Кәсіпкерлік қызметті талдау

Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері: активтердің айналымдылығы (салу көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100 пайыз) кәсіпорынның тауарлары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды; негізгі капиталдың айналымдылығы (сату кҰлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардық қолданылу тиімділігін көрсетеді; айналым қаражатарының айналым коэффиценті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс-әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді; материалдық-өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі/материалдық-өндірістік запастар), материалдық-өндірістік запастардың жылдық айналым санын көрсетеді.

Өтімділік көрсеткіштері:

- Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер/ ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.

- Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсальюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.

- Жабу коэффициенті “ағымды активтер/ ағымды міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасы береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.

- Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияқты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен еесптелінеді, есептауден - өндіріс запастары алынып тасталады.

- Абсалюттік өтімділік коэффиценті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттермелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.

- Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы – ұзақ мерзімді жоспарлардағы оның іс-әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.

Көрсеткіштері:

-Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталы / активтер). Кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.

-Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер / меншік капиталы) – меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффицент. Бұл көрсеткіштің динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландыруға қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін төмендесе немесе 100 пайыз), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.

- Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым қаражаттары/ меншіктік капитал).

- Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық іс-әрекеттерді қаржыландыруға жұмсалатынын көрсетеді.

- ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ мерзімді міндеттемелер/негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер). Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни ксіпорын иелеріне емес, сыртықы инвесторларға тиесілі.

- Меншіктік және тартылған қаражаттардың арақатынас коэффиценттері (тартылған капитал/меншіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның қаражылық тұрақтлығының жалпы бағаламасын көрсетеді. Оның 0,155-ке тең белгісі, кәсіпорынның активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1 теңгесіне 15,5тиын қарызды қаражаттар келетіндігін көрсетеді.

Кәсіпорынның іс-әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынастары жатады. Үлестік күрделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлары арқылы өзара салыстырылады. Бұл арада, жаңа техника мен технологияны қолдану мүмкіншіліктері, өндірістік объектілерді жобалау және конструкциялау кезінде, аса үнемді шешімдерді қолдану жолдары қарастырылады. Инвестициялық жобаларды салыстырып, олардың ішінен тиімділерін таңдап алуда мынадай көрсеткіштер пайдалану арқылы шешкен жөн:

- таза табыс (интегралдық әсер);

- табыстылық индексі (ТИ);

- табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН);

- инвестициялардың қайтарым мерзімі (ИҚМ);

- басқа да көрсеткіштер.

Инвестициялар варианттарының тиімділігін бағалағанда берілген көрсеткіштерді салыстыру уақытының құнына келтіру қажет, себебі, ақша түсімдері мен шығындарының көлемі әртүрлі уақыт аумақтарында әртүрлі болып келеді, мысалы: ертерек алынған табыстың құны, кейінірек алынған табыстың құнынан жоғарырақ болады.

Шығындар мен нәтижелердің көлемін келтіру, оларды дисконттау коэффициентіне (Кt) көбейту арқылы жүзеге асырылыды.

Тұрақты дисконт нормасы Е бойынша: ,

мұндағы: t – нәтижені алған мерзім мен салыстыру мерзімінің аралығындағы уақыт, жыл.

Дисконт нормасы Е – капиталдың табыстылық коэффициенті (табыс көлемі күрделі қаржыға бөлу). Бұл жағдайда, басқа инвесторлар өз қаражаттарын басқа да осы тектес жобаларға салуға әзер.

Таза дисконтталған табыс – барлық есеп айырысу кезеңіндегі ағымды әсерлердің жиынтығы ретінде анықталады, интегралдық нәтижелердің интегралдық шығындардың асып түсуімен мына формула:

мұндағы: Нt – есеп айырысудың t –уақытындағы нәтижелер; Шt – сол уақыттағы шығындар; Е – есеп айырысудың уақыт кезеңі.

Инвестициялардың табыстылық индексі (ТИ) келтірілген әсер жиынтығын инвестициялардың көлеміне бөлу арқылы анықталады.

мұндағы: К – инвестициялар көлемі;

Егер ТИ=1 немесе ТИ>1, онда таңдап алынған вариант тиімді, ал егер ТИ<1 – тиімсіз деп есептелінеді.

Таза дисконтталған табысқа қарағанда (ТДТ), табыстылық индексі (ТИ) салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Сондықтан да ТДТ – лары шамамен бірдей жобалардың ішінен біреуін таңдап алуда ол өте ыңғайлы және қолайлы.

Инвестициялар табыстылығының ішкі нормасы (ИТІН) – Е дисконтының, келтірілген әсердің көлемі мен келтірілген күрделі қаржылардың көлемінің тепе-теңдігін көрсететін нормасы. Есептелген табыстылық нормасының көлемі, инвестор талап ететін капиталға берілген табыс көлемімен салыстырылады. Егер ИТІН қажетті табыс нормасымен тепе-тең болса, не болмаса одан кұп болса, онда таңдап алынған вариант тиімді деп есептелінеді. Инвестициялардың қайтарым мерзімі (Тқай) – инвестициялық жобаны атқаруды бастаған уақытта ең аз мөлшердегі уақыт кезеңі, шектігінде интегралдық экономикалық әсер (ТДТ) пайдалы болып есептелінеді, яғни қайтарым мерзімі – инвестициялық жобаны іске асырудан батап алғашқы инвестициялық қаржылар мен басқа да инвестициялық жобаға кеткен шығындар, олардың жиынтық нәтижелері арқылы жабыла бастаған уақыт аралығы. Салыстырмалы варианттарды сапа жағынан талдағанда, әлеуметтік тиімділік факторларына көңіл аударылады.

Наши рекомендации