Негізгі сұрақтар. 1.Өндірістік қауіпсіздіктер жəне сəтсіз оқиғалар.2.Сəтсіз оқиғаларды тізімдеу жəне тексеру.3 Зиянды

1.Өндірістік қауіпсіздіктер жəне сəтсіз оқиғалар.2.Сəтсіз оқиғаларды тізімдеу жəне тексеру.3 Зиянды заттар. Зиянды заттардың сипаты жəне пайда болу көзі.4 Зиянды заттардың адам ағзасына əсері.

Дəріс конспектісі. Қазіргі геологиялық барлау техникасын жəне қауіпсіздік шараларын сақтау – оңтайлы пайдалану өндірісті апатсыз, жарақатсыз геологиялық барлау жұмыстармен қамтамасыз етудің кепілі. Бірақ бекітілген технологиялық жұмыстардан ауытқу, өндірістік құрал-18

жабдықтардың эксплуатациялық режимдерін бұзу қауіпті жəне зиянды өндірісреисторларының пайда болуына əкеледі. Ал бұл факторлар нақты жағдайларда адамдардың жарақаттануына жəне денсаулықтарының кенеттен бұзылуына жағдай жасайды. Зиянды өндірістік фактор – бұл өндіріс ортасының факторы, яғни оның əсері адамдардың жұмысқа қабілеттілігі төмендуі мен ауруға шалдығуына себеп болады. Табиғатына байланысты барлық зиянды жəне қауіпті факторлар физикалық, химиялық, биологиялық жəне психофизикалық класстарға бөлінеді. Өндірістегі қауіпсіздік талаптарын бұзғанда жұмысшыларының алған жарақаты - өндірістік жарақат деп аталады.

Қауіпті жағдайларды өндірісте өндірістегі емес қауіпті жағдайлар жəне тұрмыстық қауіпті жағдайлар деп бөледі.Өндірістік емес қауіпті жағдайларға:- жұмысқа барар жолда немесе қайтар жолда орын алған жағдайлар;- бос уақытта əкімшіліктің нұсқауының ұйымының мүддесін орындаунегіздегі орын алған жағдайлар;- жұмыстан бос кезде мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді жəнеодақтық партиялық ұйымдардың мəселелерін шешкенде, бұл міндеттер ментапсырыстар негізгі жұмыспен байланысты болмағанда.

Тұрмыстық қайғылы оқиғаларға үй жұмысын орындағанда, тұрмыстықэлектр-қондырғыларын пайдаланғанда, жер сілкінісінде, селдерде, тасқын су, қар көшкінінің болатын стихиялық опат жағдайлары жатады. Ауырлық дəрежесі жағынан қайғылы жағдайлар жеңіл, ауыр жəне өліммен аяқталатын болып бөлінеді.Жұмыс уақытысында (бекітілген үзілістерді қосқанда), өндіріс құралдарын,киімін қалыпқа келтіруге өажет уақыт ішінде, жұмыс аяғы мен басында,сонымен қатар мерзімнен тыс уақытында, демалыс жəне мейрам күндері жұмысты орындағанда болатын қайғылы жағдай тексерілуге тиісті. Комиссия 24 сағат ішінде қайғылы жағдайдың себебін жəне жағдайына тексеріс жасап, төрт экземплярда акт құрастырып, кəсіпорын бастығынабекітуге беру керек.

Жарақатты талдау. Қайғылы жағдайды алдын алу үшін, еңбек жағдайынжақсарту үшін өндірістік жарақатқа талдау жасаудың маңызы зор. Өндірісте алған жарақаттың себебін талдауға бірінші ең маңызды этап – қайғылы оқиға болған орында оқиғаның себебін жəне жағдай жан жақты тексеру. Жарақатты талдауға келесі этап – кəсіпорын, ұйым жəне министрлік бойынша жарақат материалдарын талдап қорыту.Жарақаттану талдауын кварталдағы, 1 жылдағы, бес жылдықтағыжұмыс нəтижелері бойынша жүргізеді. Жарақатты талдаудың келесі əдістері қолданылады: техникалық, топографиялық, монографиялық, статистикалық жəне топты. Геологиялық барлау ұйымдарында алынған жарақатты талдау кезінде, қайғылы жағдайларды – жұмыс түрі, материалды фактор, мамандығы, жарақат алған адамның жасы мен стажы бойынша, қайғылы жағдайлардың болған орны, уақыты жəне күрделілігі, ұйымдық себеп бойынша бөледі.

Ұйымдастырушылық себептер – бұл жұмыс процесін дұрыс ұйымдастырмау, атқарушыларға қауіпсіз жұмыс əдістерін толық үйретпеу, жұмыс технологиясын бұзу, техникалық басқару жағынан бақылаудың əлсіз болуы, жұмысшылардың қорғау əдістерімен нашар қамтамасыз болуы, қауіпсіздік техникасының ережесін бұзу жəне т.б.

Техникалық себептерге – техникада жəне техникалық өндірістегі себептер жатады. Бұларға қондырғыда, құралда, бақылау-өлшегіш құралдарда, шектеулерде конструкцияларының жетіспеушілігі, жетілмеген технология, сонымен қатар қажет құралдармен механизмдердің болмауынан, адамдарды қауіпті зонада болуын талап ететін технология жəне т.б.

Санитарлы-гигиеналық жағдайлар, ауаның ластануы, жеткіліксіз жарықтану, шу, вибрация, жеке гигиенаны бұзу жатады. Объективті-табиғи себептерге стихиялық апаттар (жер сілкінісі, тасқын су, сел, найзағай жəне т.б.) жатады, жəне де ол ұйымға немесе өндіріс технологиясына емес.

Наши рекомендации