Электронды есептеуіш машиналары
Ерте кезден бастап ақ адам баласы есептеулерді оңайту үшін өзіне көмекщі әр түрлі құрылғылар құрастырған .Біздің эрамызға дейінгі 5 ғасырдың өзінде ақ гректер мен мысырлықтар абақты – орыс есеп шотына ұқсас құрылғаны пайдаланған.
17 ғасырдың 40 жылдары адамзат тарихында ең ірі ғалымдардың бірі –математик , физик, философ және дін зертеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғы ойлап тапты және жасап шығарды.
Сандарды қосып қана қоймай , оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны 17 ғасырдың аяғында екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильглем Лейбниц ойлап шығарды . Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған.
Есептеулерге арналған құрылғыларымен қатар берілген программа бойынша овтоматы түрде жұмыс істейтін механизімдерде (музикалық автоматтар , шарманкалар, дабыл қағатын сағаттар және т.б.) дамыды. Мысалы ,шарманкаға әр қалай орналасқан таяқшалары бар дискілер орнатылған таяқшалардың орналасуына байланысты қандайда бір әуен орындалатын . Жаккартың тоқу станогнда матаға түсетін өрнек жіңішке кортон карталардағы (перфокарталарға ) тесіктердің көмегімен берілетін. Өрнекті ауыстыру үшін перфокартадағы тесіктерді басқаша тесіп шығу жеткілікті болатын.
Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарлз Беббидждың (19 ғасыр ортасы) есімімен байланысты.Лейбництің механикалық арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре отырып,Беббидждың өзі «аналитикалық» деп аталған машинаның жобасын жасап шығарды.Бұл жоба іске асырылған жоқ,алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша Беббидждың машинасы алғашқы ЭЕМ – нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокаторларға жазылған программаға сәйкес орындалатын.Программада арифметикалық амалдардың бір тобын автоматты түрде қайталау, сонымен қатар амалдар тобын қайсыбір шарт сақталғанда ғана орындау мүмкін болатын.Беббидж машинасына байланысты программалаушы мамандығы пайда болды.Дүние жүзінің алғашқы программалаушысы ақын Дж. Байронның қызы Ада Лавлейс болды.Ада Лавлейс жазған программалары қайсыбір сандық функциялардың мәндерін есептеуге арналды.
20 ғасырдың 30 – жылдарының аяғында Американдақ Дж. Атаносов (шыққан тегі болгар) пен К. Берри ЭЕМ жасап шығарды,онда электронды құрылғы,оларға қоса біраз механикалық бөліктер болды.Бұл машина әлдеде де болса әмбебап емес еді,алайда оның пайдалану салалары механикалық арифмометрмен салыстырғанда әлдеқайда кең болды.1942 жылы Атанасов-Берри ЭЕМ-інің жетілдірілген моделі жасалды,ол ең алдымен сызықтық теңдеулер жүйесін (30-ға дейін белгісіз бар 30 теңдеуден тұратын) шешуге арналады.
40 жылдардың аяғына дейін бұлардан қуаттырақ және жетілдірілген біраз басқаша машиналар жасалды.1946 жылы 3 американдық ғалымның Дж. фон Нейман, Г.Голдстайн, А.Бернстың – ғылыми мақаласында әмбебап ЭЕМ құрастырудың негізгі принциптері баяндалған,онда өңделетін мәліметтерді сақтауға және есептеу программасын сақтауға ортақ бір ғана зерде пайдаланылатын.Осы принциптер іске асырылған алғашқы машина – EDSAC ЭЕМ-1949 ж.Англияда Кембридж (онда бір кездері Беббидж оқыған) университетінде М.В. Уилкстың бсқаруымен жасалды.Бір жылдан соң АҚШ-та әмбебап EDVAC ЭЕМ жасалды.
Біздің еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушы Сергей Алексеевич Лебедев болды.Оның басқаруымен алғашқы отандық ЭЕМ-дер жасалды: 1951 ж. Киевте – МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) және 1952 жылы Москвада – БЭСМ (Быстродействующая Электронная Счетная Машина).БЭСМ – мен бір уақытта дерлік М-2 және «стрела» ЭЕМ-дері жасалды.
50-жылдардың ортасынан бастап есептеуіш техниканың күрт дамуы басталды.Қазір дүние жүзінде 50 миллионнан астам дербес компьютерлер, ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған, ойынға арналған,үй тұрмысындағы компьютерлер жұмыс істейді.Қоғамның даму деңгейі энергияны меңгеру шамасымен емес «информацияны меңгеру» шамасымен анықтала бастады: жұмыс істейтін бір адамға келетін ЭЕМ саны мен оның жұмыс өнімділігі, дүниежүзілік байланыс желілеріне қосылу мүмкіндігі және т.б.