Медициналық қызмет

Медициналық қызмет — медицина мекемелері мен денсаулық сақтау органдары негізінде жасалатын қызмет түрі. Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Медициналық этикабұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.

«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

· Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.

· Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.

· Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

· Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

· Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

· Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

· Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

· Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

· Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

· Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;

· Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:

· өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;

· кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;

· Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;

· Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.

Тапсырмалар:

1. Медбикенің өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасы қандай болуы керектігі жөнінде баяндап беру.

2. «Емшаралар» сөзіне морфологиялық талдау жасап, осы сөзге синонимдік қатарды теріп жазу.

3. «Медициналық қызмет медициналық жасақтар мен мекемелердің санитариялық-гигиеналық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырып, жүргізуге үнемі дайын болуын, зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетуді, оларды емдеу мекемелері мен емделуге көшіруді, жасақтардың адам құрамының зақымданғандарын санитариялық тазартудан өткізуді ұйымдастыруды, халықты кешіру барысында және орналасқан жерлерінде, сондай-ақ кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге медициналық кызмет көрсету ісін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.» -бұл қай сөйлем түріне жатады?

Халық медицинасы

«Дертін берген Құдай шипасын да береді» дейді халық даналығы. Халық медицинасы ғасырлар бойы тәжірибе жинақтап, сырқатпен сырласып, дертке шипа іздеп келген ұлтымыздың асыл мұрасы екені белгілі.

Адамзаттың өткен ғасырлардағы өміріне зер салсақ, түрлі идеологиялар халық медицинасына тосқауыл болғанымен, оның жойылуына әсер ете алмады. Ұрпақтан-ұрпаққа алмасып жалғасын тапты. Тәуелсіздігімізді алғанан бергі уақытта кеңінен дамып, өз жемісін де бере бастады. Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды. Осындай сәтте халық медицинасының берері көп.

Біздің емдік суымыз барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізуге көмектеседі. Организмдегі зат алмасу процесін реттейді. Су организмнің инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Ағзаны зиянды микробтардан қорғайды. Қорғаныштық қызмет атқарады. Емдік суымыз өте көп ауруларға шипа. Сондай-ақ, қазіргі дамыған медицина жағынан өткізілген тексерулер нәтижесінде көптеген ауруға ем екендігі анықталды.

Қазіргі ғылыми дәрежеміз - теопсихоэнерготерапевт, халықаралық дәрежедегі емші. «Халық медицинасының республикалық ғылыми-практикалық орталығының» директоры, академик Шәкен қажы Шынтаев мырза менің бойымдағы қасиетті көріп: «Алла Тағала бүкіл қасиетті бір басыңызға үйіп-төгіп берген екен», - деп бағалаған еді. Бүгінгі күнде ол кісінің берген бағасы шынында да жан-жақты, тіпті адам баласы сенбейтіндей жаңалықтармен айғақталып, Республика көлемінде зерттеліп, тексеріліп, еліміздегі халық медицинасы саласындағы жаңалық деп таныла бастады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, қандай халық медицинасын білесің? Бүгінгі таңда бұл әдіс түрлері қолданылады ма?.

2. «Инфекция» сөзімен сөйлем құрау.

3. «Теопсихоэнерготерапевт» фонетикалық талдау жасау.

Наши рекомендации