Леуметтік әріптестік органдары

Әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдары:

1) республикалық деңгейде — әлеуметтік әріп­тестік пен әлеуметтік және еңбек қатынас­тарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрі — республикалық комис­сия);

2) салалық деңгейде — әлеуметтік әріп­тестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрі — салалық комиссия);

3) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде — әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрі — өңірлік комиссия) арқылы тарап­тардың өзара іс-қимыл жасасуы нысанында;

4) ұйымдар деңгейінде — қызметкерлердің өкілдері мен жұмыс берушінің арасында еңбек саласындағы өзара нақты міндеттемелерді бел­гілейтін келісімдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етіледі, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттері халықаралық шарттардың (келісімдердің) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде қам­тамасыз етеді.

Леуметтік әріптестік нысандары

Әлеуметтік әріптестік:

ұжымдық шарттардың, келісімдердің жоба­ларын әзірлеу және оларды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер;

еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қыз­меткерлердің еңбек саласындағы құқықта­рының кепілдіктерін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара консуль­тациялар (келіссөздер);

қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкіл­дерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.

Леуметтік әріптестік тараптары

Тиісті атқарушы органдар атынан мемлекет, белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген өз өкіл­дері атынан қызметкерлер мен жұмыс беру­шілер әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады.

Леуметтік әріптестікті республикалық деңгейде ұйымдастыру

1. Республикалық комиссия тиісті шешім­дермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптес­тік тараптарының мүдделерін келісуді қамта­масыз ететін тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.

3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың жар­тысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

4. Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестік­терінің республикалық одағының (қауымдас­тығы­ның), шағын кәсіпкерлік жөніндегі респуб­ликалық бірлестіктің, жеке кәсіпкерлік субъек­тілерінің республикалық салалық бірлестікте­рінің өкілдері жұмыс берушілердің республи­калық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкілдік ету олардың құрамына кіретін респуб­ликалық қоғамдық бірлестіктердің санына қарай пропорциялық негізде жүзеге асырылады.

Леуметтік әріптестікті салалық деңгейде ұйымдастыру

1. Салалық комиссия тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестердің мүдделерін келісуді қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Осы Кодекстің мақсаттары үшін салалар тізбесін республикалық комиссия белгілейді.

2. Тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкіл­дері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық бөлім­шелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар сала­лық кәсіптік одақтар қызметкерлердің салалық бір­лестіктерінің өкілетті өкілдері болып табылады.

4. Салалық ұйымдардың өкілдері жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері болып табылады.

Наши рекомендации