Дипломдық жобаның бекітілген тақырыбын дәлелдеу
Кіріспе
Ғылыми – техникалық процестің өзекті бөлігі үйрек шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматтандыру.
Технологиялық процестерді автоматты жүйемен басқару, электр жетектерін басқару станцияларын және жұмыс істеп жатқан жүйелер жаңадан ойластырылған, жаңадан өндіріске ендірілген жүйелер сенімділігін арттыру технологиялық тәртіпті күшейтеді. Бұл үйрек етінің өзіндік құнын төмендетіп, кейбір учаскелерде еңбек шығынын төмендетеді.
Қазіргі заман үйрек қораларында оншақты электр қозғалтқыштар, басқару жүйелері әр уақыт жетілдіріліп, күрделеніп отырады. Қазіргі заманғы үйрек шаруашылығы өндірісінде жұмысшы технологиялық процестерді бақылап отыратын қызметті оператор атқарады.
2002 жылы «Мамет» шаруақожалығында үйрек шаруашылық өндірісі құрылды. Үйрек фабрикасы мынадай бағытта жұмыс істейді: үйрек етінің өндірісі.
Қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияны қолданып, үйрек қораларды толық автоматтандыру жолдарын қарастыру керек. Мұндай жолға жету үшін Республикамызда бар жабдықтарды пайдаланып, сонымен қатар алыс және бергі шетелдің технологиялық сұлбаларын енгізу қажет.
Желдету арқылы микроклиматты жақсарту үйректердің салмағының өсуін, жем қолданудың шығынын азайтудың ең оңтайлы шарттарын жасады.
Жылыту-желдету қондырғыларының міндеттері: қоражайда ауа температурасын тұрақты ұстау, ауаның салыстырмалы ылғалдығын мүмкіндік шекте сақтау, зиянды газдарды сыртқа шығару, сыртқы қоршамдардың ішкі беттерінде булардың конденсациялануынан сақтандыру. Ауаның жоғары дымқылдығы ылғалдың булануын тежейді, ауадағы пайдалы теріс зарядталған иондарды жоюдың негізгі себебі болады және қоражайдың температурасын төмендетеді.
Үйрек шаруашылығындағы технологиялық үрдістерді электрлендіру мен автоматтандыру өндірісінің өнімділігін жоғарылатады, төлдердің өлуін азайтады, үйрек азығының меншікті шығынын төмендетеді, эксплуатациялық шығындарды кемітеді, қызметкерлердің жұмыс істеу жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, үйрек шаруашылығын кең электрлендіру әлеуметтік өзгерістерге әкеледі де, ауылдық жерлерде халықтың еңбек етуіне.
Ауыл шаруашылығын оның ішінде үйрек шаруашылығын жоғары деңгейлі технологиямен жабдықтау, үйрекдардың еттілігін, сүттілігін, күтіп-баптау процестерін арттырады. Сала-аралық байланыстарға негізделген ауыл шаруашылығы өндірістік комплексінің индустриялизациялау және оның тиімділігін арттыру ауыл шаруашылығындағы диспропорцияны жоюға мүмкіндік береді, өнімді өндіру кезінде және өткізгенде оның көп шығындалуын жояды.
Қазіргі нарықтық экономика кезінде өндірісті ұйымдастыру және жобалау жұмыстарын жетілдіру кезек күттірмейтін басты мәселелер.
Дипломдық жобаның бекітілген тақырыбын дәлелдеу
Бекітілген тақырып бойынша дәлелдеу жоба жасау үшін төмендегідей жоспар құрамыз.
Жобаланатын объекті – Алматы обылысы, Қарасай ауданындағы «Мамет» шаруақожалығының үйрек қорасы. Бұл үйрек қора – үйрек етін өндіруге, сондай-ақ үйректің балапандарын өсіруге және халықты үйрек етімен қамтамсыз ету мақсатымен мамандандырылған болуы керек. Үйрек қорасында ет өндіруге арналған 3 үйрек қора, оның біреуі инкубатория мен балапандарға арналған қора. Осындай сұраныстарды қамтуда төмендегідей сұрақтарды қарастырамыз:
– үйректерді ұстау технологиясы;
– жылыту және желдету жүйелерін есептеу;
– үйрек қорасын жарықтандыру торабын есептеу;
– транспортерлардың электр жетегін таңдау;
– күштік және электр торабын жобалау;
– желдеткіш қондырғыларын басқаруды автоматтандыру;
– трансформаторлық қосалқы станцияның қуатын есептеп таңдай және әуе желісінің сымының көлденең қимасын есептеу;
– еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шараларын ойластыру:
– жобаның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.
Дипломдық жобада қаралатын арнайы сұрақ, үйрек қорадағы микроклимат жүйесін автоматтандыруды жобалау, микроклимат көрсеткіштерін реттеу. Реттелген микроклиматтың арқасында қорадағы үйректердің бір тәуліктік өсуі 4,5% - пайызды құрайды. Ал электр энергиясын сатылап реттеумен салыстырғандағы үнем – 20% пайызды құрайды. Нәтижесінде үйрек қора микроклимат жүйесін қамтамасыз ету үшін “Климат - 4” қондырғысын таңдап аламыз.