Туризмдегі кәсіперлік орта және кәсіпкерлік қызметті бизнес жоспарлау

. Бизнес - жоспарлау процесінің негізгісі – кәсіпкерлік жобаның бизнес - жоспарын және ұйымның даму бизнес-жоспары.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар бұрқыраған теңізден кемені еш шығынсыз алып шығатын кәсіпкердің қолындағы компас іспетті.

Ұйымның даму жоспарын дайындау кезінде кәсіпкер бизнес-жоспардың айтарлықтай ерекшеліктерін білуі тиіс.

– кәсіпкерлер өзінің ісін жоспарлау кезінде шаруашылық жүргізу ережелерінің өзгерістерін , экономиканың дамуының бірқалыпты болмайтынын ескеруі қажет.

– Кәсіпкерлікке сыртқы ортаның аса жоғары ықпалы, бизнес жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істерде аныталмаған жайттар көп кездесетінін ескеруді талап етеді.

– Бизнес-жоспар дайындау кезінде барлық сыртқы факторларды ескере отырып, бизнес-жоспардың бөлімдеріне сан жағынан (мөлшеріне) әсерін анықтау қажет.

– Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес-жоспардың сандық көрсеткіштерін, әріптестердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өздері есептеулері тиіс.

– Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдаудағы кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қасиеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағаламауы тиіс.

Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат.

Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме).Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

1) Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.

2) Тауар өткізу нарығы.Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

3) Өткізу нарығындағы бәсеке Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика, бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

4) Маркетингтік жоспар. Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

5) Өндірістік жоспар.Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

6) Ұйымдастырушылық жоспары. Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

7) Кәсіпкерліктегі тәуекелділік. Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.

8) Қаржылық жоспар. Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

9) ҚосымшаларҚосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.

Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру дегеніміз– жай және үдемелі өндірісті қаржыландыру шарттары мен формаларының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы. Қаржыландыру ұғымы ұйымның барлық салаларында ақша құралдарының пайда болуын көрсетеді.

“Қаржыландыру” түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты, қаржыландыру – ақшаның пайда болуы, ал инвестициялау – сол ақшаны пайдаға асыру, пайдалану. Олардың тығыз байланыстылығы сол, қаржы көзін анықтаудан бұрын, ол қайда жұмсалатынын алдын ала жоспарлау қажет.

Қаржыландыру көзін таңдауда төмендегідей негізгі 5 міндетті шешу керек:

  1. Қажетті капитал қысқа немесе ұзақ мерзімге керек пе, анықтау керек.
  2. Қолайлы қаржылық құрылымды анықтау үшін капитал активі құрамында болатын өзгерістерді анықтау керек.
  3. Тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз ету, яғни қаржылық тұрақтылық.
  4. Жеке меншік және қарызға алынған қаржыларды барынша пайда келтіретіндей пайдалану.
  5. Шаруашылық қызметті қаржылыандыру көлемін азайту.

Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы–таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:

– бағалы қағаздар эмиссиясы;

– банк несиелерін пайдалану;

– ұйымдармен несиелік келісім жасау;

– коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

– факторинг;

– лизинг;

– овердрафт;

– инвестициялық несие;

– форфейтинг және т.б.

Наши рекомендации