сату құнының түрлілігі бойынша пайданы анықтай алады және тиелген тауарлардың өзіндік құнын немесе тапсырыс беруші тауар құнын төлегеннен кейін пайданы анықтай алады. Кәсіпорын ағымдағы жыл ішінде есепке алу саясатын өзгертуге құқы жоқ.