Тележурналистиканың аудиториясы қалай аталады?
А.Көрермендер;
Ә.Тыңдармандар;
Б. Оқырмандар;
В. Тыңдаушылар;
Г. Оқушылар.
13. Тележурналистикадағы аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілін ата:
А. Психологиялық байланыс;
Ә. Телебайланыс;
Б. Бейнелі байланыс;
В. Кері байланыс;
Г.Әлеуметтік байланыс.
14. Телеэкрандағы бір жалт еткен көрініс:
А. План;
Ә. Кадр;
Б.Ракурс;
В.Монтаж;
Г. Субтитр.
15. Телеэкраннан көрсетілетін нәрсенің масштабы:
А. Кадр;
Ә. План;
Б. Ракурс;
В.Субтитр;
Г.Көрініс.
16. Нысан мен камераның бұрыш ерекшелігінен болатын құбылыс:
А. Монтаж;
Ә. Кадр;
Б.Ракурс;
В. План;
Г.Дыбыс эффектісі
17. Телеэфирден берілетін хабардың немесе бағдарламаның уақыт аясындағы ұзақтығы:
А.Метр;
Ә.Сағат ;
Б.Секунд;
В.Минут;
Г.Хронометраж.
18. Тележурналистикадағы тілдесу мен жүздесуді бір мезгілде жүзеге асыратын пішін қалай аталады?:
А.телекөпір;
Ә.ток-шоу ;
Б. Кері байланыс;
В.Телеүндесу;
Г. Телеакция.
Телевизиядағы адамзат игілігіне қызмет ететін эфирлік материалдар қайда сақталады?
А. Мұрағатта;
Ә.Фонотекада;
Б. Алтын қорда;
В. Мұражайда;
Г.Журналистің жеке қорында.
20. Телеарнаның бастамасымен жүзеге асатын бұқаралық іс-шараларды ата:
А.Телекөпір, теледебат;
Ә.Телеақпарат, телерепортаж;
Б.Телехикая, теледебат;
В. Телеайтыс, телеакция;
Г.Телемарафон, телеакция.
Авторлық бағдарлама үшін қандай аудитория таңдалып алынады?
А. Жалпы көрермен;
Ә. Жастар аудиториясы ;
Б.Көпшілік қауым;
В.Бұқаралық аудитория;
Г.Мақсаттық аудитория.
Телеаудиторияның ауқымын көрсететін қандай өлшем?
А.Рейтингтік көрсеткіш ;
Ә. Телекөрермендерден келіп түскен хаттардың жиынтық саны ;
Б. Телекөрермендердің талап-тілегі мен талғамы;
В. Телекөрермендердің жас мөлшері;
Г. Теледидарды тұтынушылар саны.
23. Тележурналист имиджін айқындайтын қисындарды ата:
А.Бет-бейне, дауыс ырғағы, мінез-құлық;
Ә.Табиғи болмыс, кәсіби шеберлік, шығармашылық қабілет;
Б. Жазу стилі, сөйлеу мәнері, өзіндік образы;
В.Психологиялық образ, лингвистикалық образ;
Г.Кескін-келбет, мінез-құлық.
24. Тележурналистің жетекші ролін айқындайтын пішінді ата:
А. Телерейд;
Ә. Телекөпір;
Б. Теледебат;
В. Телеайтыс;
Г.Авторлық бағдарлама.
25. Тележурналистиканың тікелей эфиріне тән жанрды ата:
А. Телерейд;
Ә. Телекөпір;
Б.Теледебат;
В.Телеайтыс;
Г.Телерепортаж.
БАҚ жүйесінің бір бөлігі, бейнелі-дыбыстық ақпаратты ұсынып миллиондаған көрерменді кез-келген оқиғаның куәгері ететін синтетикалық өнер саласы, ғылым тармағы
А.Газет
Ә. Теледидар
Б.Радио
В.Кино
Г.Театр
27. Тележурналистикаға тән психологиялық ерекшеліктерді ата:
А. Бейнелілігі
Ә. Шектен тыс әсерлілігі
Б.Тілдесу мен жүздесуді бір мезгілде жүзеге асыра алатындығы
В. Бейнелі-дыбыстық деректі сақтай алатындығы
Г. Эстетикалық қуатының күштілігі.
Тележурналистиканың уақыт пен кеңістік тұрғысындағы алшақтықты жоя алатын мүмкіндігін көрсететін ерекшелігі қайсы?
А. Болып жатқан оқиғаның сол сәтте экраннан көрінуі, тікелей эфир
Ә. Адамзатты әйгілі ететіндігі
Б.Актуальдылығы
В.Ауқымдылығы
Г. Дәйектілігі
Тележурналистиканың адамзаттың рухани игілігіне айналған ерекшелігі қайсы?
А. Өміршеңдігі
Ә. Эстетикалық қуатының күштілігі
Б.дәйектілігі
В.Бейнелілігі
Г. Шектен тыс әсерлілігі
Теледидардың қоғаммен байланысын көрсететін ерекшелігі қайсы?
А. Ауқымдылығы
Ә. Актуальдылығы
Б.Дәйектілігі
В.Аудиовиртуальды сипаты
Г.Әйгілі ететіндігі
31.Теледидар режиссерінің хабар барысында пайдаланатын жұмыс сценарийі.
А. Режиссерлық сценарий
Ә. Әдеби сценарий
Б. Мәтін
В.Акт
Г. Сценарлық жоба
Теледидардағы тілдесу мен жүздесуді бір мезгілде жүзеге асыратын пішін.
А. Ток-шоу
Ә. Телесюжет
Б.Телекөпір
В. Телешолу
Г. Телеайтыс
Теледидардың өміршеңдігін танытатын артықшылығы қайсы?
А. Бейнелі-дыбыстық деректі сақтай алатындығы
Ә. Адам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналып кететіндігі+
Б. Бейнелі-дыбыстық деректі сақтай алатындығында
В. Уақыт пен кеңістікті қамтудағы шексіздігі
Г. Эстетикалық қуатының күштілігі
Теледидар режиссерінің тікелей эфирдегі хабар барысында пайдаланатын жұмыс сценарийі.
А. Әдеби сценарий
Ә. Экспликация
Б.Мәлімдеме
В.Акт
Г.Сценарлық жоба